Tor браузері туралы қызықты фактілер мен деректер

Tor браузері туралы қызықты фактілер мен деректер

Tor пайда болу тарихы

Tor жүйесінің дамуы 1995 жылы АҚШ-тың Әскери-теңіз зертханасының (NRL) «Жоғары өнімді есептеуіш жүйелер орталығында» басталды. Free Haven жобасы федералды тапсырыс бойынша DARPA-мен (американдық жобаларды зерттеу орталығы) бірге жұмыс істеді. Бастапқыда браузерде кодта біршама қателіктер болды және тегін лицензия бойынша жарияланды. 2000 жылдардың басында жоба «The Onion Routing» (Tor) деп атала бастады. 2002 жылдың қазан айында маршрутизаторлар желісі алғаш рет іске қосылды. 2003 жылдың аяғында АҚШ-та оннан астам және Германияда бір желілік тораптар болды.

Сонымен қатар жобаға Electronic Frontier Foundation құқық қорғау ұйымы 2004 жылы қаржылай көмек көрсетті. 2006 жылы Tor желісін дамыту үшін АҚШ-та коммерциялық емес Tor Project ұйымы құрылды. 2016 жылдың ақпан айындағы ақпарат бойынша браузер Антарктиданы қоспағанда, жердің барлық құрлықтарында 7000-нан астам желілік тораптарға ие, ал қолданушылардың саны боттармен қоса есептегенде 2 миллионнан асады.

Tor браузері пайда болу тарихы
https://ru.wikipedia.org/

Қолдану мақсаты

Браузердің басты мақсаты жеке тұлғалар құпиялылықты қорғай алу үшін және интернет цензураға, бұғатталған ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдаланылады. Браузердің жасырын қызметтері пайдаланушыларға өздерінің нақты орналасқан жері туралы мәліметтерді жарияламай-ақ, электронды БАҚ (әр түрлі сайттар) құруға мүмкіндік береді.Журналистер Торды ақпарат берушілермен және диссиденттермен сенімді қарым-қатынас жасау үшін пайдаланады. Мысалы, Тордың көмегімен Эдвард Сноуден PRISM жобасын The Washington Post және The Guardian газеттеріне жіберді. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметкерлерін іссапарлардағы дұрыс сайттарға қосу үшін Tor қызметін пайдаланады. Indymedia сияқты қоғамдық ұйымдар Tor ұйымына өз мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұсынады. EFF азаматтық белсенділері Тордың дамуын қолдайды. Өйткені олар оны Интернеттегі негізгі азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау тетігі ретінде қарастырады.

Жұмыс істеу принципі

Tor желісінің пайдаланушылары арнайы серверлерге қосылады және көп деңгейлі шифрлау жүйесін қолданылады. Браузер периодты түрде тізбектер жүйесін құрады. Жүйеге кіретін әрбір пакет кездейсоқ таңдалған үш түрлі прокси-серверлерден тұрады. Жіберу алдында пакет үш кілтпен жүйелі түрде шифрланады.

Tor жұмыс істеу принципі
https://cryptoworld.su/

Бірінші түйін пакетті(белгілі бір ақпарат) алғаннан кейін ол «жоғарғы» қабаттағы шифрды ашып, әрі қарай қайда жіберуге болатынын біледі. Екінші және үшінші серверлерде осы схеманы қолданады. Сонымен қатар, прокси-серверінің бағдарламалық жасақтамасы SOCKS интерфейсін қамтамасыз етеді. SOCKS интерфейсінде жұмыс істейтін бағдарламаларды Tor желісі арқылы жұмыс істеуге конфигурациялауға болады. Tor желісінің ішінде трафик бір маршрутизатордан екіншісіне бағытталады және ақыры шығу нүктесіне жетеді.([]) сол жерден таза (шифрланбаған) деректер пакеті (сервердің) бастапқы мекенжайына жетеді