Style Guide

Футбол

Спорт падишасы саналатын футболдың әлем бойынша жанкүйерлері миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға телміріп, футбол тамашалайтын,әлемдегі жаңалықтарынан хабардар болып отыратын  жанкүйерлер біздің елімізде де жетерлік. Алайда олар сүйікті ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге қалай жеткенін біле ме екен?!

Футбол ойынының тарихы

Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің де шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде. Футболға ұқсас аяқ доп ойынының алғашқы түрлері ежелгі Мысыр,Қытай,Грекия,Рим елдерінде пайда болып,кейіннен Франция мен Италияда дамыған көрінеді.

Футболға ұқсас ойын түрін үнді елі “Тапа Банка Яп” (допты лақтыру) деп атаса,эскимостар “түнгатгак”,ал қытайлар “цуцзю” деп атаған екен(аяқпен итеру). Сондай-ақ Франция елінде па супь, Италияда кальчио деген атпен белгілі  болған. Алайда солардың ішінде римдіктер “гарпастум” (қол добы) деп атайтын ойын кеңінен тараған көрінеді. Бұл ойынды қолмен де,аяқпен де ойнаған. Қатыгездікпен ерекшеленетін бұл ойынның ережесі сан рет өзгергенге ұқсайды.

Футбол
https://www.sports.ru

Орта ғасырдағы "Футбол" ойыны

Ал дерек көздеріне сүйенетін болсақ, Англия аяқ доп ойынын 1660 жылы таққа || Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англия футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде ойнайтын болған. Олар футбол ойнағанда көшенің астын үстіне шығаратын. Шотландықтар мен ағылшындар  ойнағанда өліп-тірілгеніне қарамайтын. Сондықтан да билік футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тіпті король футбол ойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған. Мәселен, 1314 жылы король Эдуард || Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылатын болған. Тіпті 1389 жылы король Ричард || сарай маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен көрінеді. Бірақ Англияда футболдың танымал болғаны соншалық – король жарлықтары да мұның алдында дәрменсіз болған. Және алғаш рет дәл осы Англияда бұл ойын футбол деп атала бастаған. Сол себепті футболдың отаны Англия деп есептеуге әбден негіз бар.

Ереже тарихы

1863 жылы Англия футболдың алғашқы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастығы құрылады. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салған. Тіпті қақпашының өзіне допты қолмен тосып алуына тек 1871 жылы ғана рұқсат берілген. XIX ғасырдың соңына дейін қауымдастық футбол ойынының ережесіне тағы біраз өзгерістер енгізіледі. Мысалы,1871 жылы доптың өлшемі бекітіледі.1872 жыыл бұрыштан ұру пайда болады.1878 жылы төрешіге ысқырық беріледі.1891 жылдан бастап қақпаға тор байланатын болады.

Футбол ойыны
https://www.sports.ru

XX ғасыр ойыны

11 метрлік айып добы да осы жылы пайда болады.1880-1881 жылдары футбол алаңына алғаш рет төрешілер шығады. XIX ғасырдың соңында футбол Латын Америкасы мен Еуропада күрт дами бастайды. Ресми түрде футболдан халықаралық кездесулер 1872 жылдан бастап өткізіле бастаған екен. Ал 1908 жылы  олимпиадалық ойындар тізіміне енгізілді.

1904 жылы  ФИФА ,1954 жылы  УЕФА қауымдастықтары  құрылған. Ал Қазақстанда алғашқы футбол командасын құру 1911 жылы басталыпты.