SolarCity компаниясы күн энергиясынын батареясын жасау және қондырудан көшбасшы болып табылады. Компания Күн энергиясын кез келген сәйкес үй, бизнес, мектеп, коммерциялық емес ұйымдарға орната береді.SolarCity корпорациясы штаб-пәтері Сан-Матео (Калифорния штаты, АҚШ) қаласы. Компания 2006 жылдың шілде айында құрылған. Компанияны құрушы аңызға айналған Илон Маск (Tesla Motors негізін қалаушы).
SolarCity жалпы мәлімет
SolarCity клиенттері мыңдаған үй иелері, 100-ден астам мектеп, оның ішінде Стэнфорд университеті, АҚШ әскері, Ұлттық қауіпсіздік департаменті және басқа әскери агенттіктер. Сондай-ақ eBay, Intel, Walmart, Toyota, British Motors осы баламалы энергия көзін қолданады.
Компания күн энергиясы жүйелерін әзірлейді, қаржыландырады және орнатады. Сонымен қоса энергия аудитін, жаңғыртуды, үздіксіз мониторинг жүргізеді. Компания сондай-ақ АҚШ-та электрлі көлік құралдары үшін (атап айтқанда, Tesla Motors) зарядтау станцияларының желісін құрастырады.
2013 жылдың маусым айында Компания құрылысшыларға арналған жаңа Zero-Down бағдарламасын жариялады. Бағдарлама алдымен Калифорния, Аризона, Колорадо, Мэриленд, Нью-Джерси және Орегон штатында болады. Бұл бағдарлама құрылыс компанияларымен тікелей жұмыс істейді. Solarcity компаниясы күн батареясын жаңа салынып жатқан үйлерге өздері тегін орнатады. Нәтижесінде үйлердің барлығы баламалы энергия көзіне тезірек көшеді. Және құрылыс компаниялары ешқандай шығындалмайды.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін SolarCity инвесторлардан 2 миллиард доллар алды. Ол идеяны көптеген компаниялар қолдады. Олар Goldman Sachs Bank Of America, Merrill Lynch, Citi, Morgan Stanley, Аризона Ұлттық Банкі және Google болды.
SolarCity + Silevo
Silevo компаниясы күн электр станцияларын салады. АҚШ-тағы ең үлкен күн станциялардың бірі. Бірақ күн панельдерін 2014 жылдың 16 маусымына дейін шығармады. Сол күні SolarCity Silevo панелін 350 миллион долларға сатып алды. Сатып алу сәтінде компания Нью-Йорк қаласына жылына бір гигаватт қуаттылықпен күн батареяларын шығаратын зауыт салуды жоспарлаған. Илон Маск зауытты екі жыл ішінде салып бітіретіндігін растады.
SolarCity әлемдегі күн панельдерін шығарудағы жетекші өндірушілерінің бірі болып табылады. Бірақ Масктың жоспарлары әлдеқайда көп. Илон Масктың ойынша 2040 жылға қарай әлемдегі электр энергиясының 40 % -ын күн энергиясы өндіретініне сенеді. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін жылына 400 гигаватт күн қуатын пайдалану керек деген.
Silevo арзан және сонымен бірге тиімді фотоэлементтер жасап шығаратын технологияға ие. Олардың пайдалы әсер коэффициенті 22% құрайды. Бұл Күн энергиясынан тұратын панелдер үшін өте жақсы көрсеткіш.
Компания болашағы
Компания әлемді тез экологиялық таза технологияға көшіруге тырысуда. Бірақ әлемдік нарықта компания біртіндеп дамып келе жатыр.АҚШ елінің өзінде Күн панельдерінің өзі 1 % (2016 жылғы санау бойынша) құрайды. Әліде адамзат табиғи газды қолдануда. Екінші мәселе энергия сақтайтын арнайы орындар жасау керек. Себебі болашақта адамзат ол энергияны әр түрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін.
Алайда Компанияны көптеген IT гиганттары қолдауда. Жоспар бойынша, 2018 жылға қарай тұтынушылар саны 1 миллионға дейін өседі. Содан кейін SolarCity осы жүйе үшін өз панельдерін шығаруға бастайды. Осылайша ағымдағы шығыстарды оңтайландырады.