Sekiro: Shadows Die Twice экшн-шытырман ойыны

Sekiro: Shadows Die Twice экшн-шытырман ойыны

Sekiro: Shadows Die Twice (қаз. Секиро: көлеңкелер екі рет өледі) – экшн-шытырман ойын, FromSoftware жапондық студиясы әзірлеген. Басты кейіпкер синоби (синоби) Секиро оған шабуыл жасаған және иесің ұрлап кеткен самурайдан кек алғысы келеді.

Sekiro: Shadows Die Twice геймплей

Ойын 3-ші тұлғалы. Егерде ойынды осы әзірлеуші жасаған Souls сериясымен салыстырса, онда Sekiro: Shadows Die ойынында кейіпкерлерді құру, сыныптар мен жабдықтарды жаңарту сияқты рөлдік элементтер жоқ. Қарсыластың денсаулығын жою үшін шабуылдың орнына, Секиро қарсыластың қорғанысын анықтау үшін катананы қолданады. Қорғанысы ашылғаннан кейін жалғыз шешуші соққы жасауға болады.

Sekiro: Shadows Die Twice геймплейі
vgtimes.ru

Ойында стелс элеметтері бар: қарсыласты дереу жою керек болса, көрінбей, тыныш қана артынан соққы жасау керек. Басты кейіпкерде шайқастарда және зерттеулерде көмектесетін түрлі құралдар бар. Мысалы, ілмек пен алау. Егер бас кейіпкер өлсе, онда ол дәл сол жерде тіріледі, бұрынғы бақылау нүктесінде жаратылмай-ақ. Бірақ ойында жаратылудың кейбір шектеулері бар.

Сюжет

Ойын сеттингі (setting) Сэнгоку атты жапондық тарихи кезеңі туралы. Бұл кезең XVI ғасырдың соңы. Синоби Секиро және оның басшысына Ашина кланның басты самурайы шабуыл жасайды. Шайқас кезінде қолың шауып тастайды осылайша жеңіске жетеді. Синоби өзіне келген соң, оның басшысын ұрлап кеткенің көреді және қолдың орнына түсініксіз протез. Сондықтан ниндзя «Секиро» деген лақап ат алады. «Бір қолды қасқыр» деген мағына береді. Катана және түрлі құрылғылар мен құралдарды орнатуға болатын протезбен өзінің басшысын құтқаруға және кек алуға барады. Ойын барысында түрлі қарсыластармен кездеседі.

vgtimes.ru

Ойынның жасалуы

Sekiro ойының 2015 жылдың аяғынан бастап жасай бастады, DLC «The Old Hunters» аяқталғаннан кейін. 2017 жылдың желтоқсан айында ойынды The Game Awards тизерлік трейлерді «Көлеңкер екі рет өледі» деген атаумен көрсетті. Ойынның толық атын E3 Microsoft пресс-конференциясында көрсетті. Ойынның директоры Хидэтака Миядзаки FromSoftware студиясынан Bloodbome ойыны және Souls ойын серияларынан танымал. Баспагері американдық компания Activision атанды. Ойын 2019 жыл 22 наурызда PC, PlayStation 4 және Xbox One платформаларына шықты.

Ойын Phyre Engine ойын қозғалтқышымен Sony Computer Entertainment компаниясының өнімі арқылы жасалған. Sekiro ойынына Tenchu стэлс-экшн ойын сериясы әсер етті. Әсіресе FromSoftware студиясынан шыккан ойындар. Ең басында топ Tenchu ойынына сиквел жасағысы келді. Бірақ бұл ойын сериясымен басқа студиялар айналысып жатты. Сондықтан бұл идеядан бастартып, басқа ойын жасау туралы шешімге келді. Миядзаки ойындағы шайқасуды өзгерткісі келді. Қылышты шайқаста қарсыластар бір бірінің қорғаныстарын ашып, шешуші соңғы соққы жасау үшін. Миядзаки өз тобымен бірге мультиплеерді алып тастау, дұрыс деп ойлады.

vgtimes.ru

Жетістіктері

Sekiro: Shadow Die Twice ойыны Metacritic рецензеттермен критиктардың пікірлері бойынша ойын жақсы қабылданды. PlayStation 4 орташа балл 90 балл 100 баллдың ішінен, 57 рецензиясынан арасынан тандалған. PC және Xbox One үшін 91 баллдан.