Resident Evil 2 survival horror жанрдағы ойын

Resident Evil 2 survival horror жанрдағы ойын

Resident Evil 2 (қаз. зұлымдық мекені) – хоррортірі қалу жанрындағы ойын, Capcom жапон компаниясы әзірлеген және шығарған. Тәжірибесіз полиция қызметкері Леон Скотт Кеннеди және Клер Редфилд колледж студенті зомби қаптап кеткен Раккун қаласынан қашып кеткісі келеді. Ойын 1998 жылғы ойынның ремейкі болып табылады. Сыншылар ойынды жақсы қабылдады, презентация, геймплей және түпнұсқалыққа адалдығын байқады. Түпнұсқаға қарағанда басқару бекітілген камераны қолданған емес. Resident Evil 4 және Resident Evil 6 сияқты шутер геймплей 3-ші тұлғалы.

Resident Evil 2 геймплей

Ойынды RE ойын қозғалтқышы арқылы жасаған, бұрын Resident Evil 7: Biohazard қолданылған. Re қозғалтқыштың арқасында фотореалистикалық графика алуға болады. Жаулар нақты уақытта көрінетін лезде зиян алады. Олардың аяқ қолдарын жұлып тастауға болады, егер кейіпкер зиян алса, жарақаттары көрініп тұрады. Тақтайшалармен жаулар кірмейтіндей терезелерді жауып тастауға болады. Карта схемасы өзгертілген, заттардың ораналасуы ауыстырылған жәнеде жаңа аумақтар қосылған. Зомби өткен ойындарға қарағанда өзгертілген. Олардың денсаулығы көбейтілген, олар бірнеше уақыт жерде жатқан соң осылайша бірнеше рет тұра алады.

Resident Evil 2 ойынының геймплейі
https://vgtimes.ru

Сондай-ақ бөлмеден бөлмеге дейін іздеп, қудалауға дайын. Денсаулық жағдайы тек екі жағдайда ғана көрсетіледі: инвентарлы экранда және ойыншы зақым алып жатқан кезде. Жаңа шөп комбинациясы пайда болды: қызыл шөп + көк шөп. Ол ойыншыға уға қарсы күш береді. Оның қорғанысын күшейтеді. Клэр мен Леонада жеке сценарий, кез келген тәртіпте өтуге болады. сонымен қатар бір сценарийде болған жағдай келесі сценарийге әсер етеді. Бірақта бір кейіпкерде тек бір сценарий бар.

Ойынның жасалуы

Түпнұсқа Resident Evil 2 1998 жылы бірінші PlayStation шықты. 2002 жылы GameCube үшін Resident Evil ремейк жасағаннан кейін, CapCom екінші ремейк жасау туралы ойлады. Бірақ серияны жасаушы Синдзи Миками Resident Evil 4-ті әзірлеуден кеткісі келмеген. 2015 жылдың тамыз айында CapCom ремейк әзірленуде екенін хабарлады. Содан кейін Capcom E3 2018 трейлер және геймплейдің түсірілімін көрсеткен кезге дейін ешқандай ақпарат берген емес. Продюсер Цуеси Канда зомбиді қорқынышты және қауіпті қылдыру оңай болмайтының білді, себебі 1996 жылы Resident Evil шыққаннан кейін зомби ойын-сауықта көп қолданылатын болды.

Resident Evil 2 ойынның жасалуы
https://vgtimes.ru

Бекітілген камераны алып тастаған сон әзірлеуші тобы әртүрлі тәсілдермен жауларды жасыруға мәжбүр болды: бөлме орналасуы, жарық, түтін. Бірнеше кейіпкердің бет келбеті шың адамдарға негізделген. Ойын кейіпкері Леон Кеннедидің сыртқы келбеті модель Эдуард Бадалутке тиесілі, Клэр Рэдфилд бет келбеті модель Джордан Макьюэнге тиесілі, Марвин Брана жүзі музыкалық продюсер Патрик Левареге тиесілі.

Жүйелік талаптар

Релизден екі күн өткен сон ойын оң пікірлер статискасын жинап үлгерді: Steam 10550 пікір (10164 оң пікір-386 теріс), Metacritic 91 % (19 шолу) және 90 %(145 баға) PC арналған, 91 % (66 шолу) және 91 %(508 баға) PlayStation 4 арналған, 89 %  (15 шолу) және 90 % (224 баға) Xbox One арналған. E3 2018 ойын «Шоудағы ең жақсы» марапатына ие болды. Релизден кейін ойын Capcom-ның Steam-де екінші ірі басталымы болып саналады, Monster Hunter: World (2018) ойыннан кейін.

Resident Evil 2 ойынның жүйелік талаптары
https://vgtimes.ru

Минималды: 64 биттік Windows 7 немесе одан жаңа, Intel Core i5-4460 немесе AMD FX-6300, 8 Гбайт жедел жады, NVIDIA GeForce GTX 760 немесе AMD Radeon R7 260x (2 ГБ), дискіде 26 Гб.

Ұсынылады: Intel Core i7-3770 немесе AMD FX-9590, NVIDIA GeForce GTX 1060 немесе AMD Radeon RX 480 (3 Гб).