Qiwi wallet төлем жүйесі қалай пайда болды?

Qiwi wallet төлем жүйесі қалай пайда болды?

Qiwi туралы жалпы ақпарат

Qiwi Group ресейлік төлем қызметі. Ресей мен ТМД елдеріндегі төлемдер мен қаржылық қызметтердің жетекші провайдері болып табылады. Онлайн төлемдер жасауға мүмкіндік беретін бірыңғай төлем желісі. Желі 20,3 миллионнан астам виртуалды әмиянды және 149 мың терминалды және төлем қабылдау пункттерін қамтиды. Qiwi қызметтері сауда компаниялар мен клиенттер төлемдерін қабылдап, 79 миллиард рубльден астам ақшалай аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бұл желі қызметтерін айына кемінде бір рет пайдаланатын 47 миллионнан астам қолданушылар бар. Төлем жүйесі дербес төлем құралдарын пайдалана отырып ақша аудару үшін пайдалана алады. Төлем жүйесі арқылы көмегімен коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне ақы төлеуге болады. Интернет арқылы және iOS және Android мобильді платформаларына арналған қосымшаларды қолдану арқылы төлемдер жасауға мүмкіндік береді. QIWI-ның бас директоры және ірі акционері — Сергей Солонин.

Qiwi туралы жалпы ақпарат
iPhones.ru

Пайда болу тарихы

Жүйені қолдана отырып, коммуналдық байланыс қызметтерін төлеуге,банктік несиелерді өтеуге және әр түрлі транспорт құралдарына билеттерді сатып алуға болады. Мульти-платформа қызметі арқылы киви терминалдары арқылы төлемдерді жүргізуге мүмкіндік береді. Ал Visa QIWI Wallet қолдана отырып, төлемдер туралы толық ақпарат алуға болады. Компания 2004 жылы Ресейде яғни,Мәскеу қаласында құрылған. 2007 жылы киви терминалдарында «Жеке кабинет» қызметі іске қосылды. Ол кейінірек «QIWI Wallet» деп өзгертілді.

Толыққанды электрондық төлем құралы бірнеше интерфейстерге ие. Олар веб-сайт, мобильді платформалар және әлеуметтік желілерге арналған өтінімдер. 2008 жылы киви бренді мен тәулік бойғы Бірыңғай абоненттік қолдау қызметі іске қосылды. 2012 жылдың қараша айында Visa және киви жаһандық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес киви әмияны Visa киви әмиянымен бірлескен саудаға айналды.

http://www.coinfortoday.com/

Жұмыс істеу технологиясы

Киви Ресейде бірінші болып бизнеске блокчейн технологиясын енгізді. Блокчейн технологиясы туралы ақпараты осы мақаладан оқи аласыз. Блокчейн технологиясы қалай жұмыс істейді? 2015 жылы компания таратылған регистрлік технологиялар (DLT) негізінде жеке төлемдерді төлеуді жасау туралы жариялады. 2017 жылы киви компаниясы Blockchain және DLT технологияларын жеке бизнеске айналдырды. Qiwi Blockchain Technologies (QBT) 2017 жылы операциялық қызметке 100 миллион рубль жұмсауды жоспарлады. Қазіргі уақытта компания өз жұмысының үш негізгі бағытын анықтайды. Олар  IТ-жүйелердің аудиті, бөлінген жүйелер мен блок-шешімдерді жобалау және  әзірлеу, ICO консалтинг және т.б.