PayPal төлем жүйесі қалай пайда болды?

PayPal төлем жүйесі қалай пайда болды?

PayPal компаниясы әлемдік нарыққа Интернет ең дамыған кезде пайда болған. Бұл төлем жүйесі тез өз сферасында көшбасшы болды. Бүгінде ол шамамен үш ондаған валютамен жұмыс істейді.Қазіргі кезде онда  150 миллионнан астам адам пайдаланады. Бұл төлем жүйесінің даму жолы өте күрделі болды. 

PayPal тарихы

PayPal компаниясының тарихы интернет бизнес еңді дамыған кезде пайда болды. Алғашында компания танымал болған жоқ. Бұл төлем жүйесі екі компанияның қосындысынан пайда болды. Олар Confinity және X.com төлемдер жүйесі болды.

X.com-ті құрушы әлемге танымал кәсіпкер Илон Маск болды. Ол желілер арқылы шын мәнінде шағын пайызға төлемдерді аудару үшін платформа идеясын құрғысы келді.  Жобаның болашағы өте табысты болатын. Бірақ ол ақша аударымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қуатты деректерді шифрлауға ие болмады. Ал Confinity компаниясында жақсы қауіпсіздік жүйесі болды. Сондықтан екі компания бірге қосылды. Confinity негізін қалаушы талантты бағдарламашы  Макс Левчин болды. Ал компанияның қаржы саласын Питер Тиль басқарды.

PayPal негізін қалаушылар Илон Маск және Питер Тиль
/money-and-internet.com

PayPal компаниясының даму жолы

PayPal алғашқы айларында  онлайн-аукциондар өткізді. 1998 жылы  eBay ұсынған 1 миллионға жуық аукциондар осы төлем жүйесімен жүрді. 2002 жылы компания өзінің акцияларын одан әрі дамыту үшін көбірек инвестициялар алу үшін аукционға аукцион өткізді. Нәтижесінде 1 миллиард долларға жуық қаражат түсті. Бұл үлкен жетістік болды. Соның арқасында барлық интернет пайдаланушылар осы төлем жүйесін қолданды. Сол жылы  компанияны eBay 1,5 миллиард долларға сатып алды. Ал негізін қалаушылар миллионерлер тізіміне енді.Біртіндеп төлем жүйесі  нарықты жаулап алды.

Бірнеше жыл бойы компания керемет табысқа ие  болды. Соның салдарынан бәсекелес компаниялар жабыла бастады. 

 Алғашқы кездегі даму жолы әртүрлі болды. Олар:

1. Жаңа валюталармен жұмыс істеу мүмкіндігі болды. Евро, Иена, Юань, Канадалық доллар және т.б. 

2.Интерфейс(сайттың беті) басқа елдердің тілдеріне аударылды. Бұл басқа елдердің тұрғындарының функционалдық мүмкіндіктеріне көмек болды.

3.Жаңа мүмкіндіктерді үнемі енгізіп отырды. Барлық танымал платформалармен жұмыс жасады.

PayPal компаниясының даму жолдары
https://www.fishisfast.com

Әлемге танымал төлем жүйесі

АҚШ-та PayPal компаниясының ресми лицензиясы бар. Ол ақша аударымдарын қарастыратын қаржы институты ретінде тіркелген. Компания қаржылық институттар үшін құрылған барлық заңдарды қатаң сақтайды.

2007 жылы  Люксембургтен банк лицензиясын алды. Содан кейін жүйе қаржы секторын қадағалау жөніндегі комиссияның барлық ережелеріне сәйкес, Еуропалық Одақтың бүкіл аумағында өз қызметін жүзеге асыра алды. 

ТМД елдерінде PayPal әлі де танымал болған жоқ.Себебі одан басқа төлемдер жүйесі  Yandex.Money және WebMoney қолданды.Сонымен қатар, 2013 жылға дейін картаға ақша аудару мүмкін болмады. Сондықтан ТМД елдерінде PayPal негізінен онлайн-дүкендерде сатып алу үшін төлеуге пайдаланылды.