Metro Exodus survival horror жанрдағы ойын

Metro Exodus survival horror жанрдағы ойын

Metro Exodus туралы жалпы ақпарат

Metro Exodus (қаз. Метро: Нәтижесі) – экшн шытырман ойын, Metro: Last Light және Metro 2035 ойын сериясының жалғасы және үшінші бөлімі. Ойынның сюжеті қайта сомдаған басты кейіпкер Артем туралы. Metro Exodus — 3-ші тұлғалы сюжетті ойын, сюжетте қауіпті шайқастар, зерттеулер жәнеде хоррор элементтер кездеседі. Ойын барысында жеті жабық дәліздерден және кең, ерекше деңгейлерден өтуге болады.  Сюжет бойынша ойын ішіндегі уақыт 1 жылға созылады және әр мезгіл сайын ауа райы өзгеріп отырады. Бұрынғы ойын серияларының сюжеті Дмитрий Глуховскийдің Метро 2033 атты романынан алынған, ал Metro Exodus-тың сюжеті кітапқа қатысты емес бірақ жалғасы болып саналады.

Metro Exodus экшн шытырман жандрағы ойын
vgtimes.ru/

Сюжет

Сценарийді жазған Дмитрий Глуховский, өткен сценарийдіде жазған. Басты кейіпкерлер қолданатын айтарлықтай өзгертілген бу локомотиві «Аврора» деп аталады. Саяхаттарда Артем достары тірі қалмауы мүмкін. Ойыншының шешімдері ойын сюжетіне әсер етеді. 

 Ойын барысы 2036 жылы өтіп жатыр, Артем әлі де басты кейіпкер, оның серіктесі Анна (Миллердің қызы) Аврора командасының мүшесі ретінде сюжетте маңызды рөл атқарады. Анна – ең жақсы снайпер және «Спарта» ордені иегері. Артемнің кеңесшісі және Аврорадан тыс жерлерде қолдау көрсететін кейіпкер. Осымен қатар, Артем мен Анна – ерлі зайыптылар.

vgtimes.ru/

Олар метродан қашып кетті, Мәскеуден кетіп Владивосток, қиыр шығысқа жаққа жол жүруде. Аврора Транс-Сібір магистралімен жүреді. Ойыншы Ресейдің ауқымды ашық кеңістіктерін зерттей алады, кейбір жерлерде ауаны сүзгісіз жұта алады жәнеде топырағы құнарлы. Анна және Миллер өткен ойын серияларынан бері келе жатқан кейіпкерлер, бірақ жалғыз олар ғана емес. Жаңа кейіпкерлерден Алеша, Дюк, Токарев және Ермак. Мәскеу метросының  «Оқтық экономикасы» (Ақшаның орнына — оқ) сырқы жерлерде жұмыс істемейді, бірақ ресустарды іздеу маңызын жоғалтқан емес.

Геймплей

Ойын әлемі айтарлықтай кеңейтілді және әртүрлі болды. Өйткені екі студияның көптеген қызметкелерінде S.T.A.L.K.E.R: Shadow of Chernobyl ойынымен жұмыс тәжірибесі болды. Metro ойын серияларының геймплейін алып ашық әлемді Stalker ойын геймплейімен біріктірілген. Осылайша ойында кең ашық аумақтар және сызықты жерасты бөлімдері бар, сонда ойын толық ашық болып саналмайды. Жер бетінде зерттеуге болатын көптеген жерлер бар, бірақ кейбір сәулелендірілген аймақтарда газ маскасы керек. Ойында динамикалық циклмен күндіз/түн ауысатын ауа райы жүйесі толықтай істейді; Уақытты өткізу үшін, Артем демала алады.

Metro Exodus ойынының геймплей
vgtimes.ru/

Ойыншы Артемнің білек білезігін көрсеткіштермен жадбықтай алады, ал атыс қаруында көздеткіш, оқпан, магазин, қондырма(насадка), «прикладка» — өзгертуге болады. Өткен ойындардағы мутанттар қайтарылады, соның ішінде аюда бар, бірақта жаңа мутанттар болады мысалы адамхайуан, қасқыр; Мутанттардың саны орналасқан жерімен климатқа байланысты болады. Мүлдем жаңа механика арасында — «құмсалғыш» аумақ картасы,Гейгер есептегіші, ортаны талдауға арналған бинокль. Артем ықтимал жауға аз агрессиямен жақындау үшін қаруды қапта жасыра алады. Жасырын қарумен тез жүгіретін болады. Өткен ойындарда Артем тек кейбір жерлерде ғана қаруды жаңарта алатын, алайда осы ойында қаруды ойын барысында жаңғырта алады немесе өзгерте алады. Сондай-ақ Артемнің сауытын өзгертуге болады.

Мезгілдер

Metro Exodus-тың жаңа өзгерісі. Әрбір мезгілде жеке фракция, жабайы өмір, ауа-райы. Мезгілдер кейіпкердің әрекетіне әсер етеді, ойыншы басқармайтын кейіпкерлердің (NPC) реакциялары өзгереді.

-Қыс: әрекеттер қатты қыс уақытында Мәскеуде басталады. Демондар, Вампирлер, Күзетшілер және тағы басқаларына үйреншікті мекендеу ортасы-Аяз.

-Көктем: Аврора жазықтық Архипелаг-қа келген уақыт. Бұл жерде реттелетін көпір орналасқан, «бронированный» поезд ары қарай шығыс жаққа жол жүру үшін реттелетін көпірді төмендету керек. Аумақтағы басқада маңызды элементтер – порт, ескі шіркеу, онда дін басшысы ізбасарларды балық патшасына табынуға итермелейді.

vgtimes.ru/

-Жаз: постапокалиптикалық Ресейдің кейбір аймақтары тым құрғақ. Каспий теңізінің маңында мұндай шөлейт аймағы бар, онда тот басқан жүк кемесі және суасыты қайығы құмда жатыр. Мұнай құбырлары жер бойымен созылған. Құмды дауылдар арасында болып тұрады. Осы аймақты «Барон» басқаратын «Мунай» атты рейдерлік топ бақылайды.

-Күз: әдемі таулы, өзен аңғары жиі биіктіктерін өзгертеді және күрделі үңгір жүйесі бар. Көптеген қолдан жасалған ағаш бекіністерімен ағаш үйлері көп, жәнеде батпақ жермен бөгет бар. Бұл аймақта ең ықпалды жер «Дети Леса», сонымен қатар қасқырлар мен аюларда қауіпті. Әлдеқайда қауіпсіз жануар бұғы.

Metro Exodus жасалуы

Ойын туралы ең бірінші Е3 2017 жылы хабарлады, ал релиз 2018 жылдың сонына жоспарланған, сосын релизді 2019 ақпан айына ауыстырылды. Бастапқыда Metro Exodus тек Мәскеуде ойын әрекеттері өтетін болған, бірақ студия бірнеше жылдан бері тек метро туралы идеядан шаршады. Ядролық сынақтарға душар болған Ресейдің қалған бөлігін зерттеу туралы шешім қабылданды; Идеяны екі суретші құраған және топтан жәнеде Дмитрий Глуховский-даң «Метро 2035» кітабына қолайлы танымалдылықпен қолдау алды. 4A Games студиядан Джон Блоч-тың айтуынша, Metro Exodus студияның ең амбициялы жобасы болып саналады.

Metro Exodus ойынының жасалуы
vgtimes.ru/

Ойынның масштабы мен графикасына қарап түсінуге болады. Metro 2033 және Metro: Last Light ойынына қолданған ойын қозғалтқышы осы ойынғада қолданған. 4A Engine – студияның жеке, өздері жасаған ойын қозғалтқышы. Бірақта технологиясы біраз жаңартылған. Жаңа мүмкіншіліктердің арасында – рендеринг, қайта жасалынған жарық, видео роликтерде бетті толықтай басып алу, динамикалық циклмен күндіз/түн ауысатын ауа райы жүйесі, жасанды интеллект қозғалысы және т.б. Ойынды шамалы 80 адам Киевте, 70 адам Мальтада бір бірімен онлайн байланыс арқылы бірігіп жасаған. 6 адамнан тұратын арнайы топ пост-апокалиптикалық қарудың шынайы жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Әзірлеушілер шынайы үш өлшемді дыбыс әсерлерін қамтамасыз ету үшін әртүрлі орталарда ату дыбыстарын жазды.