League of Legends айына 100 млн адам ойнайтын ойын

League of Legends айына 100 млн ойыншылар ойнайды

League of Legends немесе LoL (қаз. аңыздар лигасы) – тегін мультиплеерлі нақты уақыттағы стратегия (MOBA) элементі бар рөлдік ойын. Ойын PC және Mac OS платформаларына арналған, жасаушы мен баспагер Riot Games компаниясы болып табылады. Танымал Warcraft III: The Frozen Throne ойынның DotA (Defense of the Ancients) модификациясынан ойынның басты идеясы шабыт алған.

League of Legends геймплей

League of Legends – үшінші тұлғалы үш өлшемді MOBA. Ойынның 4 режимі бар: «Ущелье призывателей» (Summoner’s Rift), Қарғыс орман (Twisted Treeline), Кристалды каньон (Crystal Scar) және        «Воющая бездна» (Howling Abyss). Бір матч 20-60 минут аралағында жалғасады. Әрбір режимде ойынды жену шарттары мен мақсаттары әр түрлі. Әрбір ойын режимінде көптеген аралық мақсаттар бар, соны орындаған сайын ойыншы мен топқа басты мақсатына жетуге артықшылықтар береді. 

League of Legends ойынының геймплейі
https://wall.alphacoders.com

Барлық режимде ойыншылар чемпион деп аталатындарды бақылайды, өзі таңдағанды немесе таңдалғанды. Әрбір чемпион түрлі бірегей қабілеттермен иеленеді. Әрбір матч сайын чемпиондар төмен деңгеймен бастайды. Мысалы, «Ущелье призывателей», Қарғыс орман режимінде 1-ші деңгейден, Кристалды каньон және «Воющая бездна» режимінде 3-ші деңгейден басталады. Содан кейін олар тәжірибе алып, 18-ші деңгейге жетуі мүмкін. Ойын барысында чемпионды дамыта отырып, ойыншы чемпионның арнайы қабілетін ашып, оларды көптеген жолдармен жақсарта алады.

 Әрбір матч ойыншы аз мөлшердегі алтынмен бастайды. Қосымша алтында табу жолдары көп. Мысалы: миньон және құбжықтар секілді NPC-ді(Ойналмайтын кейіпкер) өлтіру, қарсылас ойыншыларды өлтіру немесе өлтіруге көмектесу, жаудың құрылымдарын жою, чемпионның бірегей қабілеттерін қолдану, уақыт өте келе пассивті кірісті қолдану. Чемпионның қабілеттерін дамытатын және геймплейді дамытатын, ойын заттарын алтынмен сатып алуға болады. Ойын тәжірибесі, тапқан алтын, сатып алынған заттар осы матчта ғана қолданылады, басқа матчқа әсер етпейді. Осылайша, барлық ойыншылар матчты азды көпті жағдайда бастайды.

League of Legends ойының геймплейі
https://wall.alphacoders.com

Ойын барысындағы жеке сыйақы

Ойын барысында ойыншылар белгілі бір жеке сыйақы алады. Ойында табылған тәжірибе ойыншының аккаунттымен байланысады. 1-ші деңгейден бастап, 30-ыншы деңгейге көтерілуге болады. Ойыншының деңгейі дамыған сайын, жаңа ойыншыға жабық әртүрлі карталар және режимдер ашылады. Сонымен қатар, Руна және шеберлікті ашу мүмкіндігі бар, солайша чемпионға кішігірім жауынгерлік күш береді.

 Руна дегеніміз жақсартатын жинақтар. Оларды чемпионға арнап біріктіруге болады. Руналар бірнеше түрге бөлінеді. Сыйқырлық (ресурстар тиімді қолдануға көмектеседі), Дәлдік (ұзақ шайқастарда қарсыласқа күшейтілген зақым келтіреді), Үстемдік (секунд сайын зақым ұлғайып отырады), Батылдық (қорғаныс сипаттамаларын ұлғайтады), Шабыт (қайта зарядтау жылдамдаты, қосымша ресурстар қосылады).

https://gamer-info.com/

Барлық ойын режимінде ELO формуласына негізделген автоматты түрде матчты құрау жүйесі қолданылады және арнайы параметрлерді қоюға болады. Ойын барысында ойыншылардың мінез-құлықтары бақыланады, нашар мінез үшін түрлі санкцияларға ұшырауы мүмкін.  Санкциялар автоматты түрде беріледі. Мысалы: ескертулер, чатқа кіруге шектеулер, уақытша тыйым салу. Мәнгі тыйым салу әліде қолмен басқару  режимімен қарастырылады.

League of Legends ойынының карталары

Ойын негізгі 4 картадан тұрады. Әрбір картаның өз ландшафты, мақсаты, мақсатқа жету жолдары, керек заттары. 

«Ущелье призывателей»

 Ең танымал карта ойыншылар арасында. 1 топ 5 ойыншыдан тұратын, 2 топ қарсыластарының «Нексус» нысандарын жоюға тырысады. Бұл ғимаратқа жету үшін бірнеше қорғаныс құрылымдарынаң, мұнарадан өту керек және қарсыластың қорғанысынан өту керек. Әрқайсысында, өз базасында әлсіз NPC миньондар  шығарылады. Миньондар қарсыластың базасына 3 жолмен бара алады, астыңғы, ортаңғы, жоғарғы жақпен. Жол жолақтарының арасында бейтарап аймақтар бар: өзен және джунгли.

https://ru.leagueoflegends.com/

«Қарғыс орман»

 2 топ 3 ойыншыдан қарсыластың жаудың мұнараларымен қорғалған Нексус нысандарын жоюға тырысады. Бір топтың Нексус нысандары оң жақта немесе сол жақта орналасқан. Бұл нысандар әрдайым миньондар шығарып отырады. Олар екі жақпен қана бара алады, жоғарғы және астыңғы жақ. Ойыншылар миньондарын қарсыластың  базасына кіргізуге тырысады. Жол жолақтар арасында джунгли бар.

 «Воющая бездна»

 2 топ 5 ойыншыдан тұрады, қарсыластың Нексус нысанын жойғысы келеді. Әрқайсысынң Нексус нысаны оң жақ немес сол жақта орналасқан. Бұл картаның басқа карталардан айырмашылығы тек қана бір жолақтан тұрады. Бейтарап аймақтары жоқ. Тағы бір айырмашылығы өзінің базасына денсаулықты толтыруға немесе керек заттарды алу үшін қайтып келуге болмайды, тек қана өлімнен кейін базаға келе алады.

 Кристалды каньон

 Бұл режимнің мақсаты 2 топ 5 ойыншыдан стратегиялық нүктелерді жаулап алып, көп уақытта ұстап тұру. Картаның пішімі шеңбер тәрізді. Топтың базалары астыңғы жақта оң жақ немесе сол жақта орналасқан. Топ қарсыластарына қарағанда көп нүктелер жаулап алып, ұстап тұрса, оларға көп ұпай беріледі. Басында әр топта 200 ұпай болады. Егерде қарсылас топтың ұпайын нөлге дейін азайтса сол топ жеңіске жетеді. 

https://wall.alphacoders.com/

Ойын кейіпкерлері

LoL ойынында жалпы 141 чемпион, әрбіреуінде бірегей шеберлік, сыртқы түрі және оқиғасы бар. Әрбір чемпион 5 шеберлігі бар. Бірінші шеберлік ойын басталғанда беріледі, басқалары ойын барысында дамиды. Чемпион өзінің шеберлігіне қарай топта бір рөлді атқарады. Кейбір чемпиондар бірнеше рөлді атқара алады. 

Ойында зақымдаудың екі әдісі бар физикалық түрде және сиқырмен. Чемпиондар рөлі: Өлтіруші (Өлтірушілер қарсыластарың бір мезетте жоя алады, өлім шабуылдарымен шеберліктің көмегімен. Қарсыласына көп зақым келтіре алады) Мерген (Мерген қарсыластарын алыс қашықтықта шабуылдайды, бір чемпионға назар аударып дәйекті шабуылдар жасайды).

 Жауынгер (Бұл чемпиондар айтарлықтай зақым келтіре алады және зақым ала алады. Шайқастарда алдында қатарды тұрады және жақын шайқастарда қатысады). Сиқыршы (Сиқыршының шеберлігі мен зақым келтіру күші біртіндеп өседі, олар бір қарсыласына үлкен зақым келтіре алады немесе бір аймақ жерге зақым келтіре алады). Қолдаушы (Топтастарын күшейтіп, қарсыластарын әлсіретіп осылайша көмек келтіреді. Қарсыластарының шабуылдарын, қорғаныстарын әлсіретеді және топтастарының денсаулығын күшейтеді.). Танк (үлкен зақымдарға қарсы тұра алады, қорғаныстары өте күшті болады. Бірақ жеңіл зақым келтіреді).

League of Legends ойынының жасалуы
https://wall.alphacoders.com/

Ойынның жасалуы

Riot Games компаниясының негізін қалаушылар Брэндон «Ryze» Бек және Марк «Tryndamere» Меррилл бірге Оңтүстік Калифорния Университетінде оқыған. Warcraft III-тің картасын DotA (Defense of the Ancients) жеке ойын қылдыру идеясы 2005 жылы келді. Солайша Riot Games студиясы 2006 жылы ашылды және 2013 жылы 1000 шақты қызметкерлер League of Legends ойына жұмыс істеді. Ойынның өзі 27 қазан 2009 жылы шықты. 

Riot Games басында ойынды Солтүстік Америкада шығарды және басты офис сол жерде орналасқан, сосын басқа материктарда танымал бола бастады. Қытайда басты баспагер Tencent компаниясы атанды. 2008 жылы серіктестік келісімге келді. 2011 жылдың ақпанында Tencent компаниясы Riot Games акциясының басты бөлігін сатып алды. 

Бірінші қыркүйек 2016 жылы League of Legends серверлері келесі елдерде орналасқан: Ресей, Солтүстік және Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Түркия, Бразилия, Оңтүстік Америка (оңтүстік) және Жапония.  Бұл серверлер кез келген елге жалпыға қол жетім. Алайда, Қытай, Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің серверлері басқа елдерге қолдануға шектеулер бар.

https://tenor.com/

League of Legends Әлем чемпионаты

League of Legends World Championship – профессионалды лига топтарымен жарыс, Riot Games компаниясымен 2011 жылдан бері ұйымдастырылады. Турнир жыл сайын күз айында, жазғы сплит өткеннен кейін өткізіледі. 2016 жылы League of Legends Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 5,07 млн доллар болды. 2018 жылы үздік 24 топ қатысты. Топтар 4 – ке бөлінді әр біреуінде 4 топ. Соның ішінен 2 команда шығады. 

Солайша 1/4  турнирдің финалына жетеді. Осы жылы турнир Оңтүстік Кореяда өтті. Финалға 2 топ шықты, Батыс Еуропадан шыққан Finatic тобы және Қытай тобы Invictus Gaming. 3-0 есебімен Invictus Gaming тобф жеңіске жетті. 3 қараша Инчхон қаласында жеңімпаздарға бас жүлде 2 миллион долллар берілді. League of Legends Әлем чемпионатының басты әнұраны K/DA — POP/STARS (ft Madison Beer, (G)I-DLE, Jaira Burns) әңі атанды, қазіргі таңда YouTube-та бейнеклип 97 000 000 көрсетілімге жетті. Келесі әлем чемпионаты Еуропада өтуі мүмкін.

Жетістіктері

2011 жылы шілде айында ойыншылардың тіркелген саны 15 миллионнан асып кетті, ал күніне 1 500 000 ойыншы ойнады. 11 қараша 2011 жылы ойыншылар саны 32,5 миллионнан асты, ал күн сайын 4,2 миллион шамасында ойыншылар ойнады. 2012 жылдың қазан айында күніне 12 миллион ойыншы, айына 32 миллион ойыншы ойнады. Тіркелген ойыншылар саны 70 миллионнан асты. Осылайша League of Legends ойыны Call of Duty және World of Warcraft көрсеткіншінен асып кетті. Қаңтар айы 2014 жылы күн сайынғы ойыншылар саны 27 миллион, ал ай сайынғы көрсеткіш – 67 миллион. Сол уақытта DOTA 2 ойынның күн сайынғы ойыншылар саны 642 мың болды. 2016 жылдың қыркүйегінде ай сайынғы ойыншылар саны 1000 миллионға жетті.

2014 жылдың қыркүйек айында League of Legends ойынның ішіндегі микротранзакция саны 946 миллион долларға жетті, 2013 жыл бойы 642 миллион доллар жинаған. 2016 жылы ойынның шыққанына 7 жыл өткен соң, 1,7 миллиард доллар табыс алып келді. Үш жыл бойы ең табысты PC-ға арналған ойын атанды.

2010, 2011 жылы Golden Joystick Award онлайн жыл ойыны, үздік Free-to-play  ойын және т.б номинациясынан жеңіске жетті.The Game Awards 2015 үздік киберспорттық жыл ойыны, 2016 жылы Golden Joystick Award жарысу жыл ойыны, The Game Awards 2016 үздік киберспорттық ойын номинациясына қатысқан.