Just Cause 4 экшн шытырман жанрдағы ойын

Just Cause 4 экшн шытырман жанрдағы ойын

Just Cause 4 –экшн шытырман ойын. Avalanche Studios швед студиясы жасаған және жапон Square Enix компаниясы жариялаған ойын. Just Cause 3 (2015) ойынының сиквелі және Just Cause сериясының 4-ші бөлімі. Ашық әлемдегі 3-ші тұлғалы ойын. Басты протагонист Рико Родригес. 

Just Cause 4 Сюжет

Ойын барысы ойдан құрылған оңтүстік америка Солис атты елінде, өте экстремалды ауа-райымен ерекше жерде өтуде. Рико Родригестің басты қарсыласы “Black Hand” әлемдегі ең мықты жоғары технологиялы жеке әскери ұйымының жаңа бастығы Габриэла Моралес. Black Hand ұйымы Just Cause кезінде Сальвадор Мендоз және Just Cause 3 кезінде Себастьян Ди Равелло диктаторлардың тапсырыстарын орындаған. Рико марқұм әкесінің Black Hand ұйымымен жұмыс істегенін білгеннен кейін, өз сұрақтарының жауабын табу үшін Black Hand ұйымының отаны Солис еліне аттанады.

Just Cause 4 экшн шытырман сюжеті
https://stopgame.ru

Ойынның жасалуы

Just Cause 4 ойынында Avalanche’s Apex ойын қозғалтқышының жаңа нұсқасы қолданылды. Жаңа технология әртүрлі және экстремалды ауа-райы әсерлерін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар боран, құмды дауылдар, торнадо және т.б. Әзірлеушілердің айтуынша бұндай жақсартуларды жасанды зият жетілдіреді. Just Cause 3-пен салыстырсақ. Жақсартулардың мәні осы — ойыншы емес кейіпкерлер (NPC) ойыншыға қауіпті болу, тактикамен жұмыс істеу, жалпы айтқанда ақылдары көбейтілу. Басқа да жақсартулар – физика негізіндегі рендеринг және анимацияның жаңа жүйесі. 

Ойын E3 2018 Microsoft пресс конференциясында жарияланды. Сосын Square Enix және Pc Gaming Show көрсетілімінде көрсетілді. 30 қазанда ойын әзірленді және басылымға кетті. Ал 4 желтоқсан 2018 жылы ойын ресми түрде PC, PlayStation 4, Xbox One платформаларына шықты. 

https://kanobu.ru

Just Cause 4 сипаттама

Солис – елінде қақтығыстар, қысымшылық және экстремалды ауа райы әдетті жағдай. Агент Рико Родригес бұл елге өзінің өткен өмірін білу үшін келеді. Ойын  сипаттамасы:

 Вингсьютте ауада ұшу: парашютпен секіру, бейс-джамп, еркін секіру. Экстремалды ауа райы кезінде ұзын торнадо және тропикалық бұлтты найзағайлар кезіндеде қарсыласпен шайқасуға болады. Көтерілісті басқара отырып Black Hand жоғары технологиялы жеке әскери ұйымды жеңу. Алыста орналасқан оңтүстік американды Солис елін зерттеу.

Just Cause 4 ойынның сипаттамасы
https://kanobu.ru

1024 шаршы километр экзотикалық ойың аланы, джунглий, шөлді жер, қарлы тау шыңдары және т.б. Әртүрлі ауыл немесе қала мекемелерін зерттеуге болады. Өзінің жеке «крюк»-ті дамыта отырып, өзгерту. «Крюк» арқылы өзінің жеке трюктарды жасау, ойын стилін өзгертуге болады. Көліктің түрлері өте көп, мысалы «военный истребитель», тікұшақ, спорттық машина, құрылыс техникасы және т.б.