Hyperloop болашақ вакуумдық пойыз жобасы

Hyperloop болашақ вакуумдық пойыз жобасы

Hyperloop вакуумдық пойыз жобасы. Вакуумдық пойыз капсулаға ұқсас келеді және құбыр ішімен қозғалады. Бұл көлік құралы арқылы жолаушылар 1200 километр қашықтықты бір сағат ішінде жүріп өте алады.

Hyperloop пайда болу тарихы

Hyperloop жобасы Калифорнияның Лос-Анджелес және Сан-Франциско қалалары арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол құрылысына баламалы таңдау ретінде пайда болды. Жобаның авторы әйгілі кәсіпкер Илон Маск. Илон Маск туралы мына мақаладан оқи аласыз: Илон Маск американдық кәсіпкер, инженер, өнертапқыш.

Нәтижесінде жоғары жылдамдықты пойыз қымбатқа түседі деп есептеліп, hyperloop жобасы іске қосылды. 2012 жылы SpaceX және Tesla Motors компанияларының инженерлері «бесінші типтегі көлік құралы» концепциясын әзірлеп, оны қоғамға таныстырды. Компания басшылары мен идея авторлары кез келген қызығушылық танытқан адамдарға  талқылауға қатысуды сұрады. Жоба open source моделі бойынша дамитыны туралы хабарланды.

Hyperloop пайда болу тарихы
https://rb.ru/

Көліктің жаңа түрін одан әрі дамыту үшін Hyperloop One және Hyperloop Transportation Technologies (HTT) компаниялары құрылды. Илон Маск жобаға белсенді түрде қатыспайтындығы туралы мәлімдеді. Hyperloop One. Компания Лос-Анджелес және Лас-Вегас, сондай-ақ Еуропа мен Азияның қалаларында осы тасымал жүйесін енгізуде. Компанияның директорлар кеңесі SpaceX, Tesla және Pay Pal-пен бірге жұмыс істейді. Бүгінгі таңда компания басым бөлігі cargoloop жүк саласы.

Құрылысы

Жобаның бастапқы кезінде жұмыс істеу принципі ретінде магниттік левитацияны(яғни магнит өрісі арқылы) пайдалану шешімі қабылданды. Бірақ магнит өрісін жасау технологиясы қымбат және үлкен энергия қажет еткендіктен бас тартуға тура келді. Болашақта магнит өрісі арқылы жұмыс істейтін технологияны жақсартуға тырысады.

Магниттік левитацияны қолданатын алғашқы прототиптер қазірдің өзінде сыналды. Мысалы, АҚШ Цинциннати Университетіндегі (видео бойынша) студенттер тобы алғашқы тәжірибесін өткізді. Капсуланың тежелуі мен екпін жүйесін желілік индукциялық қозғалтқыштары шығарады. Олар бір-бірінен арнайы қашықтықта және құбырда орналасады. Қозғалтқыштардың статорлары капсулада орналасқан. Осылайша, капсула қозғалысы үдеткіш импульсін алады немесе керісінше жылдамдығын баяулата алады. Қозғалтқыштарға электр қуатын алу үшін күн панелдері құбырға орналастырылады.

Болашақ көлік жүйесі

Hyperloop құрастырушылары ауа кедергісін ескере отырып, капсуланың  алдыңғы жағына желдеткішті, ауа компрессорын және желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етеді. Осы құрылғылардың мақсаты ауа ағынының капсуланың алдында қозғалыс бағытына қарай жылжыту. Гиперлуп құрылысының тағы бір ерекшелігі болат құбырда ауаны сейілтуі сақталады. (атмосфераның мыңдаған бөлігі). Қазіргі таңда бұл жаңа көлік құралы даму үстінде. Болашақта адамзат осы көлік құралын қолдануы әбден мүмкін.