Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы

Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы

Human Rights Watch тарихы

Human Rights Watch ұйымының штаб-пәтері АҚШ мемлекетінде орналасқан. Әлемдегі 70-тен астам елде адам құқықтарының бұзылуын бақылайтын, тексеретін және құжаттарды рәсімдейтін үкіметтік емес ұйым. 1978 жылы Роберт Бернштейн мен Арье Найер арнайы америкалық үкіметтік емес ұйым ретінде ашқан. Ұйымның негізгі мақсаты 1955 Хельсинки келісімдерінің сақталуын қадағалау еді. 

Ұйым БАҚ арқылы адам құқықтары бұзылған елдерге немесе саясаткерлерге тікелей қысым жасай алады. Ұйымның өзі КСРО-дағы және «шығыс блогы» елдеріндегі адам құқықтарының бұзылуына халықаралық назар аудартқан. Сондай-ақ, 1980-ші жылдардың аяғында аймақтағы демократиялық өзгерістерге ықпал еткенін айтады.

1981 жылы Americas Watch ұйымы Орталық Америкадағы азаматтық соғыстар кезінде әскери қылмыстарды тексеруге арналған. Кейінірек The Watch Committees ұйымының комиттері көптеген елдерде пайда болды. Олар «Asia Watch» (1985), «Africa Watch» (1988) және «Middle East Watch» (1989) сияқты басқа да аймақтық филиалдар құрылды. 1988 жылы олар бірігіп «Human Rights Watch» деп аталатын ұйымға айналды.

Human Rights Watch тарихы
http://russia-now.com/

Ұйымның қызметі

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын басшылыққа ала отырып, Human Rights Watch ұйымы негізгі адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді. Соның ішінде өлім жазасы мен жыныстық бағдарға негізделген кемсітушілікке қарсы тұрады. Ұйым дін бостандығын және баспасөз бостандығын қорғайды. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін үкіметтерге және жекелеген саясаткерлерге жетекші дамыған мемлекеттер арқылы қысым көрсетіледі.

Ұйым халықаралық құқық қорғау нормаларының бұзылуын зерттеу арқылы баяндамалар жариялайды. Өйткені олар Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияға және халықаралық нормаларға сәйкес келу керек деп санайды. Зерттеушілер адам құқығы бұзылғандығы туралы фактілерді іздестіреді. Сонымен қоса дипломат арқылы құрбандармен қарым-қатынас жасайды. Сыни жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және жергілікті және халықаралық БАҚ өкілдерімен айыпты жаққа қысым көрсетеді.

Баяндамаларда әлеуметтік және гендерлік кемсітушілік, азаптау, жауынгер-балалар, билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қылмыстық процестегі бұзушылықтар, абортты заңдастыру сияқты мәселелер қарастырылады. Хьюман Райтс Уотч сондай-ақ бүкіл әлемдегі жазушыларға қаржылық қолдау көрсетеді. Hellman / Hammet гранты драматург Лиллиан Хелманмен оның әріптесі, романист Дэшиэл Хамметтің қаражаты мен қаржысы арқылы қаржыландырылады. Тікелей қаржылық көмекпен қоса, Hellman / Hammett гранты адам құқықтарын қорғау үшін қудаланатын белсенділерге халықаралық назарын аударуға көмектеседі. Ұйымның сайты: https://www.hrw.org/

https://www.democracywithoutborders.org/

Ұйымның қаражаты

2008 жылдың маусым айында ұйым қоғамдық қайырымдылық арқылы 44 млн. АҚШ доллар көлемінде қаражат алған. Қаражаттың шамамен 75% Солтүстік Америкадан, 25% Батыс Еуропадан, әлемнің басқа өңірлерінен 1% -дан аз екендігін хабарлады. 2008 жылғы қаржылық бағалауға сәйкес Human Rights Watch ұйымы үкіметтерден немесе басқа ұйымдардан ешқандай қаржыландыру алмағандығын мәлімдейді.

2010 жылы «Ашық қоғам» қорының қаржыгері және филантропты Джордж Сорос ұйымға 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлген. Ұйым тарихында ең ірі гранттың арқасында жұмыс істейтін қызметкерлер 300-ден 420-ға дейін ұлғайтылды. «Better Business Bureau» ұйымының мәліметі бойынша, Human Rights Watch ұйымы қайырымдылық көмек туралы есеп беру стандарттарына сәйкес келеді деген.