Google Корпорациясы қалай пайда болды?

Google

Google Корпорациясы

Google Корпорацияның негізгі өнімі  іздеу жүйесі.  Іздеу жүйесінен басқа бірқатар тегін қызметтер ұсынады, атап айтқанда:  Mail пошта қызметі,  Analytics статистикасы жүйесі, Youtube бейне сервисі, онлайн аудармашы,  AdWords жарнама берушілердің контекстік жарнамалық жүйесі және AdSense хабаршыларына, сұрақ-жауап қызметтері және т.б.

Пайда болу тарихы

Технология дамыған қазіргі заманда интернеті пайдалану ешкім үшін таңсық болмай қалды. Дегенмен өзіміз күнде пайдаланып жүрген іздеу жүйелерінің тарихын біле бермейтініміз шындық. XX ғасырдың соңы,1995 жылдың жазында Стэнфорд университетінің студенті Сергей Брин 1 – курс студенті Ларри Пейджбен танысады. 

Олар жақын дос болып араласып кетеді. Ларри Пейдж өзінің диссертациясына тақырып іздеу барысында “BackRub” деген ғылыми жобасын бастайды. Кейінірек оған Стэнфорд университетінің Ph.D аспиранты Сергей Брин қосылады. Сонымен олар өздерінің ойлап тапқан іздеу жүйелерінің атын “BackRub” деп атайды. 

 

https://tjournal.ru/51574-fireside-chat

Google сөзі қалай пайда болды?

Ал іздеу жүйесі атының Google деп өзгертілуі де кездейсоқ болады. Негізі,компанияның аты Googol(“гугол”) болуы керек еді. Бұл бір санынан кейін жүз нөлі бар цифрды білдіреді. Жаңа жұмыстарына инвестор іздеп жүрген екі жігіт Sun Microsystems компаниясының негізін қалаушылардың бірі Энди Бехтольшейммен кездеседі. 

Сергей өз жобасын жайында айта бастағанда асығып тұрған Энди “Идеяларың өте қызық екен, мен бірақ асығып тұр едім” деп чек кітапшасын алып, әлі пайда болмаған «ГУГЛ» (байқамай қате жазады) компаниясына 100 мың АҚШ долларын жазып кетеді. Сергей мен Ларридің мұндай мырзалыққа ауыздары ашылып қалады. Пейдж пен Брин банктен ақша алу үшін 1998 жылдың 7 қыркүйегінде компанияларының атын «гугл» Incorporated деп өзгертеді. Осылайша сайтында «google.stanford.edu». доменімен жұмыс істей бастайды.

Google
http://tier.brianhenry.co/google-company/

Ең қымбат брэнд

Осыдан бастап компания тек өрлеу үстінде. Қазіргі таңда Google – әлемдегі ең қымбат бренд. 2011 жылы  Microsoft,Sony және тағы басқа да компанияларды басып озып, АҚШ – тағы ең мықты компаниялардың бірі болды. Қазіргі уақытта Сергей  Брин – компанияның негізін қалаушы. Ларри Пейдж – компанияның негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры. Ал Эрик Шмидт – директорлар кеңесінің төрағасы. 2013 жылы  төртінші рет АҚШ-тың 100 ең үздік жұмыс берушілер тізімін жариялады, оны жыл сайын Fortune журналы жариялайды. 2016 жылғы 1 ақпанда Alphabet Apple-ді айналып өтіп, нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі компания болды . Алайда екі күннен кейін компания Apple-ге қайтадан құндылығын жоғалтты.  Alphabet 15 мамырда рынокты капиталдандыру арқылы тағы да әлемдегі ең ірі компания болды.