God of War — экш-шытырман оқиғалы ойын

God of War экш-шытырман оқиғалы ойын

God of War (қаз. «Соғыс құдайы») – экшн-шытырман оқиғалы үшінші тұлғалы ойын,  God of War сериясының 8-інші бөлімі, God of War III (2010) сиквелі. Өткен барлық ойындар сериясы грек мифологиясына негізделген, осы жолы скандинавиялық мифология негізі алынған. Протагонист Кратер басты кейіпкер болып қалады, бірақ енді оның Атрей атты ұлы болады. Кратос ұлы үшін мұғалім және қорғаушы болады.

God of War Геймплей

Геймплейі алдыңғы ойын серияларынан өзгеше болады, себебі ойынды басынан бастап жаңадан жасады. Ойынның ішінде RPG-ге ұқсайтын элементтер кездеседі, мысалы, садақ ату қабілетіне ұпай, «Spartan Rage» («спарталық ашу») жауынгерлік қабілеті уақытпен шектеулі. Ойыншы қолөнер жасау үшін ресурстарды таба алады. Бұл қабілет өткен ойындардан «Rage» («ашу, ыза») жаңа нұсқасы болады. 

Алдыңғы ойындардан айырмашылығы кинематографиялық фиксациялы 3-ші тұлғалы камеранын орнына еркін қозғалатын 3-ші тұлғалы иықтан көрінетін камера. Басты өзгеріс Кратосдың қос жүзді қарудың жоқтығы өйткені ол 2010 жылғы финалдық ойынында жоғалтты. Оның орнына, қарапайым қабілетті және жауларға лақтыруға болатын сиқырлы балта болады. Балтаға мұз жабысып, жауға лақтырып, сиқырлы түрде қолына қайта оралуы мүмкін.

God of War ойынының геймплейі
https://gamingtrend.com/

Кратос балтаны зарядтай алады және жақын орналасқан жауларға жарылатын энергия зиян келтіреді. Тағыда бір жаңа қару қалқан. Қолданбаған кезде, қалқан Кратостың сол білегінде жатады, қорғаныс ретінде қолданылады. Қолданылған кезде, шабуылдау және қорғау функцияларын атқарады.

 Кратос жұдырықпен төбелесе алады. Ойыншы Кратосты бүкіл ойын бойы басқарса да, ойыншы Атрей-ді де басқаратын сәттер болады. Атрей көзқарас бағыты бойынша найзағайлармен аталады. Ойын барысында Атрей шайқаста, жолды бағыттағанда, жұмбақтарды зерттеуге және шешуге көмектеседі. Қарсыластыра көп болған жағдайда, әлсіз жауларды өзіне алады, ал Кратос күшті жаулармен күреседі. 

https://www.usgamer.net/

Сюжет

Кратос Олимп құдайларынан кек алғаннан кейін көп жылдар өтті. Әкесі Зевспен соңғы күрестен аман қалған Кратос енді скандинавтық құдайлардың әлемінде өзінің жас ұлы Атреймен бірге тұрады. Бұл көптеген қатал монстрлар мен жауынгерлердің мекендеген жабайы жер. 

Ұлын осындай жағдайларда аман қалуды үйрету үшін Кратос көптеген жылдар бойы запатап жүрген Rage ашуы керек, әкелік борышы мен мұғалімдік жаңа рөліне үйренуі керек. Кратос сондай-ақ солтүстіктегі құдайлармен күресуге тура келеді, себебі олар Олимпияды жоюдағы рөлін біле отырып, оған қарсы сақтық шараларын қабылдайды. Атриэй шатастырылған тағдыры туралы көбірек біледі, оған еліктеуге немесе тәуелсіз адам болуға тырысады.

https://wccftech.com/

God of War ойынының жасалуы

2014 жылғы желтоқсанда жыл сайынғы PlayStation Experience-те Santa Monica Studios шығармышылық директоры Кори Барлог God of War ойынның жасалуы бастапқы кезенде екенін растады. Демо-да Кратос ұлың аң аулауға үйреткен. Олар мифологиялық трольмен бірге күрескен. Барлогтың айтуынша, ойынның атауында сандар немесе қосымша тақырып атын нақты көрсетпеді, өйткені бұл барлық ойын серияларын қайта қарастырып, серияның жалғасы. Жаңа ойын жасау кезінде бірінші бөлімді жасаған команданың көпшілігі қатысты. Жаулардың саны бір уақытта 100-ге дейін ұлғайтылған.

https://stopgame.ru/

Кейіпкерлер

Ерте кезеңде жаңа бас кейіпкер туралы әңгіме болды, бірақ олар Кратосты қалдыруға шешім қабылдады. Барллог былай деді: «Нинтендо ойындарымен байланысты Марио сияқты, Кратоста соғыс Құдайының сериясымен байланысты». Барлог Кратос өзінің зорлық-зомбылық циклын өзгертуі және оның ашулануын бақылауды үйренуі керек екенін түсіндірді. Оның айтуынша, Кратос көптеген қатыгез шешімдер қабылдады, ол Олимптың жойылуына әкелді. 

Енді Кратос жақсы шешім қабылдаған жағдайда не болатынын қызықтырды. Кратостың сипатын өзгерту туралы идеясы Барлогка өз ұлының дүниеге келгенде келді. Барлогтың айтуынша, «ойын Кратостың ұлын Құдайға қалай үйрететіні туралы және оның ұлы Кратосты қайтадан ер адамға үйретеді». Барлогтың айтуынша, «ойын Кратостың ұлын қалай Құдай болуын үйретеді және оның ұлы Кратосты қайтадан адам болуға үйретеді». 

God of War ойыны кейіпкерлері
https://stopgame.ru/

Сеттинг

Алғашқы 7 ойын грек мифологиясына негізделген, ал жаңа бөлігі скандинавиялық мифологияға арналған. Скандинавия мифологиясын таңдаудан бұрын, тағы бір атақты мифология қарастырылған — мысырлық. Барлогтың айтуынша топтың жартысы мысырлық мифологияны тандаған, бірақ команда Кратосқа назар аударғысы келгендіктен, скандинавиялық мифологияны қолдану туралы шешім қабылданды.

 Неліктен Кратос Скандинавтық әлемде екенін түсіндіреді, Барлог былай деді, әртүрлі сенім-нанымдар жүйесі өмір сүрді, бірақ географиялық жағынан бөлінді; Осыған байланысты Кратос Грециядан Норвегияға (Скандинавия) God of War III аяқтағаннан кейін кеткенін айтады. Барлог айтқандай ойында Викингтардаң бұрын болған уақыт: бұл құдайлардың Жер бетінде жүрген уақытын көрсетеді. Ойын барысында Скандинавия мифологиясынын 9 әлеміне баруға болады.

https://stopgame.ru/

Жетістіктері

Ойын шығарылғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде ойын 3,1 миллион дана көлемінде сатылды. Сатылымның бірінші айы үшін — 5 млн дана. 2016 жылы Game Critics Awards-дағы «графика үшін ерекше мақтау» номинация жеңімпазы, «Е3-те үздік», «Үздік PlayStation 4 ойыны», «Үздік экшн», (IGN) «Ең күтілетін ойын»( Game Awards 2016) номинациясына ұсынылды.