GAVI вакциналау мен иммундауға арналған ғаламдық ұйым

GAVI вакциналау мен иммундауға арналған ғаламдық ұйым

GAVI туралы жалпы ақпарат

GAVI (анг. Global Alliance for Vaccines and Immunisation) ғаламдық аламдық вакциналау мен иммундау ұйымы. Ұйымның мақсаты бұл кедей елдердегі балаларға вакциналауды қолжетімді ету. Сонымен қатар осы мақсатты жүзеге асыру үшін ұйым мемлекет немесе жекеменшік ұйымдармен бірге жұмыс істейді.

Ұйымға көмектесуге әр түрлі ұйымдар атсалысты. Олар ДДҰ, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк, әртүрлі елдердегі вакциналарды өндірушілер, ғылыми-техникалық мекемелер, қоғамдық ұйымдар, әр түрлі қорлар және т.б. Соның ішінде Билл және Мелинда Гейтс қорлары кіреді. Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы мақаланы мына жерден оқи аласыз: Билл және Мелинда Гейтс қоры туралы деректер. GAVI вакциналық қормен 70-тен астам елге, соның ішінде көптеген африкалық елдеріне вакциналарды жеткізеді.

GAVI ұйымы туралы жалпы ақпарат
https://www.gavi.org/

Тарихы

GAVI ұйымы 2000 жылы кедей елдерде вакциналарды тарату механизмдерінің нашарлауы аясында құрылды. 1990 жылдардың соңында вакциналау  жылдамдығы төмендеді. Жыл сайын 30 миллионнан астам туылған бала қажетті иммунитетті  алмады. Вакцинацияның қолжетімділігін арттыру үшін Билл мен Мелинда Гейтс Қоры ГАВИ-ге 750 миллион АҚШ долларын сыйға тартты. Жалпы, 2013 жылдың басында қордың қаражаты 1,5 миллиард долларға жетті.

Нәтижесінде 5 миллионнан астам адамды гепатит B, гемофильді инфекция түрі B (Hib), қызылша, көкжөтел, пневмококк инфекциясы, полиомиелит, ротавирус диареясы және сары безгегіден аман алып қалды. Ең тиімді пневмококкқа қарсы вакцинация құрылды. Ұйымның арқасында балалардың өлім-жітімін үштен екіге дейін азайтты. Ұйымның сайты: https://www.gavi.org/

GAVI ұйымының пайда болу тарихы
https://www.iffim.org/

GAVI пентавалентті вакцинасын (Pentaxim) дамушы елдерде қолданғанын талап етіп отыр. Себебі бұл вакцина арқылы дифтерия, сіреспе, көкжөтел, гемофилді инфекциясының түрі, гепатит B  ауруларына қарсы ықпал етеді. 2013 жылдың шілдесінде ұйым 700 миллион доллар көлемінде (IFFIm қатысуымен) пневмония және диареямен күресу үшін вакциналарды сатып алу туралы шешім шығарды.

Жұмыс істеу принципі

ГАВИ-ге  қолдау көрсеткен елдер өздерінің иммундау қажеттіліктерін анықтауға, вакцинация бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.  Ұйым қаржыландыру алушы елдерден вакциналар мен иммундау бағдарламаларының жарты құнын төлеуді талап етеді. Көптеген елдер ГАВИ-дан қаржыландырылған вакциналарды сұрап, өздерінің тұрғындарының денсаулығын жақсарту үшін жобаларды бірлесіп қаржыландыруға дайын екендіктерін білдірді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, GAVI альянсы вакциналарды өндірушілермен ұзақ мерзімдік (онжылдық) келісім жасайды. Бұл ең төменгі тіркелген бағамен жылына ондаған миллион доза деңгейінде вакциналарды айтарлықтай көлемде жеткізуге арналған.