FindFace нейрондық желі арқылы тұлғаны тану технологиясы

FindFace нейрондық желі арқылы тұлғаны тану технологиясы

FindFace туралы ақпарат

FindFace нейрондық желілік шешімдерге маманданған ресейлік NtechLab компаниясы әзірлеген тұлғаны тану технологиясы. Осы технологияға сүйене отырып, компания мемлекеттік және әр түрлі бизнес секторларына арналған бірқатар шешімдерді ұсынды. Бұған дейін бұл технология «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі адамдарды табу үшін қолданылды.

Пайда болу тарихы

FindFace алгоритмін құрушы ресейлік бағдарламашы Артем Игоревич Кухаренко. (1990 жылы туған). Сонымен қатар ресейлік бағдарламашы NTechLab компаниясының бас директоры.(бет-әлпетті тану технологиясымен айналысатын компания). Нейрондық желілердің мәселелері бойынша бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Жас бағдарламашы Троицк қаласында туып өскен. Сегізінші сыныптан бастап 1543-ші математикалық гимназияда оқыды.

FindFace тұлғаны тану технологиясын құрушы Кухаренко Артем
https://www.kommersant.ru/

Мәскеу мемлекеттік университетінің есептеу математикасы және кибернетика факультетін бітірді. Студенттік жылдары университеттің компьютерлік графика зертханасында жұмыс істеді. Сол кезде ол тұлға тану мәселесі бойынша жұмыс істеп, дипломдық жұмыс жазған.

Жұмыс істеу технологиясы

2016-2018 жылдар аралығында NtechLab компаниясы FindFace технологиясын пайдаланудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Бұл кейіннен компанияның коммерциялық өнімдерінің негізін құрады. Компания сайты https://findface.pro/ 

2016 жылдың маусым айында Alfa Future People rave фестивалінде FindFace қызметі енгізілді. Іс-шараның қонақтары осы технология арқылы фестивальге өткізілді. Содан кейін қонақтар өздерінің әлеуметтік желілеріне фотосуреттер жіберді. Экспериментке қатысу ерікті болды және қонақтардың құпиялылығын бұзбады.

https://theins.ru/

2017 жылы NtechLab алгоритмдері Мәскеу қаласының ақпараттық технологиялар департаментімен жұмыс жасайтын бейнебақылау жүйесіне енгізілді. Бұл жүйе бейнеге сәйкестікті табу үшін Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасын пайдаланады. Жүйені болжамды қолдану арқылы  қылмыскерлерді іздеп, табуға көмектеседі. 

FindFace даму жолы

2015 жылы NtechLab’s алгоритмі Вашингтон университеті ұйымдастырған Халықаралық MegaFace тестілеу байқауында үздік деп танылды. 2016 жылдың мамыр айында NtechLab және үш ресейлік компания NIST өткізген биометриялық технологияларды ресми тестілеуге жіберілді. Тестілеуден кейін компанияға АҚШ және басқа елдердегі мемлекеттік тендерлерге қатысу құқығы берілді. Тестілеу нәтижелері бойынша алгоритм NIST бойынша бірінші орын алды.

FindFace тұлғаны тану технологиясының дамуы
https://nerdist.com/

2017 жылдың көктемінде NtechLab қайтадан Face Recognition Vendor тестінде бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, 2017 жылдың наурыз айында Oгайо Университеті ұйымдастырған EmotionNet Challenge автоматты эмоцияларды тану байқауында жеңіске жетті. Байқауға 37 команда тобы қатысқан. 2018 жылдың қыркүйегінде NtechLab компаниясының жаяу жүргіншілерді тану алгоритмін Amazon және SenseTime IT корпорациялары қызығушылық танытты.