Far Cry 5 бірінші тұлғалы экшен-шытырман шутер

Far Cry 5 ойыны

Far Cry 5 ойыны

Far Cry 5 (қаз. «үлкен айырмашылық») – бірінші тұлғалы экшн-шытырман шутер, Far Cry-дің жалпы 11-ші бөлігі және негізгі 5-ші бөлімі. Алдыңғы бөлімдегідей ойын ашық әлемде өтеді. Ойыншы әлемді жаяу немесе көлікпен зерттей алады. Алдыңғы бөлімдерге қарағанда ойыншыға кейіпкерді бет-пішінін өңдеуге мүмкіндік беріледі. Ойыншының арсеналында қашықтыққа арналған және жарылғыш қарулар көп, бірақта жақын жекпе-жекке арналған қарулар саны көбейді. Ойын басталғанда ойыншыға аздаған ақпарат, нұсқаулар немесе мақсаттар беріледі, ойыншы өз бетімен зерттеуі керек.

 Ойын әлемі ойыншы әрекеттеріне жауап береді. Мысалы, ойыншы табынушылықтың ықпалын жойса, тұрғындар өз жеріне қайтып келеді және басқада халықтарға көмек бере алады. Ойында жалдау жүйесі бар: жергілікті тұрғындарды, мысалы, Far Cry 2-дегі «Достар» жүйесіндегіндей жалдауға болады. Бұл жүйеде ойыншының тұрғындарды оған қосылуға сендіруі қажет. Әрбір серіктестің ерекше дағдылары мен жеке қасиеттері бар. Жалға алушылар жүйесі өткен бөліктердегі маяк жүйелерін ауыстырды. 

Мысалы, Far Cry 4-те картаның бөліктерін және аймақтағы әр түрлі іс-әрекеттерін анықтау үшін қоңырауларға көтерілу керек болатын. Far Cry 5 осы жүйені жояды, орнына кейіпкерлермен, оқиғалармен және басқа да кейіпкерлерді ашу үшін кейіпкерлермен қарым-қатынасты дамыту ұсынылады. Ойыншы жабайы жануарларды үйрете алады. Үйретілген жануарлар айқастарда көмектеседі және берілген бұйрықтарды орындайды. Жануарлардың әрбір түрлері әртүрлі әрекет етеді. Түрлі балықтарды аулау мүмкіндігі қосылған. Ойынды жеке немесе кооперативті мультиплеерлік режим арқылы серіктеспен өтуге болады.

Сюжет

Far Cry 5 ойынының сюжеті
http://www.forbes.ru

Монтана штаты, Хоуп ауданында уағыздаушы Джозеф Сид танымалдылыққа ие болады. Сидтің ойынша Хоуп тұрғындарын келе жатқан қауіптен құтқаруға міндетті, содан «Эдем қақпасы» атты жеке ұйым ашады. Адамдарды құтқару жолы ретінде жариялайды, бірақ шынында Сид – радикалды уағыздаушы, ал ұйымы – ақыр заманға сенетін культ екен. Оның басқармасында Хоуп тұрғындарын ұйымға сендіру үшін қатігездік пен қысымшылық көрсетеді, солайша адамдарды қыспаққа алып, сыртқы әлеммен байланыс үзеді. Полиция қызметкерлері Сидті тұтқындауға тырысқанда кезде қақтығыста қаза табады. Ойыншы «Эдем қақпасы» ұйымымен Хоуптің қалған тұрғындары ұйымдастырған қарсылық қозғалысымен қарулы қақтығыстын ортасында қалады.

 Сидті тұтқындау бойынша тапсырмаға қатысатын команданың бірі шериф көмекшісі, ойыншы осы рөлде ойнайды. Сид Хоуп ауданын «глашаят» және «герольд»: бұрынғы әскери офицер Яков, адвокат Джон және Фейс пацифист атты аға әпкелерінің көмегімен бақылауға алды. Пастор Джеффрис, оның тұрғындары ұйымның құрбаны атанады, бармен қыз Мэри Мей, оның әкесі ұйымның кесірінен өзіне суицид жасаған, ұшқыш Ник Рай балаларының болашағы үшін ұйымды жойғысы келеді және снайпер мылтығы бар жалғыз жалдамалы киллер Грейс Армстронг барлығы Сидке қарсы шығады.

https://vgtimes.ru

Far Cry 5 ойынының жасалуы

Басты дайындаушы Ubisoft Montreal, көмектескендер Ubisoft Toronto, Ubisoft Kiev, Ubisoft Shanghai және Ubisoft Reflections. Басты директор – Дэн Хей, Far Cry 3-ті басқарған бұрынғы жетекші продюсер, басты сценарист – Дрю Холмс, бұрын BioShock Infinite ойынында жұмыс істеген. Ойын қозғалтқышы ретінде CryEngine  модификациясы бұрыннан қолданылып келе жатқан Dunia қолданылған. 

Монтана штатын тандау себебі АҚШ шекарасында орналасқан. Ойынды шынайы істеу үшін команда екі аптаға Монтана штатына барып, табиғатын биомасын, бейтаныстар мен билікпен араласуды қаламайтын жергілікті тұрғындарды зерттеген.  Бұрын команда Far Cry 4 үшін осындай зерттеуді Непалда өткізген. 2016 жылы Far Cry Primal шыққан соң, Ubisoft келесі бөлім ұзағырақ дайындалатынын және 2017 жылы шықпайтынын мәлімдеді.

 Far Cry 5 ойыны тағы екі ірі ойындармен The Crew 2 және Assassin’s Creed Origins  бірге 2018 жылы шықты. Ойын барлық платформаларға Playstation 4, Xbox One, PC шығады. Бастапқыда ойын 2018 жылдың 27 ақпанында шығу керек еді, бірақ 2017 жылғы желтоқсанда Ubisoft релиз 27 наурызға ауыстырылды. 

Far Cry 5 ойыны
https://vgtimes.ru

Музыка

Кейбір музыкаларды Дэн Ромер құрады. Дыбыс директоры Тони Грониктың айтуынша, команданың мақсаты ойын әлеміне фон музыкасын көп қосу, сонымен қатар табынушылықтың шың мәнін көрсету. Негізінде ойыншы музыка арқылы табынушылардың хабарларын түсіне алады. Осы ойды іске асыру үшін команда госпел стилінде, ақырғы заман туралы мағыналы мәтіні бар гимн музыкасын жасаған. Бірнеше антагонисттардың идеяларын дамыта отырып, ойын аумақтарына байланысты музыка әртүрлі шықты. Музыка стилі бойынша кантри-дан глэм-рок пен индастриал-ға шейін жетеді. Уағыздаушы Сид-тің әнұрандары өз ұйымының герольдардың жеке қалауына байланысты өзгереді. Жәнеде ойыншы көлікті айдаған кезде лицензияланған музыкалық тректер ойналады.

Ойынға байланысты оқиғалар

2017 жылдың мамыр айында Far Cry 5 анонсы әлемдегі саяси және идеологиялық жанжалдардың артуы кезінде шықты. Мысалы, АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлануы, Ұлыбританияның ЕО-дан кетуіне байланысты қысым жасау. Көптеген журналистер АҚШ-та діни фанатизм мен оң радикалдар наразылықтары — Far Cry ойындарына тән экзотикалық жерлерде болмағаны үшін, ойынды қызған пікірталасқа айналдырады деген пікір білдірді. 

Ойынның ұзақ жасалғаны,Ubisoft компаниясының сюжетті саяси климатқа арнайы бейімдеуі екіталай деп журналистер атап өтті. Ойын директоры Дэн Хэй, ойын сценарийі белгілі бір саяси оқиғаға реакция ретінде емес, экстремалды түрге айналған наным-сенімдер мен идеологиялардың салдарын талқылау үшін жазылған екенін жауап ретінде түрлі сындарға жауап берді. Far Cry 5 бейне сюжетінде американдық христиантдар зұлым адамдар ретінде көрсетілген, соны көрген адамдар Change.org сайтында онлайн-петиция тақырыбын құрып, талқылады; петиция бойынша, антагонистарды мұсылмандарды немесе басқа да «ақ емес» зұлымдарға өзгерту туралы немесе ойын локациясын Канадаға өзгерту туралы өтiнiш жасады. 

Бұл өтiнiштi ойын индустриясындағы комментаторлар сынға алды, ол талқыланған тақырыптарды зерттеу қазіргі қоғамдық-саяси ахуалды қажет ететiнiн және бұл ойын қоғамдық пікірлердi білдіру құралы болып табылады. Кейбір жарияланым өтініштердін түпнұсқалылығына күмән келтіре отырып, сатира болуы мүмкін деп күмәнданған.

https://cubiq.ru

Жүйелік талаптар

операциялық жүйе: Windows 7,8,10 (64 биттік)

процессор: 3,5 ГГц Intel Core i5-2400 3.1 ГГц немесе AMD FX-6300; Intel Core i7-4770 @ 3.4 ГГц немесе AMD Ryzen 5 1600 @ 3.2 ГГц;

бейне картасы: NVIDIA GeForce GTX 670 немесе AMD R9 270 (2 Гбайт бейне жады); NVIDIA GeForce GTX 970 немесе AMD R9 290X (4 Гбайт бейне жады)

Жедел жад: 8 Гбайт;

Дискі кеңістігі: 17 Гбайт;