Everest Base Camp Trek

Моцарт

Моцарт бес жасында алғашқы шығармасын жазады

Әлемге әйгілі композитор, асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер. Вена классикалық мектебінің жарқын өкілі Вольфганг Амадай Моцарт. Моцарт 1756 жылдың 27 қаңтарында Австрияның Зальцбург қаласында дүниеге келген. Шіркеу қызметкерлері оған Иоганн Хризостом Вольфганг Теофил деп ат қояды.Вольфгангтың анасы жеті құрсақ көтерген еді. 

Оның музыкаға деген қабілеті үш жасынан ашылай бастайды. Алғашқы ұстазы – әкесі Леопольд Моцарт еуропалық музыка ұстаздарының беделді тұлғаларының бірі болды. Бала Амадей әсіресе шіркеу әндерін сағаттап тындаудан жалықпайтын. Оның әпкесі Мария Анна да клавесинде жақсы ойнайтын. Әкесі алғашында қызы Наннерльге (әкесі қызын ослыай еркелететін) музыканы үйрете жүріп, кіп-кішкентай Вольфгангтың да клавесиннің жанынан шықпайтынына таңдана қарайтын.Күндердің бір күнінде әкесі үйіне келсе, төрт жасқа да толмаған ұлының үстелге шығып алып, нота қағазына шұқшиып отырғанын көреді. Әкесі: «Мұның не?» — деп сұрағанда, баласы: «Клавесинге арналған концерт», — деп жауап береді. Баласының жауабына мәз болған әкесі Моцарттың жұмысын қолға алып қарағанда қуаныштан көз жасынан тоқтата алмай қалады. Сөйтсе, ұлының нота танығаны былай тұрсын, әпкесі орындап жүрген музыкалық пьесалардың бәрін де жатқа білетін болып шығады.

бала Моцарт
https://art-music-club.jimdo.com

Үйде біраз емделгеннен кейін Моцарт балаларын ертіп тағы да жолға шығады. Мюнхен, Венамен қоса, одан әрі Париж бен Лондонда, Амстердамда өнер көрсетеді. Олар қайда барса да жұртшылықты таң-тамаша қалдырады. Сөйтіп, кішкентай данышпанның атағы император Францқа да жетеді. Ол бала Моцарттың өнерін тамашалағаннан кейін пернелерді орамалмен жауып қойып, музыка ойнай беретін музыканттарды да көргенін айтады. Сонда Моцартта орамалмен пернелерді жауып қойып, әлгі шығарманы қайтадан айнақатесіз ойнап, императорды одан әрі таңғалдырған еді.

Талантты бала

Кейін Моцарттың сапары Италияда жалғасады. Византия императоры ұлы Иосиф ІІ оның талантына тәнті болады. Ол Моцарттың ата-анасына үлкен көлемде қаражат бөліп, Моцарттан бір аптаның ішінде Вена опера театрының сахнасына қойылатын жаңа туындыға тапсырыс береді. Амадей жеті күннің ішінде «Қарапайым кристиан қызы» атты операсын жазып шығады. Осы шығарма тұсында Венадағы композиторлар «он екі жасар баланың мұңдай шығарма тудыруы мүмкін емес. Ұлының атын шығару үшін шығарманы әкесі жазып беріп жүр» деген сыни пікірлер айтып, жас балаға жала жабады. Бұл бала Моцартқа әкесі мұндай сыни пікірлер жақсылыққа апармайтынын түсініп, тұңғыш жазған операсын қоюдан бас тартады. Вена театрындағы алғашқы сәтсіздіктен кейін әкесі ұлын ертіп операның отаны – Италияға жол тартады. Әлемнің ең ірі театрларының бірі Миланның «Ла Скаласы» оған «Понтия патшасы Митридат» («Митридат, Понтиский царь») операсын жазуға тапсырыс береді.

Еуропа елдеріне саяхат

Ол 1771 жылы Милан қаласының сахналарында көрсетіле бастайды. Ал 1772 жылы «Луций Сулла» операсын жазады. Бірақ, өкінішке қарай, Моцарт шығармашылығы италиялықтарды қанағаттандыра алмайды. Олар тіпті Моцарттың музыкасынан ештеңе түсінбейтіндерін айтып, шығармаларына көңіл аудармайды. Әлемнің өнер астанасы саналатын Париж де, бір кезде данышпан балаға аузын ашып таңғалған француз жұрты да Моцартты құшақ жая қарсы алмайды. Сондықтан ол 1774 жылы қайтадан туған қаласы Зальцбургке оралады. Осы жылдары Зальцбург үшін Моцарт «ІІ sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы туралы Сципион түсі) атты шығармасын жазады. Зальбургтің жаңа әміршісі граф Колоредо шіркеу хорларына арналған шығармаларды жазуды ғана талап еткен еді. Себебі ол тек діни шығармалар жоғары деңгейде қабылданатынына сенімді болады. Осы жылдары данышпанның шығармашылық қорында төрт опера, он үш симфониялық композиция, жиырма төрт соната бар еді.

https://sites.google.com

Моцарт өмірде қаржы жағынан көп қиындық көрді

Бірнеше айдан кейін Моцарт саяхатын қайта жалғастырады: Мангин, Париж, Мюнхен. Осы саяхат барысында ол отбасына ешқандай көңіл аудармайды. Шынайы өмірге қайта келуіне тек анасының өлімі ғана әсер етеді. Бұл қайғыны да ол өмірінде кездескен қиындықтар секілді өз ішінде ғана сақтап, жан қайғысын музыка арқылы шығарады. 1781 жылдың 26 қаңтарында Мюнхенде оның «Идоменей» операсы үлкен табыспен қойылады. Моцарттың шіркеуге жиі баруы «Misericordias Domini» атты операсын жазуға түрткі болады. Кейінірек бұл ХVIII ғасырдың шіркеу музыкасының эталоны болыр есептеледі. Иосиф ІІ Моцартқа жаңа опера жазуға тағы тапсырыс береді. Осы тұста неміс қауымы мақтан тұтатын «Сералдан ұрлау» («Die Entführung aus dem Serail») операсы дүниеге келеді. Кейінірек бұл шығарма Германияға кеңінен таралып, ұлттық бірінші опера деп есептелінді. Дәл осы кезде оның өміріндегі жалғыз сүйген адамы Констанциямен қарым-қатынасы басталған болатын.

Моцарттың шығармалары

Моцарт осындай атақ-даңқына, танымалдылығына қарамастан, өмірде қаржы жағынан көп қиындықтар көрді. Сабақ беруге, жергілікті веналық аристократтар кештерінде музыка ойнауға мәжбүр болды. Осының бәрі композитордың көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Осының салдарынан фортепиано арналған «Loca del Cairo», «Lo sposo deluso» атты шығармалары аяқталмай қалады. 1786 жылдан бастап денсаулығы сыр беріп жүргеніне қарамастан, ол тәулігіне жиырма сағат жұмыс істей бастайды. Әсіресе қырық екі күннің ішінде «Фигароның үйлену тойы» атты керемет шығармасын жазып шығуы таңғаларлық жайт еді. Бұл опера кейін «ең ұлы үш операның алғашқысы» деп аталады. Өзге музыканттар да «алты аптаның ішінде жоғарғы деңгейдегі мұндай шығару жазу мүмкін емес» деп таңғалады. Мұнымен қоса «Дон Жуан» пьесасына да жазып шығады. «Дон Жуаннан» кейін қазіргі таңдағы атақты симфонияларды жазуға бет алды. Осы таңғажайып музыка жауһарлары 1788 жылдың небәрі үш айында ғана жазылған еді. Әсіресе бұл симфониялардың ішінде Моцартқа ерекше ұнайтыны «№41 До мажор» шығармасы болатын. Өмірінің соңғы кезеңдерінде Моцарт үш бірдей атақты шығарма жазады. Олар: «Милосердие Тита», «Похищение из Сераля», «Волшебная флейта». Моцарттың шығармаларын зерттеушілерді қызықтыратын жағдай – композитордың сол кездегі көңіл-күйіне қарамастан, барлық шығармаларында терең оптимизмнің толы болғандығы. Өкінішке қарай, Моцарт өзінің соңғы шығармасы «Реквиемді» соңына жеткізе алмады.

Моцарттың өлімінің құпиясы

Ұлы данышпанның өлімі сол кезендегі жұртқа үлкен құпия болды. Біреулер «оны қастандықпен өлтірді» десе, енді біреулері «у беріп өлтірілді» деген болжам айтады. Тіпті жергілікті басылымдар мәселенің байыбына бармай жатып-ақ, Моцарттың өліміне күмәнді адамдарды атап өтеді. Осы қара тізімже Моцарттың шәкірті Зюсмайер, әйелі Констанция және бәсекелесі Сальери бар еді. Моцарт пен шәкірті Зюсмайер арасында аса жылы қарым-қатынас орнамағанымен, Моцарт өзінің соңғы шығармасы «Реквиемді» шәкіртінің аяқтауына келісімін береді. Ал әйелі Констанция Моцартқа өмірлік серік бола берді. Дегенмен Моцартты «Сальери өлтіруі мүмкін» деген пікірді ұстанушылар да өз ойлапын дәлелдей алмады.

 

 35 жыл ғана өмір сүрген Моцарт ұщын саны 600-ден астам шығарма жазыпты. Олардың арасында 20 опера, 50 симфония, фортепианоға арналған 27 концерт, 20 квартет, квинтет, 30-дан астам соната, көптеген аспаптық пьесалар бар. Моцарт 1791 жылы 5 желтоқсанда бүйрек инфекциясынан қайтыс болады.