Detroit:Become Human «Үздік Е3» номинациясының жеңімпазы

Detroit:Become Human

Detroit:Become Human (қаз. Детройт: Адам болу) — француздық Quantic Dream (танымал ойындары: Heavy Rain, Fahrenheit және Beyond: Two Souls) компаниясынан шыққан экшн-шытырман оқиғалы ойын. Ойынның сюжеті үш андроид туралы: жаңа сана-сезімін түсіну үшін, андроид жинайтын фабрикадан қашып кеткен Кара; Коннор, жұмысы девианд андроидтартарды іздеу; Маркус, андроидтарды құлдықтан босатқысы келеді. Ойыншының шешімдеріне байланысты олар аман қалуы немесе өлуі мүмкін.

Detroit:Become Human жасаған компаниясы

Detroit: Become Human Quantic Dream-ның Kara техникалық демо-ойынынан (2012) шығады. Валерий Карри андроид рөліне оралды. Зерттеу үшін әзірлеушілер Детройтқа қаласына барған. Команда ойынға жаңа ойын қозғалтқышын (игровой движок) жасады, Лос-Анджелес, Лондон және Парижден екі жүз актерді тартты, содан кейін түсіру және анимация процесіне көшті. Директор Дэвид Кейдж 2 жылдан астам сценарий жазған.

Detroit:Become Human
https://root-nation.com

Геймплей

Detroit: Become Human бірнеше ойын кейіпкерін қамтитын 3-ші тұлғаның көрінісі бар экшн-экшн-ойын. Әрбір ойын кейіпкері өліп қалуы мүмкін және ол онсыз жалғасады, сондықтан өлімнен кейін «ойынның аяқталуы» болмайды. Ойындағы тарих ойныншының шешімдеріне негізделген. Тарихтағы белгілі бір нүктеге ескі шешімдерді өзгерту үшін қайта оралуға болады.

https://root-nation.com

Сюжет

Жақын арада, 2038 жылы, жер бетінде толығымен андроид роботтар жасау өндірісі дамып келеді, Cyberlife компаниясы жасаған андроид роботтары әртүрлі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылады. Компанияның негізін қалаушы және андроидтарды жасаушы — Элайджа Камски. Жердегі жаһандық мәселелер тереңдей түседі: Жер халқының саны 10 миллиардқа жетеді, ресурстар азаяды, сол себепті Ресей мен АҚШ арасындағы Арктика жері үшін соғыс басталуы мүмкін. Ойын оқиғалары Детройт қаласында орын алады.

Detroit:Become Human кейіпкерлері

Кара – жаңадан құрылған жасанды интеллект енгізілген андроид . Ол адамдар арасында өмір сүруді үйренеді және өз орнын табуға тырысады, андроидтар әлі де саналы болмаған және ресми мақсаттарға пайдаланылатын. Тұрмыстық андроид, Тодд үй иесінен қатыгездікке ұшыраған кейін, девиантқа айналады.

https://root-nation.com

Коннор – андроидттерді анықтайтын жетілдірілген полиция қызметкері. Бірақ ойын барысында ол олардың бірі бола алады.

 Маркус — ол андроидтарды құлдықтан босату міндетін өзіне алған девиант андроид.

 Девианттар — бағдарламаланған мінез-құлықтан ауытқитын андроидтар, сонын салдарынан эмоциялары,сондай-ақ адам сияқты өз еркі пайда бола бастайды.

Detroit:Become Human
https://bullethell.ru

Ойынның бюджеті

Detroit: Become Human ойынының бюджеті шамамен 30 миллион еуро. Ойын «Каrа» техникалық демонстрациядан негізделіп «PlayStation 3» үшін жасалған. Негізін қалаушы және бас атқарушы Дэвид Кейдж техникалық демонстрацияны толыққан ойынға айналдырғысы келді, бірақ бастапқыда ондай жоспарлар болмады; Ол Раймонд Курзвейльдің «Сингулярность жақын» кітабымен шабыттанды, кітаптын идеясы: адамның ақыл-ой дамуының жылдамдығы машиналардың дамуының фоны бойынша жоғалады екендігін түсіндіреді. Сондықтан Кейдж машиналарда эмоциялар пайда болуы мүмкін деп ұсынды.

 Детроит қаланы қайта жандандыру үшін таңдалды, американдық индустрияға тарихи үлес қосқаннан кейін экономикалық құлдырауға ұшырады. Әзірлеушілер Детройттағы далалық зерттеулерге барды: фотосуреттер түсірді, бұзылған ғимараттарға барып, адамдарды кездестірді. 2016 жылдың қазан айында Кейдж екі жылдан астам жазылған сценарийді аяқтады. 

Ол оны ең күрделі жұмыс деп атады. Кастинг Лос-Анджелеске, Лондонға және Парижге дейін кеңейтілді; 300 рөлді орындау үшін, әзірлеушілер шамамен 220 актерді тапты. Актерлер 3D түрінде сканерленіп, олардың үлгілері кейіпкерлер болды. Содан кейін түсірілім мен анимация жұмыстары басталды. 2017 жылғы 8 қыркүйекте түсірілім жұмысы аяқталды, ол 324 күнге созылды.

https://bullethell.ru

Жетістіктері

Detroit: Become Human 2016 жылы «Үздік түпнұсқалық ойын» категориясындағы ойын сыншылары марапатына ұсынылды, бірақ Horizon Zero Dawn ойынына жол берді.

 E3 2017-де ойын GameSpot-тан «Үздік E3» номинациясында жеңіске жетті.

«Best PlayStation 4» және «Үздік шытырман ойыны», «Hardcore Gamer» «Adventure Game», «Best Original Game» және «Үздік Экшн/Шытырман ойыны» сыншылары марапаттарына ұсынылды.

Жүйелік талаптар

Ойын консолі : Play station 4