Chatroulette.com видео-чаты қалай пайда болды?

Chatroulette.com видео-чатының пайда болу тарихы

Chatroulette.com пайда болуы

Chatroulette.com (орысша  «чатрулетка»)  интернет желісіндегі анонимдік видео-чат сайты. Видео-чат кездейсоқ таңдалған адамдар арасында болады.Чат мәтіндік хабарламалармен және бейнекамерамен байланысуға мүмкіндік береді. Кез-келген уақытта сөйлесуді тоқтатып, басқа адамға көшуге болады. 

Сайт  2009 жылдың қараша айында құрылды. Оны  ресейлік  Мәскеу қаласының оқушысы Андрей Терновский жасады. Сайттың негізгі тілі  «ағылшын тілі» болды.

Chatroulette.com видео-чатының пайда болуы
https://ru.wikipedia.org/

Андрей Терновский 1995 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. Мәскеу орта мектебінде оқыды. Мектеп жылдарының ішінде Андрей Skype секілді бағдарламаны құруды армандаған еді. 2009 жылы Андрей Chatroulette атты бағдарлама жасаған болатын. Сол кездері ол жай ғана оқушы болатын. Мектеп бітіргеннен кейін жас кәсіпкер Андрей Америка Құрама Штаттарына  көшіп келеді. Онда ол өз бизнесін ары қарай дамытуға күш салады.

Peoples.RU

Chatroulette.com сайтының дамуы

Желтоқсан айынан бастап, сайт тез дами бастады. Ешқандай инвестициясыз күніне 500 адамдай қолдана бастады. Желтоқсан айында сайтқа сүйікті командалары мен ойындары туралы пікірталастар  жасайтын футбол жанкүйерлері келді. Солар арқылы  2010 жылдың қаңтарында сайттың трафигі тәулігіне 20 мыңға жетті.

Дегенмен, нақты танымалдылық АҚШ-қа барғанда пайда болды. Беделді газеттер New York Times, The Guardian сондай-ақ «Good Morning, America», «Newsnight», «The Daily Show with John Stewart», FoxNews сияқты танымал телевизиялық бағдарламалар көптеген мақалаларын, шоуларын осы сайтқа арнады. Содан кейін адамдар саны 10 еселеп көбейе бастады.2010 жылдың көктемінде сайт трафигі тәулігіне 1,5 млн адамға жетті. Осыдан Андрей Терновский айына 50 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат таба бастады. Әңгімелесушіні іздестіруге ыңғайлы болу үшін арнайы тестілі канал ашылды.

Pikabu.ru

Табысты жоба

2010 жылдың қаңтар айынан бастап апта сайын ресурстың қолданушылары шамамен 100 мыңға жуық болды.  https://chatroulette.com/

Содан бері наурыздан бастап «Guardian» газетінің мақаласынан кейін жарылғыш секірулер байқалды. Қазіргі уақытта Chatroulette.com 7 Франкфурт серверлерінен жүктемені теңгерімдеуге арналған секундына жеті гигабит жиынтығы бар арнайы бөлінген жүйе.

 Бүгінгі таңда оның сайтына тәулігіне 1,5-2 миллион адам келеді. Сайттың авторына (иесі) жобаны сату үшін 20 миллион доллар ұсынды. Бірақ Андрейдің айтуынша, ол «ақшаға қызығушылық танытпайды».

Сонымен қатар, Skype және Google өкілдері сатып алу үшін Мәскеуде оқушымен келіссөздер жүргізген. (Андрей қазір АҚШ-та), Google компаниясының келіссөздері сәтті болды. Соның арқасында Андрей АҚШ кеттіп, бизнесін ары қарай дамытуға бел буды.