Best Curriculum

Рэйчел

Рэйчел мен "Charity: water" қайырымдылық қоры

Бір күні Рэйчел оқитын мектепке “Charity: water” қайырымдылық қорының төрағасы Скотт Харисон келеді. Ол Сиэтл қаласының тұрғындарына Африка халқының аш-жалаңаш, ауыр тұрмыс-тіршілігі туралы айта келіп, олардың бастан кешіп жатқан осы өмірін қазқалпында баяндайтын деректі фильм көрсетеді. Жұртшылық бұл фильмнен ауыз судың жоқтығынан балалардың лас, сасық суды ішіп жатқандарын көреді. Бұл дәрістен бүлдіршін қыз Рэйчел әлемнің әр оныншы тұрғыны таза суға мұқтаж екенін, күн сайын мыңдаған бала сапасыз судан әртүрлі ауруларға душар болып ажал құшатынын біледі.

Африка құрлығындағы хал-жағдайлары нашарлаған балалар туралы фильм кішкентай Рэйчелге қатты әсер етеді. Әсер еткені соншалық – “африкалық балаларға көмектесу үшін қолымнан не келеді?” деп ойланады. Ұзақ ойлана келе Рэйчел анасының көмегімен қайырымдылық ұйымының интернеттегі сайтынан өз парақшасын ашады. Ол туған күніне берілетін сыйлықтардан бас тартып, барлық достарына,таныстарына қуыршақтар мен көйлектердің орнына веб-парақшасына қаржы салуды өтініп сұрайды. 

Рэйчел бүлдіршінің арманы

Сөйтіп, Рейчел тым болмағанда 300 доллар жинап,ауыз судан ажал құшып жатқан Африка елдерінің 15 тұрғынына көмектесуді армандайды. Алайда туған күніне жиналған қаржы 220 доллар ғана еді. Сонда да ол өз арманының орындалатынына сенетін. Бірақ арада біраз уақыт өткеннен кейін,яғни 2011 жылдың 20 шілдесінде Сиэтл штатында 20 көлік соқтығысқан көлік апаты болады. Сол көліктердің бірінде ата-анасымен Рэйчел Бэквис те бар еді. Бірнеше жерінен зақым алған Рэйчел ауыр халде ауруханаға түседі. Өкінішке орай, алты адам жарақат алған көлік апатының салдарынан Рэйчел ғана бақилық болады.

Рэйчел
https://ostrnum.com

Бұл қайғылы хабар Сиэтл қаласының тұрғындарына жетеді. Көптеген адамдар кішкентай бүлдіршіннің арманын орындауға бел шешіп, қайырымдылық қорына ақша аударады. Сөйтіп, арманшыл қыздың өлімі мыңдаған адамды толғантады. Қайғылы оқиғадан кейін интернеттегі бүлдіршіннің қорына қаражат көптеп аударыла бастайды. Бір аптадан кейін қорға 400 доллар жиналса, тағы біраз күннен соң 980 мың доллар жиналады. Нәтижесінде 1 млн 200 мың АҚШ доллары жиналады. Бұл қаржы Рэйчел армандаған 15 адамға емес, шөл басқан құрлықтың 250 елді мекеніне бұрғылау арқылы су алуға мүмкіндік беріп, 60 мың адамға көмектесуге жетеді.

Бүкіл әлем тұрғындарының көмегі

Бұл туралы “ Charity : water” қайырымдылық қорының төрағасы Скотт Харисон былай дейді: “Бастапқыда шіркеуге жиналғандардан аз-маз ақша аударыла бастағанын байқап жүрдік. Кейін Сиэтл қаласының тұрғындары ақша аудара бастады. Уақыт өте келе әлемнің түкпір-түкпірінен қаражат түсе бастады. Біз не болғанын түсінбей қалдық. Рэйчелдің парақшасына  он мыңдаған адам жүрек тебірентер тілектер жазып жатты ” дейді. Сөйтіп, кішкентай бүлдіршіннің өлімі африкалық 60 мың адамды шөлден аман алып қалады.http://www.rachel-beckwith.org/

Рэйчел
https://mix.tn.kz

Бүгінде Рэйчелдің ата-анасына халық құрметпен қарап, қошемет көрсетеді. Сондай-ақ жүрегі кең бүлдіршін обыр ауруына шалдығып, екі рет бұрымдарын кестіріп, шаштары селдіреп қалған бүлдіршіндердің жасанды парик сатып алуына мүмкіндік жасаған екен.