Apex Legends мультиплеерлік шутер жанрдағы ойын

Apex Legends мультиплеерлік шутер жанрдағы ойын

Apex Legends – патшалық шайқас («королевская битва») жанрдағы тегін (free-to-play) ойын, американдық Respawn компаниясы әзірлеген. Ойынның оқиғасы Titanfall ойын әлемінде өтеді. 4 ақпан 2019 жылы PC, Xbox One, Play Station 4 платформаларына ресми түрде шықты. Бір аптадан кейін мынадай жетісткітерге жетті:  25 миллион жүктеу және бір уақытта 2 миллион ойыншылар ойнаған.

Apex Legends сюжет

Ойын оқиғасы Titanfall 2 оқиғасынан 30 жыл өткеннен кейін өтуде. Осы жанрдағы ойындардан басты ерекшелігі Legend – алдын ала таңдалған бірегей қабілеттері бар. Жәнеде тиісті рөлдері бар кейіпкер мысалғы шабуылшы, қорғаушы, қолдаушы, тексеруші рөлдері. Ойыншылар 3 ойыншыдан тұратын топқа топтастырылады. Әрбір ойыншы өзіне бірегей Legend таңдайды. 

Бір матч-қа 20 топқа дейін қосыла алады. Ең басында барлықта топта экипировка, қару-жарақ жоқ. Топтар карта бойынша шаттл арқылы жылжый алады. Кездейсоқ бағыттардан кез келген жерге дейін бара алады. Топтар картада қару-жарақ, оқ-дәрілер, басқада экипировкалар іздейді жәнеде ойын сонында тірі қалу үшін басқа топтармен шайқасады.

Apex Legends ойынының геймплейі
https://tech.onliner.by

Геймплей

Сонымен қатар, барлық топтар жүрген қауіпсіз аймақ біртіндеп қысқарады, солайша белсенді шайқасуға мәжбүрлетеді. Қарсыластар ойыншыны осал, қансырайтын хәлге жеткізуі мүмкін. Oсындай хәлде тек қана тығылатын жерге жылжый алады немесе емдеуші одақтасын тоса алады. Егер ойыншы көп қаңсыраса немесе қарсылас оған қарсы қосымша зиян келтірілсе, ойыншы осы матчтан шығып кетеді. Экиперовкалары және жалаушасы иесіз қалады. 

Ойыншыға ойынға қайтып келуге мүмкіндігі бар. Eгер шектеулі уақыт ішінде одақтастары жалаушаны алып, Spawn Beacon деген жерге апаруға үлгерсе ғана. Ойында одақтастармен байланыс ұстайтын, сөйлесетін дауыстық чат бар. Қару-жарақ, қарсыластар, көп ойыншы жиналған жер, осындай ерекше жерлерді одақтасырана ескерту үшін контекстік бір түймелі байланыс қолданылады.

https://vgtimes.ru/

Apex Legends микротранзакцияны қолдайды. Ойыншыға өзінің кейіпкерін косметикалық заттар, қару-жарақтар, дауыстық желілер, жалаушалар арқылы баптауға бірқатар мүмкіндік береді. Жаңа косметикалық заттарды кездейсоқ пайдалы заттар ассортименті бір кеудешеге (сундук) жиналған Apex пакеттерін ашқанда, алуға болады. Ойын ақшасын жұмсаудын тағы да бір басқа тәсілі ол сол пакеттердін ішінде бар болатын крафт материалдарын сатып алу.

Сонымен қатар ойыншы матчта ойнаған үшін және көтерілген үшін тегін Legend Tokens алады. Legend Tokens арқылы жаңа кейіпкерлерді және кейбір косметикалық заттарды аша алады. Ал монета Apex coins шың ақшаға сатылып алынады. Осы монетамен пакеттерді сатып алуға болады. Кейіпкерлерді ашуға болады, кейбір косметикалық заттарды сатып алуға болады.

Apex Legends пайда болуы

Бұрын, тәуелсіз студия ретінде Respawn Entertainment Titanfall (2014) және Titanfall 2 (2016) ойындарын әзірлеген. Енді, Electronic Arts осы ойындардың жариялауын қолдап, 2017 жылы Respawn Entertainment студиясын толықтай сатып алады. Осы екі ойындар ойыншылар арасында жақсы қабылданды жәнеде көптеген жанкүйерлер базасын жинады. Бірақта сатылым бойынша табысқа жете алмады.

https://vgtimes.ru/

Titanfall 3 ойынымен жұмыс істеу басталды. 2017 жылы әзірлеуші командасы ойын қауым арасында кейбір үрдістерді байқай бастады. Осы уақытта Playerunknown’s Battlegrounds ойынның танымалдылығы күшейді. Патшалық шайқас («королевская битва») ойын жанры танымал бола бастады. Respawn Titanfall ойын тұжырымдамасын өзгертуге тырысты. Осы тұжырымдаманы алып, патшалық шайқас жанрымен біріктіру үшін тәжірибелер өткізіле бастады. 

Көп ұзамай ұшатын титандардың жаяу жүретін юниттан артықшылығы бар екені бірден анықталды. Сондықтан күшті кейіпкерлер түрлерін жасауға көп назар аударылды. Сондай-ақ, Respawn free-to-play ойын моделін жасап, осы ойынды табысты қылдырғысы келді. Барлық күш жаңа ойынды жасауға кетті. Ал  Titanfall 3 ойынды жасау идеясынан басттартты. Respawn-ның продюсері Дрю Маккойдың айтуынша ең басында EA осы идеяны тым тәуекел шешім деп ойлады. Бірақ Fortnite Battle Royale ойынның жетістігі бұл идеяның табысты екенін көрсетті.

Жасалуы

EA бірегей тәжірибесінде, бірінші рет Respawn Apex Legends ойынды әзірлеп жатқаны туралы анонсқа дейін құпияда сақталды. Apex Legends ойынына соңғы он жылдықты шыққан атыс ойындар әсер етті. Mысалы: қызықты атыс жүргізу жүйесі бар Halo және Destiny ойыны, Tom Clancy’s Rainbow Six Siege, Overwatch ойыны кейіпкерлер атыс ойынның тұжырымдамасын жетілдірілген. Titanfall ойындары сияқты, Apex Legends ойының Source ойын қозғалтқышымен жасалған.

Бір ай бойы ойында дауыстық чатты және есімдерді рандомизациялауды алып тастап, тестілеу өткізді. Соның арқасында «Ақылды байланыс» жүйесін өте жақсартылды. Команда ойын әзірлеп жатқанда, белгілі бір сандық мөлшелерді өзгертті. Мысалы карта мөлшерін, матчтағы ойыншылар санын, топтың ішіне кіретін ойыншылар санын, — сонымен мынандай қорытындыға келді. Бір матчта максималды 60 ойыншы жетеді және топтарға үш үштен бөліну ең көңілді геймплей болуына көмектеседі деп ойлады. Respawn келешекте жаңа карталар немесе жаңа ойын режимдерін қосуы мүмкін.

Apex Legends ойынының жасалуы
https://wallpapercave.com

Релиз

Бір аптада ойын Metacritic осындай баллдар алды. PS4 үшін 86% (9 пікір) және 67% (289 бағалау), 90% (16 пікір) және 71% (455 бағалау), 86% (6 пікір) және 69% (87 бағалау) Xbox One үшін. Релизден кейін 8 сағат өткен соң ойынға миллион бірегей ойыншылар кірді. 24 сағаттан кейін – 2,5 миллион ойыншы. 3 күннің ішінде ойында 10 миллион бірегей ойыншы болды. Бір аптада – 25 миллион жәнеде 2 миллион ойыншы бір мезетте ойнаған.

Apex Legends 2019 жылдың 4 ақпанында дүйсенбіде шықты. Келесі күні EA өткен тоқсанның қаржылық нәтижелерін мәлімдеме жасағанын хабарлады. Осылайша күткен үмітті ақтай алмады. Осыдан кейін келесі күні EA акциялараның құны 13%-ға төмендеді.

Apex Legends ойынының релизі
http://mmogovno.ru

Алайда, Apex Legends ойынның танымалдылығы туралы жаңалықтармен шыққанымен қоса сарапшылар бұл ойынды  Fortnite Battle Royale ойынына бәскелес ретінде санады.  8 ақпан күні EA 2014 жылдан бастап акциялар құнының ең көп өсуін қамтамасыз етті.