Anonymous әлемдегі ең танымал хакерлік топ

Anonymous

Аnonymous әлемдегі ең танымал хакерлік топ. Ресми басқарушысы жоқ болғанына қарамастан өте беделді болып келеді. Осыған байланысты жұртшылықпен  бұқаралық ақпарат құралдарында әрдайым anonymous туралы айтылады. Осы мақалада мен топтың тарихы мен ол топтың жасаған хакерлік істері туралы айтамын.

Anonymous тарихы

4chan — 2003 жылдың 1-қазанында пайда болған имиджборд. Сайт 2channel сайтының әсерінен құрылды. Бұл интернет-форум, әртүрлі контентпен, әсіресе Жапонияда танымал болған. 2channel сайты 1999 жылы пайда болды. Онда 600-ден астам тақырыптар бар. Олар тағам, жаңалықтар және компьютерлер секілді. 2channel кірушілері әдетте анонимді түрде хабарды жариялайтын. Бұл сайттын басым бөлігі жапон тілінде болған.

4chan құрушысы және админы «moot» псевдонимімен белгілі болған. Raspberry Heaven — бұл SomethingAwful.com атты «Anime Death Tentacle Rape Whorehouse‘» субфорумының мүшелерінен тұратын IRC қауымдастығы болған. Ал ‘moot’ Raspberry Heaven мүшесі болды.

2channel сияқты, 4chan-да  хабарлар жасырын түрде жазылды. Бірақ 2channel-тен айырмашылығы, 4chan-да  ағылшын тілінде көп сөйлесті. Дегенмен, ол жерде әр түрлі интернет мемдер жарияланды.  Атау өрісі бос қалған жерлер автоматты түрде «Anonymous» атауын алады. Көптеген 4chan форумдарында жапон поп-мәдениеті туралы болды. Бірақ 4chan-да ең танымал b бөлімі болды.

b  бөлімінде көптеген суреттерді жасырын адамдар талқылайтын. Интернеттегі көптеген суреттер, соның ішінде LOLcats, «All your base are belong to us»(мем) және Pedobir форумда пайда болды. Бұл сурет тақтасы болғандықтан, хабарлардың көпшілігінде пайдаланушылар қосқан суреттері бар. Әдетте олар суреттерді таңғалдыру және қорлау мақсатында жариялайтын. Хабарлардың көпшілігі жасырын болатын.

Anonymous 4chan
https://bitnovosti.com

2008: Chanology жобасы

2008 жылдың 14 қаңтарында YouTube сайтында Саентология шіркеуінің пропагандалық бейнесі пайда болды. Ол видеода Том Круздың өзі Саентологияны насихаттап отырды. 4chan қолданушылары видеоны мазақтап,күлкілі түрге өзгертіп Youtube сайтына жүктейді. Сайентология шіркеуі YouTube-ке «авторлық құқықты бұзу» деген сылтаумен бейнені алып тастауға мәжбүр етеді. Осы талапқа жауап ретінде 21 қаңтарда YouTube-да жарияланған «Сайентологтарға жолдау» деген атпен анонимді бейне жариялады. Осыдан Chanology жобасы басталады.

Chanology жобасы баспасөз хабарлама жариялайды. Сол хабарламада Саентология шіркеуі қауіпті ұйым екенін түсіндіреді.Сонымен YouTube сайтынан  бейне роликті  алып тастауға мәжбүрлеу сөз бостандығын бұзу болып табылатынын айтады. Саентология шіркеуі өз мүшелерінен ақша жинап адамдарды қауіпке төндіретінін туралы айтады.  28 қаңтарда YouTube-да Саентология шіркеуіне наразылық маршын ұйымдастырады.  Бұған қоса, қаңтарда сектаның сайтына DDOS-шабуыл жасалды.

https://bitnovosti.com

Саентология шіркеуіне қарсы көптеген наразылық білдірушілер  өздеріне  шабуыл жасамау үшін беттерін жасырған. Активисттер «V Vendetta» фильмінен Гай Фокстың маскаларын киіп жүрді.

23 наурызда АҚШ-тың Эпилепсия  веб-форумдарда эпилепсиялық талпынуға әкелетін анимацияларды жасайтын JavaScript коды енгізілді. Шабуылда 7chan.org сайтынан кейінірек Anonymous айыпталушы болды. 7chan.org әкімшілері бұл шабуылды Саентология шіркеуі әдейі Anonymous-ты жаман атты қылдыру үшін жасаған дейді. 

2009:Skynet жобасы және Didgeridie операциясы

2009 жылдың маусым айында Иран президенті Махмуд Ахмадинежад сайланды. Ол бүкіл елде наразылық тудырды. Жауап ретінде Anonymous Iran құрылды. Бірақ қудаланған торрет трекері Anonymous және The Pirate Bay арасындағы онлайн серіктестік болды. Anonymous Iran ирандықтарға әлеммен қарым-қатынас жасау үшін қауіпсіз платформаны ұсынды. Ал Иран үкіметі интернет цензураны қолға алды және жаңалықтардың таралуын болдырмауға тырысты. Сол айда Anonymous бүкіл әлем бойынша Интернет цензурасымен күресу үшін Skynet жобасын іске қосты.

Қыркүйек айында Didgeridie жүргізілді. Оның себебі Австралиялық үкіметтің провайдерлер деңгейінде Интернеттің цензурасын енгізу жоспарлары болды. 9 қыркүйекте Anonymous наразылық шеруінде Австралия премьер-министрі Кевин Раддтың  веб-сайтына DDoS шабуылын бастады. Оны шамамен бір сағат бойы қолжетімсіз етеді.

https://bitnovosti.com/

Anonymous жасаған шабуылдар

2011 жылы 2 қаңтардан бастап, Anonymous, DDoS қосымша шабуылы арқылы, Тунис қор биржаларының веб-сайттарын және Тунис Индустрия министрлігін қолжетімсіз етеді. Бұл Тунис үкіметі қолданған цензураға реакция болды. Ол өз азаматтарына Интернетке кіруді шектеді. 6-сынан бастап Тунис полициясы үкіметті сынаған көптеген блогерлер мен киберқауіпкерлерді ұстады.

26 қаңтарда шабуылдардың Египет үкіметіне қайта бағытталуы болды. Мысырдың президенті Хосни Мубаракты биліктен кетіру әрекеті басталды. Египет үкіметі мысырлықтар үшін Твиттерге кіруді тоқтатқаннан кейін, Аnonymous Солтүстік Америкадағы Шығыс уақытында сағат 15: 00-де Мысыр үкіметінің сайттарына DDoS-шабуылдарды жіберді.

Шілде айының ортасында тұтынушыларға қарсы шыққан Adbusters журналының оқырмандары Wall Street-та корпоративті жемқорлықпен не істеуге болатынын талқылауға кірісті. Нәтижесінде Уолл-стрит оккупациясының қозғалысы Уолл-стритке жаппай наразылық акциясы 17 қыркүйекте жалғасатын жоспармен ұйымдастырылды.

Anonymous
https://bitnovosti.com

17 қыркүйекте наразылыққа мыңдаған адамдар қосылып, ол тұрақты болды.  Қыркүйек және қазан айларында әлемнің көптеген қалалары Чикаго, Торонто, Лондон, Токио, Мадрид, Милан және Стокгольм секілді Occupy қозғалысқа қосылды.

Митингке шыққандар Гай Фокстың танымал маскаларын киіп шығады. Бұл қозғалыс Халықаралық қозғалысқа айналған бұқаралық ақпарат құралдарында кең танымал болды.  «Occupy» қозғалысы — қоғамның бүкіл әлемдегі экономикалық проблемалардың ушығуына реакциясы.

«Хактивизм» содан кейін танымал болды. Шабуылдауға болатын желілердің, серверлер мен деректер қоры(базы данных) үнемі қауіпсіздік аудиттерін жүргізіп, DDoS шабуылдарына қарсы желіні қорғауды күшейту керек. Мүмкіндігінше виртуалдандыруды және прокси серверлерді қолданған жөн. Күрделі құпиясөздерді және хэштерді қолдану керек. Шифрлау кілттері сақталатын серверлерге ерекше назар аудару керек.

Интернет және ақпараттық жастар қоғамның және әлеуметтік белсенділіктің эволюциясын жеделдетеді. Ақпараттың кез келген түрін цензуралау қиынға соғуда. Қазіргі кезде желі технологиялары әлемді өзгертуде, ал ең жақсысы интернет ешкімге тәуелсіз болуда.