Өнертапқыш әйелдер олардың өнертабыстары

Өнертапқыш әйелдер олардың өнертабыстары

Өнертапқыш әйелдер жүгері ұны

Өнертапқыш әйелдер өнертабыстардың бірі ол жүгері ұнын жасау болды. Америка колонияларында тұрған Сибилла Мастерс үндіс әйелдерінің жұмысын бақылай жүріп, жүгеріден ұн тартудың жаңа тәсілін ойлап табады. Өзі ойлап тапқан құралына патент алу үшін Англияға барған Сибилланың тауы шағылады. Өйткені Англияның сол кездегі заңына сәйкес әйелдердің меншік иесі болуына (оның ішінде зияткерлік меншік иесі болуына да) тиым салынған еді. Меншікке тек әйелдің әкесінің немесе күйеуінің ғана ие болуына құқы бар еді. Ақыры бұл өнертабыс үшін 1715 жылы Сибилланың күйеуінің атына берілді.

Қамыс қалпақ

Мэри Кис – өзінің атына патент тіркеген алғашқы америкалық әйел. 1809 жылы ол қамыстан қалпақ тоқуды ойлап тауып, оның өзінің атына тіркейді. Осылайша, әйелдердің өнертабысы үшін патент алуына жол ашады.

Айналмалы ара

АҚШ-тың Массачусетс штатында тұратын шейкерлік қоғамының мүшесі Табита Бэббит екі қолды арамен бөрене аралап жатқан ер адамдардың жұмысын бақылай отырып ара тек бір жағына тартылғанда ғана ағашты кесіп, екінші жағына қарай бос тартылатынын байқайды. Бұны бекерге кеткен еңбек деп түсінген әйел қазіргі айналмалы араның алғашқы нұсқасын ойлап табады. Бірақ өзі өмір сүретін қауымның шартына сәйкес, ол өнертабысына патент алмайды.

Өнертапқыш әйелдер олардың өнертабыстары
https://m.2-999-999.ru

Шокаладты печенье

 Рут Уэйкфилд күйеуі екеуі Бостон қаласының маңындағы заставадан ескі үй сатып алады. Әдетте мұндай үйлерге шаршаған жолаушылар аялдап, аяқ суытып, тамақтанып, аттарын да жемдеп алатын. Рут пен күйеуі кейінірек осы жерде қонақ үй мен мейрамхана ашады. Бір жолы (1930 жылы) Рут қонақ үй тұрғындарына печенье пісіріп жатады. Рецепт бойынша печенье қамырына ертірлген шоколад құюы керек болатын. Бірақ асыққан әйел, кәдімгі Nestle шоколадын майдалап сындырып, қамырға салады. 

Пеш ішінде шоколад өзі-ақ еритін шығар деп ойлайды. Бірақ оның орнына шоколад ерекше түрге ие болады. Осылайша шоколадты печенье дүниеге келеді. Ал «Nestle» компаниясы Массачусетс штатында шоколадтың көбірек сатыла бастағанын байқайды. Компания өкілдері Уэйкфилдпен кездесіп, келушілер арасында ерекше сұранысқа ие болған печенье туралы сөйлеседі. Руттың ұсынысымен олар шоколад бетіне оны оңай бөлуге арналған сызықтар жасайды. Ал 1939 жылдан бастап шоколадты печеньелерді өздері зауыттан өндіре бастайды. Оның қаптамасының сыртында Руттың рецепті жазылған еді. Осы үшін Рут өмір бойы шоколадпен тегін қамтамасыз етілген екен.

aphorism.ru

Өнертапқыш әйелдер машина әйнегін жуғыш

ХХ ғасырдың басында Алабама штатынан Нью-Йоркке келген Өнертапқыш әйелдер көп болатын. Олардың бірі  Мэри Андерсон болатын. Мэри Андерсон қаланы трамваймен аралап жүреді. Әрине, ол кезде қалада қазіргідей қаптаған автокөлік жоқ болатын. Бірақ аңғарымпаз әйел қалада жүрген автокөліктердің бірнеше минут сайын тоқтап, әйнегіндегі қарын тазалар жатқанын байқайды.

 Әсіресе, жаңбыр жауып тұрғанда машиналар жүріп болмайтын. Үйге келісімен Мэри Андерсон автомобиль әйнегін тазалайтын құрылғы ойлап табады. Ол үшін жүргізуші тоқтап, сыртқа шығып әуре болмай-ақ тұтқаны таптыр қалса болғаны. Андерсон осы өнертабысына патентті 1903 жылы алғанымен, америкалықтар оны арада он жыл өткен соң ғана пайдалана бастаған.

Өнертапқыш әйелдер олардың өнертабыстары
Drive2.ru

Бір реттік жаялық

Бұл жаңалықты кішкентай балаларының жаялықтарын жуудан, олардың соңынан тазалаудан әбден шаршаған әйел Марион Донован ойлап табады. Донован душта пайдаланатын пердені алып, балаларына су өткізбейтін жаялық тігуге (подгузник) кіріседі де, бірнеше мәртелік әрекеттен соң, ақырында оны тігіп шығады. Базардағы резеңке жаялықтардан айырмашылығы Донованың бұйымы баланың денесіне батпайтын әрі қыспайтын еді. Дегенмен сол 1917 жылы бұл өте бір таңғаларлық жаңалық болатын. Қазіргідей жағдайға жету үшін бұл жаялық талай өзгерістерге түсті.

http://dirtydiaperlaundry.com

"Кенгуру" аты

1960 жылы Бейбітшілік корпусының жас медбикесі Энн Мур Батыс Африкадағы Того мемлекетіне жұмыс істеуге аттанады. Осында ол африкалық әйелдердің баласын арқасына салып, матамен байлап жүргенін көреді. Мұндай жағдайда ана мен баланың өте жақын болатынын және баланың өзін қауіпсіз сезінетінін байқайды. Кейін Америкаға қайтып келген соң, Мур да өз баласын солай көтеріп жүруді ойлайды. Африкада көргендегідей арқасына салып еді, бала қайта-қайта сырғып кете берді. Анасымен бірігіп жасаған түрлі тәжірибелердің нәтижесінде Мур рюкзан тәріздес қалтаны ойлап табады. Бұл қалта баланы алдына салып көтеріп жүруге мүмкіндік беретін. Кейін бұл қалта «кенгуру» аталып кетеді.