Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды?

Ұялы телефон қашан және қалай пайда болды?

Ұялы телефон қазіргі кезде өте керек және пайдалы құралға айналды.Бірақ 20 ғасырда енді ұялы телефон пайда бола бастағанда   қазіргі жағдайға жете қойған жоқ. Жаппай өндіріле бастаған алғашқы ұялы телефондардың салмағы 1,15 келі болатын. Сонымен бірге бағасы 4000 доллар (сол кездегі бағамен әжептәуір сома) болғандықтан, ұялы телефонды тек әскерилер мен ірі кәсіпкерлер ғана қолданған екен.

Ұялы телефон тарихы

Негізі XX ғасырда негізі көптеген өнертапқыштар әр түрлі ұялы телефонға ұқсас заттар ойлап таба бастаған. Олар көбінесе рацияларға ұқсаған. Әр түрлі компаниялар мен өнертапқыш адамдар біреге жұмыс істеген. Ұялы телефонмен жасалған алғашқы байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Сол күні Motorola компаниясының қызметкері, алғашқы ұялы телефонды ойлап тапқан өнертапқыш Мартин Купер өзінің бәсекелесі, Bell Laboratories компаниясы зерттеу бөлімінің бастығы  Джоэл Энгелге телефон шалады. 

Жұмыс кабинетіндегі телефон тұтқасын көтерген Джоэл Энгелге Мартин: «Сен менің қайдан қоңырау шалып тұрғанымды білесің бе? Мен ұялы телефоннан хабарласып тұрмын», — деген екен. Кейін Купер бұл оқиға туралы «Оның не деп жауап бергені есімде жоқ, бірақ тістерінің сықырлағанын естігендей болдым», — депті. Сонымен алғашқы ұялы телефон Мартин Купердің жасаған телефоны. Ол Motorola DynaTAC 8000X болған екен.

Ұялы телефон ойлап табушы адам Мартин Купер
https://masterok.livejournal.com

Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті пайдаланып отыр. Ата-аналар үшін балаларының қайда жүргенін білуге өте қолайлы болғандықтан ұялы телефонды тіпті 1-сынып оқушылары да қолданатын болды. Дегенмен ұялы телефонның пайдасымен қатар зияны да бар екенін естен шығармау қажет.

Ұялы телефон дамуы және түрлері

1987 жылы Nokia NMT желілері үшін (Nordic Mobile Telephony) бірінші құрылғы Mobira Cityman 900 болды. Құрылғы Михаил Горбачевтен Хельсинкиден Мәскеуге қоңырау шалғаннан кейін танымал болды. Nokia Mobira Cityman салмағы 900 немесе 800 грамм құрады. Сол уақытта  ақша тұрғысынан алғанда 6635 долларды көлемінде болды.

Ұялы телефон мен Михаил Горбачев
https://mobiltelefon.ru

Коммуникаторды құрудың алғашқы әрекеттерінің бірі IBM пен Bellsouth бірлескен дамуы болды. IBM Simon Personal Communicator телефоны пернетақтадан айырылып, стилуспен сенсорлық экранды ұсынды. Бағасы 899 АҚШ доллары болды.Бұл құрылғы  қоңырау шалуға және факс  арқылы жіберуге және жазбаларды сақтауға болатын құрылғы алды.1996 жылы Motorola алғашқы StarTAC телефонын ұсына отырып, инноватор атауын растады. Құрылғы стильді және сәнді деп саналды. Бұл тек осы уақытқа ғана емес, қазіргі заманғы смартфондармен салыстырғанда да ықшамдалған.

https://mobiltelefon.ru

Сол уақытта ұялы телкфон саласында айқын лидер Motorola компаниясы болған. Бірақ Apple компаниясының Iphone телефондары ұялы телефон индустриясын мүлдем өзгертті. Сондықтан қазіргі таңда ұялы телефондар тез жылдам дамуда. Жыл сайын әр түрлі иннавациондық жаңалықтар енгізілуде. Сондықтан ұялы телефонның болашағы әлі алда.