Ұлы қытай қорғаны туралы қызықты деректер

Ұлы қытай қорғаны туралы қызықты деректер

Ұлы қытай қорғаны туралы жалпы ақпарат

Ұлы Қытай қорғаны ежелгі қытай заманында құрастырылған ұзын қорғандардың бірі. Әлемнің жеті кереметі болып саналады. Қорғаныс сәулет өнерінің керемет туындысының біріне жатады. Қорған жүздеген километр қашықтықта күрделі таулы жерлерде орналасқан. Солтүстік Қытай арқылы қашықтығы 8851,9 км шақырымға жетеді. Ал ең танымал жері Бадалин аймағы болып табылады. (Пекин қаласына жақын). Ұлы қабырғаның қалыңдығы шамамен 5-8 метрді құрайды, ал биіктігі 6-7 метрге жуық. (кейбір аудандарда биіктігі 10 метрге жетеді).

Ғасырлар бойы қорған өзінің атын өзгертіп отырды. Алғашында «тосқауыл», «разгулом», «Айдаһар жері» және т.б. атаулар қолданды. XIX ғасырдың аяғына дейін нақты бір есім қолданылған жоқ.  Ұлы қытай қорғанына күнінен 70 мыңнан астам саяхатшылар шолу жасайды екен. Сондықтан Ұлы қытай қорғаны әлемнің жеті кереметі тізіміне енгізілген және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра объектілерінің бірі болып табылады.

Ұлы қытай қорғаны туралы жалпы ақпарат
https://www.youtube.com/

Пайда болу тарихы

Алғашқы қорғандар б.з.б 3 ғасырда салына бастады. Сол уақытта ежелгі қытай жерінде әр түрлі династиялар билік еткен. (Олар Цинь, Вэй, Янь, Чжао). Қорған салудың басты себебі солтүстік көшпенділерден(ғұндар) қорғану еді. Император Цинь Шихуан (Цинь әулеті, билік еткен жылдары 259-210) құрылыстың негізін салушылардың бірі болды. Императордың билік еткен кезінде құрылыстың 1/3 бөлігі салынды. Жалпы құрылысқа 2 млн астам адам қатысқан. Көптеген керекті құрал-жабдықтардың және су көзінің тапшылығынан біршама адам қайтыс болған. Құрылыстың жұмысын қолбасшы Мэн Тянь жүргізген.

Қорғанның ерекшелігі: әр 10 км сайын, арнайы бекіністер орналасқан. Сол арқылы әскери қызметкерлер жаудың келуін анықтай алады. Хан әулеті (б.э.д. 206 — 220 ғасырлар) кезінде қабырғалар батысқа қарай Дуньхуанға дейін созылды. Сондай-ақ, сауда керуендерін көшпелі рейдтерден қорғау үшін шөлді тереңдетіп жатқан сақшылардың желісі де құрылды. Цзинь әулеті кезінде бұрын салынған қорғандарды қалпына келтірумен айналысты. Сонымен қатар археологтардың бағалауы бойынша 10,000 км жаңа қорғандар құрастырған.

Тарт-ария.инфо

Цзинь әулеті құрылысыты 12 ғасырда бастаған. Жалпы құрылысқа 750 мың адам жұмылдырылған. Бірақ Цин империясы кезеңінде (1644-1911 жж. маньчжурлар) қорғанға ешқандай көмек көрсетілмеді. Сондықтан көптеген қабырға бөліктері бұзылып, жарамсыз болды. 

Қызықты фактілер

2007 жылы Қытай мен Моңғолия шекарасында Уильям Линдсей Хан әулетінің кезеңіне жататын қабырғаның маңызды бөлігін тапты. 2012 жылы Уильям Линдсейдің экспедициясы қабырғаның ары қарайғы фрагменттерін іздестіріп, жоғалған бөлімнің ашылуына әкелді. 2012 жылы Хэбэй провинциясында 36 метрлік қабырғалық бөлік қатты жаңбырдың салдарынан құлап түсті. Төгілген кезде ешкім зардап шеккен жоқ.