Ұлыбритания елінің салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары

Ұлыбритания

Басқа ұлттар сияқты Британдықтар өздерінің әдет-ғұрыптарына мұқият қарайды.   Өйткені олар өздерінің жеке басын сақтап, ата-бабаларын құрметтеуге тырысады. Ұлыбритания тұрғындарының  негізгі дәстүрлерін сипаттауға тырысамыз.

Ұлыбритания тұрғындары

 Бір ғасырдан астам уақыттан бері британдық тұрғындардың сипатты сақталуда. Британдықтар сыпайы, бірақ көбінесе тұйық келеді және байсалды. Олар ақырын  сөйлегенді ұнатады. Британдықтар әңгімелескенде жеке бас тақырыбын көп қозғамайды. Британдықтардың өзін-өзі ұстауы мен қара юморы (черный юмор) сияқты екі даңқты қасиеттері бар.

Сол жақты жүріс

 Ұлыбритания елі салт-дәстүрді қатты ұстанады. Басқа елдердің шамамен 70% -ы  оң жақ жүріспен жүреді. 1756 жылдан бастап британдықтар сол жақ қозғалыспен жүріп келеді.

Ұлыбритания
http://www.autotravel.ua

"Бестін шайы"

Бестін шайы Ұлыбританияның ең әйгілі ұлттық дәстүрлерінің бірі. Себебі XVII ғасырдан бері құрмет және салтанатты түрде өткізілетін шай дәстүрі. Ұлыбританияда таңертең немесе түскі ас кезінде шай ішкенді жақсы көреді. Таңертең көбінесе қытай шайын ішкенді ұнатады. Олар сүт немесе кілегейсіз шай ішпейді. Ең сүйіктісі — шай лимонмен. Шай ішкенде, әдетте, торттар, сэндвичтер, тосттар болуы керек.

https://teatownlet.ru/

Ұлыбритания тұрғындары мейрамдарды жақсы көреді

Ұлыбританияның ең маңызды мереке және дәстүрлерінің  бірі — бұл Рождество. Әрине, бұл мерекеде кешкі асты отбасымен немесе достарымен өткізген дұрыс деп санайды.Рождество мейрамында көбінесе қуырылған қаз немесе фаршталған күркетауық қойылады.Сонымен қатар, Тұманды Альбионда жаңа жыл мерекесі, Әулие Валентин күні, Пасха, Әулие Патрик күні, Хэллоуин және Королеваның туған күні сияқты мерекелерді жақсы көреді. Көп мерекелерде фестивальдар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Киімге байланысты дәстүрлер

Ұлыбританияның ең  ерекше дәстүрлерінің бірі түскі асқа дейін үстіндегі киімді ауыстыру керек. Бірақ бұл ескі дәстүрлердің бірі.Алайда Кейбір Британ графтықтарында бұл дәстүр кездеседі.

Біріккен Корольдіктің таңғажайып фактілерінің бірі бұрынғы ғасырларда пайда болған киім-кешектерді кию. Мысалы, беделді Кембриджде және Оксфордта оқитын студенттер XVII ғасырдың мантиясын киіп жүреді. Мұнара сарайының күзетшілері Тьюдор заманынан келе жатқан сәнді киімдерді киіп отырады. Соттар мен адвокаттар 18-ғасырдағың париктерін киіп отырады.

http://24news.com.ua

Тауэр қарғалары

Ұлыбританияның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сәйкес, Лондон мұнарасының аумағында 16 ғасырдан бері қарғалар өсіріледі. XVII ғасырда Король Чарльз II жарлығымен мұнарада әрқашан алты қарға болуы керек. Тіпті арнайы лауазым бекітілді — Равенсмастер немесе құс туралы қамқорлық жасайтын қарақшы. Қазіргі кезде  Селтик пен Скандинавия құдайларының атымен аталған 6 қара қарға өмір сүреді. Ескі ырым бойынша, егер қарғалар мұнарадан ұшып кетсе, монархияның аяқталғанын  білдіреді.Сондықтан қарғалардың қанаттары кесілген.

https://www.world-card.ru

Есептеу жүйесі

Шынайы консерваторлар, Британ аралдарының тұрғындары ондық санау жүйесін қолданбайды. Оның орнына  миль, дюймдер, сұйықтықтар және пинталар  т.б. қашықтықты өлшеуге жүйелерін қолданады.