Ұлттық тағамдар туралы ырым-тыйымдар

Ұлттық тағамдар туралы ырым-тыйымдар

Ұлттық тағамдар. Сүт тағамдары пайдалынатын ыдыстар

Ұлттық тағамдар бойынша қазақ халқында көптеген ырым-тыйымдар бар. Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз “ағарған”,”ақ” деп атаған.

Күбі – айран, іркіт пісуге, қаймақтан май түсіруге арналған, ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін, піспегі бар ыдыс.

Іркіт – құрт қайнату үшін үлкен ыдысқа құйып жинаған сүтті пісіп, майын алғаннан кейінгі қалған ақ сусын.

Піспек – күбінің ішіне салып айран, іркіт пісуге арналған сабы бар құрал. Сабаға құйылған қымызды пісуге арналған құралды да піспек деп атайды.

Саба – қымыз ашытуға арнап, жылқының, сиырдың терісінен жасалатын ыдыс. Сабаның түп жағы бұрышты, кең болып, мойнына қарай жіңішкереді. Сабаның астына қоюға арналған төрт аяқты ағаш текшені саба аяқ деп атаған.

Ұлттық тағамдар туралы ырым-тыйымдар
uniface.kz

Сүт тағамдары туралы ырым-тыйымдар

1.Тойға немесе асқа қымыз әкелген сабаны бір-жолата сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек.

2. Жерге төгілген ақты басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.

3. Іркітті ашық далада пісуге болмайды.

4. Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.

5. Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.

6. Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.

7. Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды, құтты кетіп қалады.

8. Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төгуге болмайды.

9. Малдың бірінші сауымынан алынған майды асқа қолданбайды. Онымен босағаны, табалдырықтың жоғарғы бөлігін майлайды.

Ұлттық тағамдар. Ет тағамдары

Қазақ халқының ішіп-жемінде ет тағамдары негізгі орын алады. Ет тағамдарының мынадай түрлері бар.

1. Ет(жас ет, сүр ет).

2. Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

3. Жөргем – бунақтап өрілген ішек.

4. Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

5. Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.

6. Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек-қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

7. Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

8. Түймеш – туралып, жанжылып, майға қуырылған тағам.

9. Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

10. Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

Ұлттық тағамдар туралы ырым-тыйымдар
https://ok.ru/

Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.

Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

Орта табақ – асықты жілік салынады.

Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.

Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.

Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.

Ұн және нан тағамдары

БауырсақНан.

Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген  тағам.

Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.

Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.

Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.

Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).

Бәтер –ашытылмаған қамырдан табаға пісірген жұқа нан.

Жапппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.

Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.

Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.

Кісе нан – ішіне ет, картоп, капуста салып пісіретін нан тағамы.

Қазанжаппа – қазанға қақтап пісірілген нан.

Таба нан – табаға пісірген нан.

Тандыр нан – тандырға пісірген нан.

Ұлттық тағамдар туралы ырым-тыйымдар
El.kz

Нанға қатысты ырым-тыйымдар

1. Нан – дәм басы. Сондықтан да дастарқанға алдымен нан қою керек.

2. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

3. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

4. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды.

5. Жол үстінде жатқан нанды алып, адам баспайтын жерге қою керек. Аяқтың астына Құранды қойып, нанды алуға болады,ал нанды басып, Құранды алуға болмайды.