Қытай елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Қытай елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Қытай елінің салт-дәстүрі мен мәдениеті мыңдаған жыл бойы сақталып келеді. Қытай әр түрлі халықтардың мәдениеті мен діни көзқарастардың мекені. Бұл ел өзінің даосизм,конфуцизм,буддизм діндерімен қоса фэн-шуй, у-шу сияқты философиялық, гимнастикалық спортымен ерекшеленеді. 

Қытай елінің ұлттық киімдері

Қытай елі үлкен болғандықтан, әр жерде әр түрлі болып келеді. Мысалы маньчжур әйелдері  «кипао» (әдеттегі қытай кестелері мен сызбалары бар киім) киеді. Ал Тибет әйелдері   «Чубу» (ұзын шашты кафтан).Ұйғырлар — әшекейленген тюбетейка; Мяо әйелдері көбісі юбка киеді.

Қытай елінің ұлттық киімдері
http://turizmik.ru

Ырым-тыйымдары

— шетел азаматтарымен көбінесе қол берісіп амандасады;

— сыйлық ретінде, қайшымен, пышақпен және басқа да кесу заттарын беру болмайды.  Себебі  қытайлықтардың ойынша адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуын білдіреді.

Сонымен қоса  гүл, сағат, қол орамалын және соломадан жасалған аяқ-киімді беруге болмайды. Себебі сол заттар өлімді білдіреді екен.

— Егер сізге сыйлық берілген болса, онда сыйлықты сол жерде емес, үйде ашып қарау керек.

— Туристер назарын аударатындай жарқын ашық киім кимегені абзал. Себебі жергілікті тұрғындар оны жақсы көрмейді.

http://turizmik.ru

Шәй рәсімі

Қытай халқының өміріндегі шай рәсімі ерекше орын алады. Олар үшін шай  тек сусын емес. Бұл ішкі үйлесім мен бақытқа жетудің жолы. Қытай тілінде «шай» сөзі «барлық өсімдіктердің ең ақылдысы» дегенді білдіреді және іс-әрекеттің өзі «Гонг-фу Ча» (шай ішудің жоғарғы шеберлігі) сияқты көрінеді.

 Шайдың дәмі мен хош иісін толығымен айқындау үшін оның қайнатудың белгілі бір әдістері бар. Сондай-ақ көңіл-күй мен ерекше атмосфера болу керек. Нәзік әуендік музыка, жайлы атмосфера, талғампаз шағын ыдыс.

Жылдың уақытына қарай, қытайлықтар, әдетте, шайдың әртүрлі түрлерін ішеді. Жазда — көк шәй, көктемде — өсімдік пен шәй, ал қыста — қара шәй. Бұдан басқа, қытайда көптеген шәй түрлері бар.

Қытай елінің салт-дәстүрі шәй рәсімі
http://turizmik.ru

Отбасы

Көптеген қытайлық дәстүрлер ең алдымен этикетпен, рәсімдермен және сыйлықтармен байланысты.  «Сыпайылық өте жоғары бағаланады және ештеңеге де баға жетпейді» деген мақалдары бар. 

Қытайлық отбасы  табанды, еңбекқор, сыпайы қонақжай болып келеді. Отбасылық қасиет құрмет пен шыдамдылық сияқты ерекшеліктерін атап өту керек. 

Қытайлық отбасы өмірі мен отбасылық құндылықтары жеке және қоғамдық өмірдің негізі. Қытай қоғамындағы моральдық маңызды қағида — бұл ақсақалдарға құрмет көрсету. Балалар ата-аналарын құрметтеуге тиіс. Әйелі күйеуін тыңдау керек және ол өз кезегінде оған ыңғайлы болуды қамтамасыз етуге және ұрпақты жалғастыруға міндетті. Алайда Қытайда демографиялық ахуалға байланысты отбасында тек  бір бала ғана болу керек.

http://turizmik.ru/

Қытай елінің үйлену тойы

Дәстүрлі қытайлық үйлену тойы өте әдемі және жарқын рәсім түрінде өтеді. Бүгінгі таңда үйлену тойының ескі дәстүрлерінің кейбір элементтері сақталған.Мысалы:

Жас жұбайлар үйлену тойының уақытын мұқият таңдау керек. Себебі ырымдар бойынша үйлену күні тақ сан болмау керек.

Той күнінің кешіне дейін  қалыңдық күйеу жігітті көрмеуі керек.

Қытай елінің салт-дәстүрі үйлену тойы
Advantour.ru

Бүгінгі таңда көптеген келіндер дәстүрлі қызыл көйлек кимеседе, кем дегенде бір қызыл элементі болуы керек. Көптеген қалыңдықтар қызыл аяқ киімді немесе қолғапты таңдап, бұл түсті шақыру карталарынан және сыйлықтар дизайнында болады. 

 Жас жұбайлар үшін ұйымдастырылған шай рәсіміне ерекше болады. Салтанатты рәсім кезінде қалыңдық пен күйеу жігіт ата-аналарына құрмет көрсетіп, олардың алдында тағзым етеді.

Ас үйге келетін болсақ, әр үйлену тойында ыдыс-аяқтардың саны 12-ден кем болмауы керек. Және  әр ыдыстың әдемі болуы керек.