Қызыл крест халықаралық гуманитарлық ұйым

Қызыл крест халықаралық гуманитарлық ұйым

Қызыл крест тарихы

Қызыл крест ұйымын швейцариялық бизнесмен және жазушы Анри Дюнан құрды. Оған себеп болған жағдай 1859 жылы болған Сольферино жеріндегі шайқас. Сол шайқаста Франция,Пьемонта және Сардиния әскерлері бірігіп Австрия әскерімен шайқасты. Сол шайқаста көптеген сарбаздар қайтыс болды және көбісі мүгедек болып қалды. Анри Дюнан содан кейін жергілікті шіркеуде аурухана ашады. Онда жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсете бастады. Ол ауруханаға өз еркімен барлық адамдар көмектесті. Суды әкеле алатын немесе көмек көрсете алатын  әйелдер, әжелер, аталар, балалар, тіпті жараланған сарбаздар болды. Женеваға оралғаннан кейін, Дюнан «Сольферино шайқасы туралы естеліктер» атты кітабын жазды. Жауынгерлердің азаптарын одан әрі азайту үшін барлық шараны қолдануға шешім қабылдады.

Кітап 1863 жылдың ақпан айында көпшіліктің назарын аударды. Женева Қоғамдық қорының “қайырымдылық ұйымы” бес адамнан тұратын комитетті құрды. Оның міндеті Дюнанның ұсынысын қарастыру болды. Кейінірек сол жылы Женевада Халықаралық Қызыл Крест ұйымы құрылды. Қоғамның эмблемасы ретінде швейцария туы таңдап алынды. Онда қызыл фонның түсі ақ түсті, ал ақ кресттің түсі қызыл түсті болып өзгертілді. Бес адамнан тұратын комитет кейіннен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) деп аталды.

Қызыл крест құрушы Анри Дюнан
StoneForest.ru

Қызыл крест құрылымы мен міндеті

Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) қарулы қақтығыстар мен зардап шеккендерге көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. ХККК-нің басшылық принципі — әскери әрекеттер мен соғысушы тараптардың мінез-құлқын жүргізу әдістері мен құралдарына шектеулер қою арқылы қақтығыстарды шешу. Осы принципке негізделген ережелер жиынтығы халықаралық гуманитарлық құқық, Женева Конвенцияларына негізделген. Женева конвенцияларына әлемнің барлық мемлекеттері қол қойған.

 ХҚКК тәуелсіз және бейтарап ұйым болып табылады. ХҚКК-не берілетін мандатқа сәйкес, әлемдік қауымдастық тарапынан және бейтараптық принципін басшылыққа ала отырып, ұйым қарулы қақтығыстардан зардап шеккен науқастарға, жарақат алғандарға және бейбіт тұрғындарға көмек көрсетеді.

 12 мыңнан астам адам жұмыс істейтін өкілдіктер әлемнің 80 елінде орналасқан. Қарулы қақтығыс жағдайында Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдар оларды біріктіретін қызметті үйлестіреді. ХҚКК ұлттық қоғамдар және Халықаралық федерация Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айлар қозғалысын құрайды.

http://www.spbredcross.org/

Жетістіктері

ХҚКК — бұл бейтарап және тәуелсіз ұйым, тек қана соғыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының өмірі мен қадір-қасиетін қорғауға және зардап шеккендерге көмектесуге арналған гуманитарлық ұйым.

Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты айдың қозғалысының қарулы қақтығыстар жағдайында гуманитарлық көмек көрсету және адамдық азаптың алдын алу үшін халықаралық гуманитарлық құқық пен жалпыға ортақ гуманитарлық қағидаларды үйлестіреді. ХҚКК үш рет Нобель Бейбітшілік сыйлығын алды. Ол 1917, 1944 және 1963 жылдары болды.