Эстония мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Эстония мемлекетінің 10 ең әдемі жерлері

Эстония астанасы Таллин

Эстония астанасы Таллин Балтық елдеріндегі ең көне қалалардың бірі. Қала көптеген мәдениеттердің тарихи орталығы болып саналады. Соның арқасында Таллин ЮНЕСКО мұра тізіміне енгізілді. Таллин қаласында тамашалауға болатын әр түрлі көріністер бар. Бұл ежелгі бекіністер, сарайлар, ескі храмдар және тарихи мұражайлар. Қала шарты түрде екі бөлікке бөлінеді. Ол  жоғары және төменгі қала.

Тоомпеа бекінісі

Бірнеше ғасырлар бойы Тоомпеа бекінісі Эстонияның мемлекеттік билігінің символы болды. Бүгін кезде де Эстонияның басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бекініс ауданы шамамен 9 мың шаршы метрді құрайды. Теңіз деңгейінен 50 метрге дейін жоғары орналасқан. Бекіністің тарихы XIII ғасырдан басталды.

Эстония мемлекеті Тоомпеа бекінісі
https://www.tripzaza.com/

Лахемаа ұлттық саябағы

Лахемаа ұлттық саябағы 1971 жылы құрылды. Оның аумағы 725 шаршы метрді құрайды. Саябақтың мақсаты  Балтық жағалауының бірегей табиғи ландшафттарын қорғау. Саябақта 222 құс түрі мен 50 сүтқоректі түрі тіркелген. Жергілікті флораға қатысты бұл жерде көптеген өсімдіктер түрі бар. Олардың ішінде қорғалатын өсімдіктердің 44 түрі және саңырауқұлақтардың 10 түрі кездеседі.

https://www.tripzaza.com/

Палмс мұражайы

Лахемаа ұлттық саябағының ортасында бүгінгі таңдағы ең әдемі мұражай болып саналатын фон Пален Палмс мұражайы мекені орналасқан. Мұражай 18 ғасырдың ортасында барокко стилінде салынған. Сонымен қатар 2 ғасырдан астам уақыт бойы мұражай фон Пален Палмске тиесілі болды.

https://www.tripzaza.com/

Сааремаа аралы

Ең үлкен Эстония аралы елдің батыс бөлігінде орналасқан. Моондзундтік архипелагына кіреді. Бұл сондай-ақ Балтық теңізіндегі төртінші ең үлкен арал. Қазіргі уақытта арал саяхатшылар арасында бұрын-соңды көрмеген танымалдылыққа ие. Себебі ол жерде таза табиғаты, ежелгі сәулет ескерткіштері мен заманауи курорттар орналасқан.

Нарва қамалы

Эстониядағы Нарва қаласының негізгі символы Нарва қамалы немесе Герман қамалы болып табылады. Нарва қамалы 13 ғасырда тек ғана ағаш құрылымен тұрғызылған. Сол кезде Нарва қаласы Дания аумағына тиесілі болған.

https://www.tripzaza.com/

Кадриорг сарайы

Таллин қаласындағы Кадриорг сарайы маңызды тарихи ескерткіштердің бірі болып табылады. Аңыз бойынша, 1718 жылы орыс патшасы Петр I болашақ сарайдың іргетасының алғашқы тасын қойған дейді. Патша сол жердегі архитекторлармен бірге сарайдың болашақ құрамын және бақтардың орналасуын шешкен. Саябақ жаппалармен, тоғандармен, аллеялармен және көптеген формадағы көріністермен жабдықталған.

https://www.tripzaza.com/

Пиуза үңгірі

1922 және 1966 жылдар аралағында Пиуза өзенінің жаныңда зерттеулер жүргізілді.  Кейінірек жүргізілген зерттеулер барысында жерасты аумағында әртүрлі үлгідегі 6 үңгір табылды. Олардың жалпы ауданы 46 гектарды құрады. Бұл аумақ 1999 жылы қорық ретінде танылды. Бүгінгі таңда Пиуза үңгірлері Еуропаның ең үлкен жарқанаттар қыстайтын жеріне айналды.

Эстония мемлекеті саяхат Пиуза үңгірі
https://www.tripzaza.com/

Ягала сарқырамасы

Таллин қаласының шығысында (23 км) Ягала сарқырамасы орналасқан. Бұл ең әдемі, көрікті, үлкен және көркем сарқырамалардың бірі. Сарқыраманың ені 50 метр, биіктігі — 8 метр.

Кыпу шамшырағы

Кыпу шамшырағының құрылысы 1505 жылы басталған. Құрылыс 26 жылға созылды. Тек 1531 жылдың тамызында шамшырақ мұнарасының жоғарғы жағында жарық пайда болды.