Эрнест Хэмингуэй Нобель сыйлығының иегері дарынды жазушы

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хэмингуэй өмірінде төрт рет үйленді, ал ғашық болған әйелдерінің санында есеп жоқ. Оған жаға шығарма бастау үшін жаңа әйел керек деп айтатын. Бұл шындыққа жанасады. Себебі, Хемингуэйдің әйелдері, ғашықтары, құрбылары енді бұл дүниеде жоқ болса да, оның шығармалары беттерінде өмір сүріп, суреткердің тілімен сөйлейді.

Эрнест Хэмингуэй романтик жазушы

Оның барлық махаббат хикаялары керемет сезімдерден пайда болатын. Өйткені, жас Эрнест романтикаға толы ортада өсті. Болашақ жазушының анасы әнші, шығармашылыққа жаны құштар әйел еді. Ол сүйікті баласын опера әншісі немесе музыкамен қандай да бір байланысы боладып деп армандайтын. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс болашақ Нобель сыйлығы иегерінің тағдырын басқа арнаға бұрды. Эрни соғыста көп болған жоқ. Себебі 1918 жылы Хемингуэйге оқ тиіп, госпитальға түседі. Ол жерде Эрнесттің денесінен оқтың 26 жарықшағын алды, ал денесінде екі жүзден астам жаралар болды. Бірақ ең үлкен жара – оның жүрегіне түскен ғашықтық жарасы еді. 

19 жасар бозбала 26 жасар медбике ару Агнес фон Куровскиге есі кете ғашық болды. Оны өзіне қарату үшін, оған хат жазуға кіріседі. Бастапқыда Агнест Хемингуэйге көңіл бөлмеген болатын, бірақ сезімге толы махаббат хаттары медбике арудың жүрегін жылыта бастады. Ал Эрнест Хемингуэй болса тек Агнеске үйленуді армандады. Ақыры жас ару қарсы тұра алмады. 1918 жылдың 17 қазаңында жазған хатында Агнес: «Эрни, менің ең қымбаттым! Бүгін мен сенен керемет хат алдым, ол маған қатты ұнады. Әрбір қыздың өзінің ең керемет екенін, онсыз өмір сүре алмайтынын есіне түсіріп отыратын жігітінің болғаны қандай күшті. Сен мұның бәрін маған айтқан кезде, мен есімнен адасып кете жаздаймын… Саған сәттілік тілеймін, менің ең қымбаттым. Мені және сені сүйетінімді ұмытпа. Сендік Эг» деп жазды.

Эрнест Хэмингуэй
https://ru.wikipedia.org

Алғашқы романы

Сөйтіп, болашақ жазушының бозбала шағындағы алғашқы махаббаты оның «Қош бол, майдан» романын жазуға әсерін тигізді. Жазушының алғашқы жары жирен шашты пианистші Элизабет Хедли Ричардсон Эрнесттен сегіз жасқа үлкен еді. Хемингуэйді «өзіне үйлендіру үшін» оған бір жылға жетпейтін уақыт керек болды. Жазушының достары олардың қарым-қатынасы дәл осылай бағалады. Әйтседе ұяң музыкантшы қыздың талантты, жас әдебиетшінің сенімді серігі болатынына ешкім сенбеді. Олар түлкіқұрсақ өмір сүрсе де, есесіне әлемнің ең әдемі қаласы Парижде тұрды. Көп ұзамай олардың балалары өмірге келді. 

Бірақ осы аралықта Эрнест те өзгені сүйіп үлгерді. Хедли мұны білген соң ақылдық танытып, күйеуіне үш айға қоя тұруын өтінді. Ол осы уақыт ішінде Хемингуэйдің ғашығына деген сезімі суитын шығар деп ойлады. Дегенмен, айырылысуы кері әсерін тигізді. Эрнест өзінің асау, шәлкес мінезді аққұба қыз Паулина Пфайферсіз өмір сүре алмайтынын түсінді. Жұбайы амалдың жоғынан күйеуін жіберді. Өмірінің соңына дейін ол бұл әрекетін үлкен қателік деп санаса да, сол кезде Эрнест отбасын тастап, Паулианаға үйленеді. 

Хедлимен бірге болған күндері оны «Күн шығады» шығармасын жазуға түрткі болды. Және де олардың махаббат хикаялары «Праздник, который всегда с тобой» кітабында баяндалады. Сонымен қатар, бірінші әйелі «Килиманджаро қарлы тау» әңгімесінде көрініс табады.Хемингуэйдің досы Мальком Каули ол туралы: «Оның ғашық болғанын кішкентай ормандағы айналасын басып қалған үлкен қарағайдың құлағына ұқсатамын. Ол ғашық болып қалса, бірден үйленіп, некеге тұрғысы келетін», — дейді.

Эрнест Хэмингуэй
http://izbrannoe.com

Эрнест Хэмингуэй махаббаты

Паулинамен некесі олардың махаббат хикаяларының заңды жалғасына айналды. Сонымен бірге, Хэм өте қызғаншақ болды, ал неке ол үшін әйелді йелену құқына келісім секілді еді. Өкінішке орай, бұл келісімнен кейін жазушы ғашығына деген қызығушылығын жоғалтады. Жаңа кітапқа жаңа муза керек болды. Келесі муза және келесі жұбайы тілші Марта Эллис Геллхорн еді. Онсыз да ыстық сезімді олар кездескен уақыттағы Испаниядағы соғыс одан әрі арттыра түсті.

 Марта екеуінің арақатынастары жайында. Эрнест Хемингуэй әрдайым мықты, белсенді, өзіне бағындырғысы келетін өркөкірек әйелдерді жақсы көретін. Бірақ Мартамен бұл оңайға соққан жоқ. «Сен кім екенінді анықтап алуын қажет: соғыста жүрген корреспондентсің бе, әлде менің төсегімдегі әйелсің бе?!» — деп Хемингуэй Мартаға хат жазды. Ал мисс Гэллхорн Хемингуэйді тастап кеткен жалғыз әйел болды. Сөйтіп, Марта кетті, дегенмен «По ком звонит колокол» атты жаңа кітап жарыққа шықты.

Сезімге толы хаттар

Хемингуэймен бірнеше жылдар бойы сезімге толы хаттар жазысқан әйелді, оның ең атақты музасын айтпай кетуге болмайды. Хаттары сезімге толы болғаны соншалықты, олардың махаббаттары жайлы сол кезде деғ кейін де айтылыр жүрді. Біз енді Хемингуэйдің Марлен Дитрихпен достығы жайлы сөз қозғағалы отырмыз. «Мен сен жайлы кейде ұмытамын, жүрегімнің соғатынын ұмытқандай», — деп хат жазатын Хэм. Ал ол болса: «…сені үнемі ойлап жүретінімді айтатын кез келді. Сен жазған хаттарды қайталап үсті-үстіне оқи беремін. Сенің суретініңді жатын бөлмеме апарып іліп қойдым да, саған бейне бір дәрменсіз адамдай қараймын», — деп жауап жазатын. 

Сол кезде Хэм Марлен Дитрихе ғашық болып қалғаны, бірақ теріс жауап алғанын айтады. Марлен Дитрих болса оған көмектеспек болады. Бұл туралы Марден: «Мен екеуін жарастырмақ болып, Хемингуэйдің адамгершілігін, онымен бірге өткізген өмірдің керемет болатыны туралы айтып бердім. Мэри бақыттан басы айналардай мәз болып, келісетінін айтты. Хемингуэйдің қуанғаны соншалықты, оның жүзіндегі тараған нұр айналадағы бар адамды бақыт қылатындай көрінді. Мұндай бақытты адамды көрмеппін. Көп ұзамай мен фронтқа кеттім де, соғыс аяқталғанша оны да, Мэриді де көрмедім», — деп еске алады.

Эрнест Хэмингуэй және мысық
https://kulturologia.ru

Өмірінің соңғы жылдары

Кейіннен Дитрих өзінің осы әрекетіне өкінетінін айтып, «Менің Хемингуэйге деген махаббатым бір сәттік ұнату ғана емес еді. Біз бір қалада бірге ұзақ бола алмадық. Кейде ол басқа қыздардан босамады, ал ол босаған сәтте, мен бос болмадым», — деп еске алады.

 Мэри мен Эрнест 15 жыл бірге тұрды. Бұл кезең жазушының өміріндегі ең бақытты күн болуы да мүмкін еді. Мэри оның барлық ғашықтары мен әйелдерінің ең жақсы қасиеттерін бойына дарыта білді. Дегенмен, отбасылық өмірде бақыт тапқанымен, Хемингуэй жаза алмады, шабыты келмеді. Мэри оның психикалық жағдайына қатты алаңдады. Оның әкесі өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғанын білген ол, Эрнестті психиатриялық клиникаға емдеуге жатқызды. Электрошоктың бірнеше сеансын алғаннан кейін Хемингуэй есін жоғалтты. Психиатриялық клиникадан шыққан соң, 4 күннен кейін, ол аңшылық қарумен өзін-өзі атып өлтірді.