Эбола ауруының пайда болу себебі мен салдары

Эбола ауруының пайда болу себебі мен салдары

Эбола тарихы

Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы Заир (қазіргі Конго Демократиялық Республикасы) Суданның экваторлық провинциясында және оның айналасында пайда болды. Эбола вирусынан суданда 284 адам ауырып, 151 адам қайтыс болды. (Ал Зайырда 318 адам ауырып,280 адам қайтыс болды.) Вирус  “Эбола” өзенінің аумағынында пайда болғандықтан оған вирустың атын берілді.

Эбола ауруының тарихы
https://tass.ru/

Берілу жолдары

Қан немесе кез келген организмдегі бөлінулер.(сілекей,жас,сперма);

Ауа тамшылы жұқпа арқылы;

Аурудан қайтыс болған адамның сұйықтарымен байланысу арқылы жұқтырылуы мүмкін;

Вирустың таратқышы үлкен жарқанаттар еді. Оларды жергілікті тұрғындар тағамға қолдана бастады. Осыдан вирус тез уақытта дамып, тұрғындарға қауіп төндірді.

Эбола белгілері

Өзін жаман сезіну.

Дененің әлсіздігі.

Бас ауруы.

Температураның күрт өсуі.

Құсу.

Диарея.

Бұлшықеттердегі ауырсыну.

Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы.

Ішке және сыртқа қан кету.

Бөртпенің пайда болуы.

Аурудың симптоматикасы безгек пен іш сүзегіне ұқсас келеді. Бірақ Эбола вирусы өте жұқпалы және 70% өлімге әкеледі. Емделуі өте қиын, себебі инкубация кезеңі екі күннен 3 аптаға дейін созылады. Бұл өткір вирустық ауру, ол терінің қан кетуінің ауыр дамуымен сипатталады. Адам жедел уланудан,  және геморрагиялық шоктан қайтыс болады.

Эбола аруының пайда болу белгілері
http://www.sciencedebate2008.com/

Ауруға қарсы шаралар

Дәрігерлер эпидемиядан зардап шекпеу үшін Батыс Африка елдеріне іскерлік және туристік сапарлардан бас тартуды ұсынады. Гигиенаны қадағалау керек, оның ішінде қолды сабынмен жуып отыру керек.

Жабайы жануарлармен қарым-қатынас кезінде қолғап пен қорғаныс киімді кию керек.  Шикі етті жеу өте қауіпті, оны алдымен мұқият пісіру керек. Тамақ пен сусын дайындау үшін таза шөлмекке құйылған суды пайдаланған жөн.

Ауыр науқастарға жедел түрде медициналық көмек қажет. Науқасқа бастапқы белгілер кезінде көп су, сорпа, шай және  басқа сусындарды қолданған жөн. Науқас аспирин немесе ибупрофенді дәрілерін қабылдамауы керек. Себебі олар қан кетуді дамытады.

https://tass.ru/

Вакцина

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусына қарсы көптеген эксперименттік вакциналарды тәжірибеден өткізген. 2014 жылы вирус қарқынды дамыған кезінде АҚШ және Канада ғалымдары ZMapp вакцинасын ойлап тапқан. ZMapp Америка Құрама Штаттары мен Канада ғалымдары жасаған эксперименталды биологиялық өнім. Вакцина Гибридома технологиясымен алынған үш гуманизацияланған моноклоналды антиденелерден тұрады. Сонымен қатар АҚШ ғалымдары вирусқа қарсы TKM-Ebola вакцинасын жасап шығарды. Бұл вакцинаның жасалу технологиясы өте күрделі келеді.