Швейцария халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Швейцария халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Швейцария дамыған мемлекеттер қатарына кіреді. Мемлекет көптеген саяхатшыларға банктік қызметі үшін және сыр өнімдерімен танымал. Елде көптеген этностардың болуынан әр түрлі салт-дәстүрлер қалыптасты. Швейцарияда 4 мемлекеттік тіл бар. Олар неміс, француз, италиян және ретороман(бұрыңғы роман тілдес халықтардың тілі) тілдері.

Швейцария ұлттық күресі Швинген

Швинген швейцариялық ұлттық күресі неміс тілді аймақта көп тараған. Бұл жауынгерлік күрестің тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл туралы алғаш рет XIII ғасырда жазылған. Шын мәнінде, ресми Швинген жарыстары 1805 жылы ғана басталды. Бұл күрес ұлттық спорт түрлер тізіміне 1855 енді.

Швейцария ұлттық күресі Швинген
swissinfo.ch/

Хорнуссен ойыны

Швейцарияда Хорнуссен деп аталатын гольф немесе лаптаға ұқсас келетін ойын түрі бар. Ойыншылар қиғаш таяқты қолданып, кішігірім тастарды конустық тіреуіш арқылы бір-біріне береді. Ал қарсылас команда сол кішігірім тастарды  алуға тырысады. Дегенмен, кейбір тастарды қолмен емес, ерекше пішіндегі арнайы биталармен шабуылды тойтару керек.

Шопандардың кешкі дұғасы

Швейцариядағы ең қызықты оқиғалардың бірі ол шопандардың кешкі дұғасын тыңдау. Бұл дәстүр тек жергілікті тұрғындар мен келген туристердің құлақтарын қуантып қана қоймай, сондай-ақ танымал функцияларды атқарады.  Наным-сенімдер көзқарасы бойынша дұға төрт-түлік мал мен зұлым рухтардан аман алып қалады деген-мыс.

Швейцария шопандардың кешкі дұғасы
https://womanadvice.ru/

Шөп жинау дәстүрі

Бұл дәстүр саяхатшылар үшін байқалмауы мүмкін, бірақ бұл дәстүрді швейцариялықтар  өте жоғары бағалайды. Альпілік шаруалар 50 кг-ға дейінгі салмағы бар шөптерді өз иығында алып жүреді. Бұл дәстүр ренессанс дәуіріндегі  соғыс алаңдарында  швейцариялық жаяу әскердің жоқтығынан пайда болды. 

Йодль әні

Швейцария туралы айта отырып, йодль әні туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл әнді аңыз бойынша Альпі шопандары ойлап тапқан. Олар бір-біріне үлкен арақашықтықта байланысу үшін қолданған. Дегенмен, көптеген тыңдармандар йодль әнін ұнатады. Йодль әні тіпті Солтүстік Американың дәстүрлі ковбойлар музыкасына енді.

Швейцария салт-дәстүрі йодль әні
https://www.myswitzerland.com/

Туды лақтыру

Бұл ойын түрі олимпиадалық найза лақтыруға ұқсас келеді. Тек швейцариялықтар найзанын орнына өз елдерінің туын лақтырады. Мемлекетте бұл дәстүр ұлттық символды құрметтемеу деп саналмайды.

Альпі жайылымдары

Көбінесе бұл дәстүр Альпі жайылымдарынан белгілі бір үй жануарын түсіреді. Ірі қара малдың жайылымнан түсеретін кезде, бұл іс-шара нақты мерекеге айналады. Жайылымдар гүлдермен безендіріледі.

https://womanadvice.ru/

Горн музыкалық аспабы

Швейцарияның музыкалық мәдениетін горн аспабысыз елестету мүмкін емес. Ағаштан жасалған музыкалық аспап өте ұзын болып  келеді. Ұзындығы бірнеше метрді құрайды. Ежелгі уақытта аспап байланыс құралы ретінде қызмет етті. Бүгінде бұл музыкалық аспап ауылдық фестивальдарда, ойын-сауықтарда қолданылады. Ненда аймағында жыл сайын Халықаралық Alpine Horn фестивалі өткізіледі. Сол уақыт ішінде 150 орындаушылар айналымда тұрып, ойнай бастайды. 

швейцария салт-дәстүрі горн музыкалық аспабы
https://obsessed-wsound.livejournal.com/

Сыр дайындау

Швейцариядағы сырлар еш жерде жоқ. Мұндағы сыр дайындау дәстүр ғана емес, бұл іс жүзінде елдің рухы. Альпілік сырлар тек тауда және жазда ғана жасалады. Елде шамамен 600 сыр дайындау мекемелері бар. Ол жерлерде 450 сыр түрі жасалады.