Хоккей спортының шығу тарихы мен түрлері

Хоккей спортының шығу тарихы

Хоккей тарихы

 Хоккей сөзі  ескі француз сөзі «hoquet» -ден алынған. Ол  «Қойшы таяғымен ойнау» деген мағынаны білдірген. Шыбықтың(клюшка) және шайбамен (немесе шар) ойнайтын спорттық командалық ойын. 

Оған ұқсас ойындар XVI ғасырда Голландияда  пайда болған. Ол жерде ойыншылар мұздың үстінде таяқпен допты ұрып-соғып ойнайтын. Содан кейін Англия мен Скандинавияда ұқсас ойындар пайда болды.

Қазіргі хоккей спорттық ойыны Канадада пайда болды. Ол елдегі табиғат  салдарына байланысты жақсы дамыды. Алғашында шайбамен емес басқа ауыр доптармен ойнады. Сонымен қатар ойыншылар саны 50-ден асып кететін.

Хоккей спортының шығу тарихы мен түрлері
https://smotrisport.tv

Хоккей спортының ережесі

1870 жылдары Канададағы шайбалы hockey барлық спорттық іс-шараларға міндетті ойын болды. Хоккейдің бірінші ережелері Монреальдағы Mак-Гилл университетінде студенттер құрады. Бірақ ереже толықтай дайын болған жоқ. Студенттер  қақпаны теки белгілі бір сызықпен белгілеуді жөн көрді.

1879 жылы канадалық УФ. Робертсон hockey ережелерін толықтай тұжырымдады. Сол уақытта резеңкелі шайбаны ойнауға ұсынылды. 1885 жылы Монреальда әуесқой hockey қауымдастығы құрылды. Шайбалы хоккейден ойынның бірінші ресми ережелері  1886 жарияланды. Ол ереже қазіргі уақытқа дейін сақталған. Ереже бойынша командалардың саны өзгерді. 

Ойын ережесі. Ойын әрқайсысы 20 минуттан 3 периодқа(кезеңге) созылады. Егер үш кезеңд жеңімпаз анықталмаса, ойын овертаймға ауысады. Содан кейін буллит ойнатылады. Командалар 6×6 форматта ойнайды. Матчты үш-төрт адамнан тұратын төрешілер тобы басқарады. Айыппұл алған адам   2 минутқа  ойыннан шығады.

Хоккей спортының ережесі
http://zhigerastana.kz

Алғашқы ойын

Хоккейден алғашқы ресми матч Монреальдағы Викториядағы мұз айдынында өтті Бұл ойын 1875 жылдың 3 наурызында болды. Бұл факт жергілікті газет Монреаль газетінде жазылған.1899 жылы әлемдегі тұңғыш мұз айдыны бар hockey стадионы Монреальда салынды. Ол стадион 10000 көрермендерге арналған болды. Сол жылы канадалық әуесқой hockey лигасы құрылды.

1904 жылы Канадада кәсіби хоккей командасы құрылды. Осы команданың ойындарының төрт маусымынан кейін спорт кәсіпқой мен әуесқой болып бөлінді. 19-шы ғасырдың соңында канадалық хоккей Еуропаға  келді. 1914 жылы кәсіби  клубтары ұлттық hockey лигалар (NHL) құрылды. Ал 1908 жылы Ұлыбритания, Богемия, Швейцария, Франция және Бельгия Халықаралық Хоккей Федерациясын құрды (LIH, 1979 жылдан кейін — IIHF). Соңғы жылдары бұл спорттан әйелдер командалары пайда бола бастады. 1998 жылы Олимпиада ойындарына енгізілді.