Харуки Мураками танымал жапондық жазушы, аудармашы

Харуки Мураками танымал жапондық жазушы

Харуки Мураками балалық шағы

Харуки Мураками 1949 жылы 12 қаңтарда Киотода, жапон әдебиетінің мұғалімдері отбасында дүниеге келген. Кейін Харукидің отбасы жапондық Кобе теңіз портына қоныс аударады. Осыдан бастап, оның әлем әдебиетіне деген қызығушылығы ашыла түседі. 1968 жылы Харуки Васеда университетінің театр өнері факультетіне оқуға түседі. Бірақ оны бұл оқу қызықтыра алмағандықтан, институт мұражайындағы сан мыңдаған сценарийлерді оқумен әр күнін өткізеді. Үш жылдан соң бізге есімі ғана белгілі Ёко атты қызбен отау құрады. Мураками студенттік жылдарында соғысқа  қарсы қозғалыстарға белсене араласып, Вьетнамдағы соғысқа ашық қарсы шығады. Сондай-ақ ол Васеда университетін ойдағыдай тәмамдап, қазіргі заманғы драматургия бойынша дәреже алады.

1974 жылы Харуки Токиода “Peter Cat” атты джаз-бар ашып, оны 7 жыл көлемінде басқарады. Өз айтуы бойынша сол жылдары бейсбол матчтарына қызығушылықпен қатысып жүріп, кенеттен, осы күнге дейін өзін жазушы ретінде бірде-бір рет сезініп көрмесе де, роман жазу керегін ойға алған.

Харуки Мураками балалық шағы
https://24smi.org/

Әдебиет жолы

1974 жылы сәуірде оның ойына алғашқы романы “Жел әуеніне құлақ”-ды жазу келгенге ұқсайды. Роман 1979 жылы жарияланып, енді жазып бастаған жас авторларға берілетін ұлттық әдеби сыйлықты иеленеді. Біршама уақыт өткен соң Мураками “Publishers Weekly”-ге берген сұхбатында бұл жұмысын “әлсіз”, “шикі” санайтынын, алайда өзге тілдерге аударылса өкінбейтінін жеткізген. Бұл кітап кейіннен жазылған “Пинбол-73” және “Қойдың ізіне түсу” романдарымен бірге “Тышқан трилогиясын” құрады.

Мураками саяхаттағанды жақсы көреді. Ол Грекия мен Италияны үш жыл кезген соң, АҚШ-қа жол тартып, Пристонда қоныс теуіп, сондағы жергілікті университетте дәріс оқыды. 1980 жылы Харуки иелігіндегі джаз-барды сатып, өз шығармаларынан түсетін қаржымен күн көруді бастайды. 1981 жылы “Қойдың ізіне түсу” романын тәмамдаған соң, тағы бір сыйлыққа қол жеткізеді. Осымен қоймай, осы романы миллиондаған таралымдар мен әлемдік даңқ әпереді. 

Харуки Мураками әдебиет жолы
https://24smi.org/

Танымалдылық

1987 жылы Норвегия орманы романы 2 миллион таралыммен тарайды. Осыдан соң Муракамидың өз халқы алдында даңқы артып, қалтасы да қалыңдай түседі. Бұл роман оның Грекия мен Римге ұзақ саяхаты үстінде жазылған. Оның Жапонияға ғана емес, әлемгее танымал болуына ашқан да дәл осы кітап. Харуки Мураками 1995 жылы өз отанына қайта оралды. Жапон жұрты оның тәржімалауындағы Скотт Фицджеральд, Джон Ирвинг, Раймон Карвер секілді классиктердің шығармаларын өз ана тілдерінде оқып жүр. Ал Муракамидің өзі темекі шегудің доғарып, жүгіру мен жүзуге ден қойған. Бүгінде ол Жапониядағы бір аулыда, өзі қызығып жинаған 40 000 дана музыкалық дисктерін тыңдап, алаңсыз шығармашылықпен айналасып өмір сүріп жатыр.