Халықаралық ғарыш станциясы қалай пайда болды?

Халықаралық ғарыш станциясы қалай пайда болды?

Халықаралық ғарыш станциясы туралы ақпарат

Халықаралық ғарыш станциясы, қысқаша: ХҒС(ағылш. International Space Station, ISS) – көпмақсатты ғарыш зерттеу кешені ретінде басқарылатын орбитальді станция. ХҒС барлығы 15 мемлекет – Бельгия, Бразилия, Ұлыбритания, Дания, Испания, Италия, Канада, Нидерланд, Норвегия, Ресей, АҚШ, Франция, Швейцария, Швеция, Жапония қатынасатын бірлескен халықаралық жоба. 1984 жылы АҚШ резиденті Рональд Рейган америан орбитальді станциясының құрылуы бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарлама жасады.

1988 жылы жобаланып отырған станция «Freedom» («Еркіндік») деп аталды. Бұл уақыттарда АҚШ, ЕКА, Канада, және Жапонияның бірлескен жобасы болды. Орбитаға «Шаттл» корабльдерімен модульдер алма кезек жеткізіліп отырып басқарылатын ірігабариттті станция жоспарланды. 1990 жылдардың бас кезеңіне қарай жоба құрылымының құны тым ауқымды болғандығынан халықаралық кооперацияның ғана мұндай станция құруына мүмкіндігі болатыны білінді. Құру барысында және орбитаға «Салют» орбитальді станциясын, сол сияқты «Мир» станциясын шығаруда, біраз тәжірибе алған КСРО осы уақыттарда «Мир-2» станциясын құруды жоспарлады. Алайда экономикалық қиындықтарға орай жоба тоқтатылған болатын.

Халықаралық ғарыш станциясы туралы ақпарат
https://wallpapercave.com/

Пайда болу тарихы

1992 жылдың 17 маусымында космосты зерттеуде Ресей мен АҚШ келісімге қол қойды. Осыған сәйкес Ресей ғарыш агенттігі мен НАСА «Мир-Шаттл» бірлескен бағдарламасын жасап шығарды. Бұл бағдарлама америка көпмәртелік «Спейс Шаттл» кораблінің Ресей ғарыш «Мир» станциясына ұшуына, Ресей ұшқыштарының американдық шаттлдарэкипажында және американ астронавттарының «Союз» корабльдері мен «Мир» станцияларын бірлесе қолдануды қарастырды.

«Мир-Шаттл» бағдарламасын жүзеге асыру барысында орбиталық станция құрудың ұлттық бағдарламасын біріктіру идеясы туындады. 1993 жылдың наурыз айында РКА директоры Юрий Коптев және «Энергия» НПО генералды конструкторы Юрий Семенов НАСА басшысы Дэниель Голдинге Халықаралық ғарыш станция құру ұсынысын ортаға салды. 

Халықаралық ғарыш станциясы пайда болу тарихы
RTBF.be

Дамуы

2001 жылдың 7 ақпаны «Атлантис» шаттлының экипажымен STS-98 миссиясы барысында «Юнити» модуліне американдық «Дестини» ғылыми модульі жалғанған болатын. 2005 жылдың 18 сәуірі НАСА басшысы Майкл Гриффин ғарыш пен ғылым бойынша сенат комиссиясының тыңдалымында станцияның американдық сегментіндегі ғылыми ізденістерді тоқтатудың қажеті туралы мәлімдеме жасады. (CEV) Жаңа басқарылатын корабль құрылысы мен құрылымына қаражат бөлу қажеттігі туындалды. Жаңа басқарылатын корабль АҚШ-тың станцияға тәуелсіз түрде жеткізілуін 2003 жылы 1 ақпандағы «Колумбияның» 2005 жылдың шілдесіне дейінгі шаттлдардың станцияға ұшуының қайта жандануына апатынан кейін АҚШ-тың ұшуы 2005 жылдың шілдесінде тоқтатылғандықтан, қайта ұшуының қамтамасыз етілу қажеттігі туындады.

2005 жылдың 26 шілдесінде шаттлдар ұшуынан кейін «Дискавери» шаттлының сәтті ұшуымен қайта жанданған болатын. Шаттлдардың қолданылуына дейін 2010 жылға дейін 17 ұшу жоспары жолға қойылды осы ұшулар барысында ХҒС-на станцияның ары қарай құрылысын жетілдірілуіне, құрылым бөлшектерін қайта жетілдіруге ішінара алғанда канадалық манипуляторға қажетті құралдар мен үлгілер жеткізілді. Пайдаланылған ақпарат: https://vk.com/proxima_g