Фотоаппарат қашан және қалай пайда болды?

Фотоаппарат алғашқы

Фотоаппарат туралы жалпы ақпарат

Осы мәселеге қатысты жүргізідген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде фотографияны алғаш ойлап тапқан адам ретіндк француз өнертапқышы Жозеф Нисефор Ньепстің аты аталады. Ол 1765 жылдың 7 наурызында Бургунияның Шалон-сюр-Сон қаласынла ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі XV Людовик патшаның кеңесшісі болса, анасы белгілі заңгердің қызы еді. Шіркеулік дін оқуынды оқыған, одан 1792 жылы төңкерісшілер әскер құрамында болған. Жозеф 1801 туған қаласына оралады. Дәл осы кезден бастап ол ағасы Клодпен бірге әртүрлі зерттеу жұмыстарын қолға алады. Олап алдымен пирелафорды ойлап табады. Бұл іштен жану қозғалтқышы Сена өзенімен жүзетін қайықты жүргізуге қажет болатын. 

Ал 1816 жылы Ньепс фотографиялық бейнелерді алу жұмысымен айналыса бастайды. Алғашында бұл жұмыс үшін күміс тұзы пайдаланады. Ол тұз күндізгі жарық сәулесі түскен кезде қарайып кететін. Бұдан кейін Ньепс негатив жасауды да үйренді. Бірақ күмісті тұзды камерадан алған кезде сурет қарайып кететін. Бұдан соң Ньепс мыстан және әктен жасалған пластинкаларды пайдаланып көрмек болды. Жозеф алғаш рет 1822 жылы «Жайылған дастарқан» атты көріністі суретке түсіріп, шығарады. Ньепс бауыры Клод екеуі әкелерімен мұраға қалған ақшаларының бәрін түрлі өнертапқыштық жұмыстарға жұмсады. Бірақ бұл өнертабыстарының бір де біреуі ағайындыларға байлық әкелмеді. 1829 жылы 64 жасында ауыр сырқатқа шалдыққан Жозеф Ньепс 1833 жылы қайтыс болады.

Жозеф Нисефор Ньепс
https://24smi.org

Фотоаппарат адамзатқа 100 жылдай қызмет етті

Ал пленкалы фотокамерамены ойлап тапқан өнертапқыш Джордж Истмен 1854 жылы 12 шілдеде АҚШ-тың Уотервилль қаласында дүниеге келген. Жалпы, осыған ұқсас өнертабысты бұдан 10 жыл бұрын Лейон Варнерк атты өнертапқыш жасаған екен. Бірақ, ораулы пленканы алғаш патенттеген- Джордж Истмен. Бұл шамамен 1883 жылдар болатын. Ал 1888 жылы ол «Kodak» маркалы алғашқы фотоааппаратты жасап шығарды. Бұл фотоаппарат төрт бұрышты жәшікке ұқсайтын. Ол екі жарым метрден ары қарай қашықтықтағы бейнені тап-таза қылып түсіретін. Фотоаппараттың бір орамдағы пленкасы жүз кадр түсіруге жететін және камераның бағасы 25 доллар еді. «Kodak» деген атты да ол өзі ойлап тапқан екен.

Фотоаппарат
https://www.prokat-foto.com

Жарнамаға барынша мән берген Джордж алғашқы «Kodak» фотоаппаратының жарнама мәтінің өзі жазды. 1888 жылы ол «Сіздер түймені бассаңыздар болды, ал қалғаны біз жасаймыз» деген жарнаманы ойлап тапты. Қызметкерлеріне әлеуметтік жағынан барынша жағдай жасап, қамқор болған Дж.Истмен айықпас дертке шалдығып, 1932 жылы 14 наурызда 77 жасында өзін-өзі жүрек тұсынан атып, мерт болды.

Алғашқы фотосурет

Фотокамерның нүктесін басқан мезетте-ақ суреті дайын болып шығатын «Поларойд» фотокамерасы 1963 жылы пайда болады. Ал, дәл осы «Polaroid» компаниясының негізін салушы, доктор Эдвин Лэнд 1909 жылы АҚШ-тың Бриджпорте қаласында (Коннектикут штаты) дүниеге келген. Оның ата-әжесі Соломоновичтер АҚШ-қа Украинадан 1880 жылдары көшіп келген. Әйгілі Томас Эдисоннан кейін ең көп өнертабыстар (535 өнертабысқа патент алған) жасағаг доктор Лэнд 1963 жылы АҚШ-тың жоғары наградасы – Президенттік Азаттық медаліне ие болады.

Фотоаппарат алғаш суреті
https://bigpicture.ru

1974 жылы электронды астрономиялық телескоп арқылы санды фотоаппаратпен аспан әлемі суретке түсірілсе, қазіргі уақытта санды фотоаппарат пленкалы және жылдам түсіретін «Polaroid» камераларын нарықтан ығыстырып шығаруда.