Фидель Кастро куба революциясының көшбасшысы

Фидель Кастро куба революциясының көшбасшысы

Фидель Кастро балалық шағы

Фидель Кастро 1926 жылы  тамыз күні Кубаның шығысындағы Биран атты қалада қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі кішігірім жер иеленуші, ал анасы аспаз болған. Ата-анасының айтарлықтай білімі болмағандықтан, балаларының барынша оқып, білім алуына жағдай жасаған. Бала Кастро мектеп қабырғасында аса зерек, алғырлығының арқасында өз қатарының үздігі еді. Білімге деген құштарлығымен қатар оның бойында алған бетінен қайтпайтын, өршіл мінезі байқалатын. Он жасында әкесінің плантациясындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысқан. Және сол кезде лидерлердің қатарында болды.

1941 жылы болашақ революционер қаһарманы мектепті үздік аяқтап шығады. Оқуын колледжде жалғастырған Ф.Кастро төбелескіш даңқұмар атымен ұстаздарының есінде қалған. 1945 жылы ол Гавана университетінің заң факультетіне түседі. Студенттік жылдары төңкерістер туралы түрлі кітаптарды оқып, революционерлік рухы ояна бастайды. Сол кезде ол коммунистерге оң көзқараста еді. Тіпті солардың қатарына да өтуге дайын болды. Егер қызылдар оны өз «Сталиндері» ретінде қабылдаса.

Фидель Кастро жас кезі
https://24smi.org/

1950 жылы қолына заңгер дипломын алған Ф.Кастро кедей адамдардың құқықтық мәселелерін шешу үшін жеке конторасын ашады. Болашақ комендате тегін қызмет көрсетумен қатар халық адвокатына айналып, қоғамның қолдауына ие болады.

Саясаттағы соқпақтары

Ф.Кастроның саяси карьерасы революциялық сипатта басталады. Алғашында ол Куба халық партиясының құрамына мүше болып, парламентке өтуге әрекеттенеді. Алайда оның кандидатурасы радикалды ұстанымы үшін өтпей қалады. Сол кезде ол батыл шешімге барып, мемлекет басшысы Фульхенсио Бастистаға қарсы майдан бастап, оның лидеріне айналады. 1953 жылы Ф.Бастистаға саяси қастандық жасайды. Әйтесе де, оның іс-әрекеті сәтсіздікке ұшырап, көптеген серіктері өлтіріледі. Ал өзі болса он бес жылға бас бостандығынан айырылады. Бірақ екі жылдан кейін рақымшылыққа ілінген ол түрмеден босап шығады. 

Бірден Мексикаға қоныс аударып, революциялық «26 шілде Қозғалысы» атты ұйым құрады. Оның қатарына сол заманның белгілі революционері Эрнесто Че Геваро мен Рауль Кастро (Ф.Кастроның туған бауыры) кіреді. Ф.Кастроның отанына оралуы оның және халқының тағдырын мүлдем өзгертеді. Повстанциялық әскері арқылы Гавананы басып алып, Батиста режимін құлатады. Куба қарулы күштерінің бас қолбасшысы атанып, артынша премьер-министр орынтағына жайғасады.

Фидель Кастро саясаттағы соқпақтары
https://24smi.org/

Жарты ғасырлық билік

Жиырма жыл үкімет басында отырған Ф.Кастро мемлекеттік құрылымды қайтадан жасақтап шығады. Экономикалық саладаңы алғашқы жетістіктерге қол жеткізеді. Жаңа басшы, әсіресе әлеуметтік салаға көп көңіл аударады. Халқын тегін медициналық қызметпен қамтып, тұрғындардың 98 пайызы сауаттандырады. Жеке қолдағы компанияларды мемлекет меншігіне қайтарып, КСРО-мен достық қарым-қатынас орнатады. 1962 жылы бостандық араларында КСРО-ның ядролық ракеталары қойылып, АҚШ пен Куба арасы нашарлай түседі. 

Батысқа деген жаулықтан аралда «Кариб дағдарысы» болып, Кастроның көптеген серіктері елден қашып, АҚШ жағына өтеді. Алайда Кба басшысы әлемдегі капитализмге деген қарсы іс-әрекетін жалғастырудан таймайды. Ол Ангола, Ауғанстан, Оңтүстік Йемен, Эфиопия, Сирия, Никарагуа, Ливиядағы революциялық қозғалыстарды қолдап отырды. 80-жылдары КСРО-ның қаржылық көмегі тоқтап, Кубадағы экономикалық өсім мен тұрақтылық әлсірей түседі. Бұл экономикалық дағдарысқа әкеліп, Куба әлемдегі кедей елге айналады. Адамдар түрлі жолдар арқылы өз отандарын тастап, АҚШ-қа қаша бастайды. Кастро режимін құлату үшін оппозициялық күштерде жұмылады.

https://24smi.org/

2006 жылы денсаулығына байланысты жарты ғасыр билік басында болған Ф.Кастро өз орнын туған бауыры Рауль Кастроға босатуға мәжбүр болады. 2008 жылы Р.Кастро толыққанды Куба билеушісіне және де қарулы күштердің бас қолбасшысына айналады.

Қастандықтар мен "өлімдер"

Фидель Кастро биографиясында оған жасалған қастандықтар көп айтылып, көп талқыланады. КСРО-мен серіктестік орнатқан жылдары «америкалық ЦРУ Куба басшысын өлтіруге 600 рет оқталды» деген ақпарат бар. Белгісіз себептермен соңғы сәтте ЦРУ өз дегенінен бас тартса, енді кейбір қауіптердің алдын бостандық аралының арнай агенттері алып отырған. Ф.Кастроны түрлі жағдайда өлтіру жоспарланған-ды. Су астына саят жасау кезінде оны репортерлық камераға орнатылған кішкентай тапаншамен атпақ болған. Тартатын шылымына у да жағылған еді.

1998 жылы Кастро Паркинсон дертіне шалдықты. Кубадан қашып кеткен жергілікті бір дәрігер «саясаткердің тік ішегінде қатерлі ісік бар» деген ақпарат таратты. 1989 жылы «миына қан кетіп, операция жасалды» деген мәліметтер де жарияланған болатын. осындай әңгімелерден кейін кейбір ақпарат құралдары оны «жерлеп» тастады. Бірақ ол үнемі кенеттен ел алдына шығып, барлық алыпқашпа сөздерді жоққа шығарып отырды. 2006 жылы Ф.Кастроның денсаулығы едәуір нашарлап, оның мүшкіл жағдайы мемлекеттік құпияға айналды. Алайда ел басшысының сырқаты ұзақ жасырын бола алмады. Көпшілік одан хабардар еді. Тіпті, ЦРУ-дың баядамаларында да айтылды. 

Фидель Кастро жеке өмірі

Оның өмірінде сүйікті үш әйелі болғаны белгілі. Олардан жеті бала сүйген. Тек біреуі ғана заңды некеден туған. Ол – Фиделито есімді ұл бала. Оның анасы – Мирти Диас Баларт. Миртаның әкесі Батиста үкіметінің министрі болған. Даңқты революционердің екінші әйелі 50-жылдары аты аңызға айналған гаваналық ару – Нати Ревуэльта. Нати дүниеге Алину атты қыз алып келген. Алайда Алину жас кезінде қолдан жасалған испандық паспорт арқылы Кубаны тастап, АҚШ-қа кетіп қалады. Қашқын қыз өз естеліктерінде Делив Сото атты әкесінің сүйіктісінен туған жоқ дегенде бес бауырым бар деп айтқан-ды. Ф.Кастроның үшінші зайыбы – Селия Санчес. Көп жылдар бойы күйеуінің мемлекеттік қызметтегі көмекшісі болған. 1985 жылы өзіне-өзі қол жұмсап өлген.

Фидель Кастро әйелдері
https://24smi.org/

2016 жылы 26 қараша күні Фидель Кастро ұзақ аурудан кейін көз жұмды. Өзінің үкімі бойынша өлген соң денесі өртелді. Кастроның қазасына байланысты Кубада тоғыз күн аза тұтылатыны жарияланады. Ал АҚШ-тың Майзами қаласында мыңдаған бостандық аралының эмигранттары көшеге шығып қарт коммунситің өлімін тойлады. Құрамына Майами қаласы кіретін Флорида штатында 1 миллион астам кубалықтар тұрады. Олар өз шерулерінде: «Жауыз, Ф.Кастро, інің Р.Кастрон өзіңмен алып кет!» деп ұран тастады. Кубаның қазіргі басшысы Р.Кастро 85 жаста.