Уран Күн жүйесіндегі ең суық планетаның бірі

Уран күн жүйесіндегі ең суық планетаның бірі

Уран туралы жалпы мәлімет

Уран өзінің физикалық құрылымы жағынан Нептунмен ұқсас келеді. Әр ғаламшардың көріну беті қоршаған атмосфераның тығыз қабаттары болып табылады. Олар молекулалық сутектен (50 %), гелийден (15%), метаннан (20%) және аммиактан (5%-тен кем емес) тұрады. Олар қанық кезеңде, яғни оның бір бөлігі сұйық және тіпті кристалл күйде болады. Күн сәулесінің қыздыру жағдайына қарай Уран атмосферасының температурасы 220 C жақын болуы тиіс. Алайда,ғаламшарлардың радиосәулесі бойынша Урандыкі 150 С жақын болып шықты және қабатқа тереңдеген сайын ол жоғарылай береді. Бұл осы қойнауларының ыстықтығын білдіреді.

Уранның радиусы 25 700 км-ге массасы 14,6 Жер массасындай, орташа тығыздығы 1,3 г/см^ 3, ал өз осінде айналуы 16 сағ 48 мин жақын. Ғаламшар экваторының жазықтығы оның орбитасы жазықтығымен e = 82 бұрышқа көлбеген, бірақ ғаламшар кері бағытта айналады. Сондықтан оның айналу осінің көлбеулігі 98 градусқа тең саналады. Яғни ғаламшардың полюстері оның периодтық жазықтығынан бар болғаны 8 градусқа алшақ жатыр.

Уран күн жүйесіндегі суық планеталардың бірі
Pikabu.ru

Уран құрылысы

Жер экваторы жазықтығының оның периодының жазықтығына e = 23,26 көлбеу екенін еске түсірейік, сондықтан жыл бойында Күннің қиылысу нүктесі +23,26-тан -23,26-қа дейін өзгереді. 

Тропиктер мен полюстік дөңгелектердің анықтауларын Уранға қолдана отырып, Урандағы тропиктердің ғаламшар бір-бірінен 8 , ал полюстік дөңгелектердің  — оның экваторынан 8 қашық жатқанын оңай білуге болады. Уранның Күн төңірегіндегі 84 Жер жылына тең келетін периодында Күннің қиылысу нүктесі +82-тан -82-қа дейін өзгереді. Күн ғаламшардың +82-тан -82-қа дейінгі ендіктерінде жүйелі түрде төбеден өтеді. Ал полярлық күндер мен түндер полюстен e = 8 ендіктерге дейін қамтылады.

http://spacegid.com/

Зерттеу тарихы

1977 жылдың наурызында және 1978 жылдың сәуірінде Уранның көмескі жұлдыздармен тоғысуы кезінде фотоэлектрлік әдіспен телескоп арқылы көрінбейтін тоғыз қарайған тозаңды сақинасы ашылды. 1986 жылғы қаңтардың 24-нде «Вояджер — 2» автоматты станциясы Уран бетінен 81 000 км қашықтықтан ұшып өтіп оның оныншы сақинасын ашты. Сақиналардың бәрі өте жіңішке, ені 2-ден 5 км-ге дейін, тек біреуінің ені 70 км-ге жақын, ал олардың қалыңдықтары 1 км-ден аспайды. Сақиналар өлшемі 1 метрдей тозаң мен қатты бөлшектерден тұрады.

Сақиналар аралығы жалпақ және ғаламшар төңірегінде оның экваторы жазықтығы бойымен айналады. Ғаламшарға ең жақын, радиусы 42 000 км сақинасы 6 сағ 37 мин, ал ең шеткі радиусы 51 400 км сақинасы 8 сағ 26 мин периодпен айналып шығады. Уранда сақина бар екенін де С.Всехсвятский болжаған болатын.

Сол автоматты станциялар Уранда Жердікінен 1,2 есе бәсең және ғаламшардан оның 18 радиусындай қашықтыққа жайылып жатқан магнит өрісін ашты. Магнит өрісінің осі ғаламшардың айналу осіне шамамен 60 градусқа көлбеген. Уранның радиациялық белдеуі де бар. Ғаламшар атмосферасының тереңінен метан бұлты табылды.

Жақын араға дейін ғаламшардың айналу бағытымен,экватор жазықтығына жақын, шеңбер орбитасымен айналатын бес серігі белгілі болатын. Ең алыс және үлкендігі жағынан екінші болып саналатын  IV  серік Оберон ғаламшардан — 583,4 мың км орташа қашықтықта 13к12,2 сағ, ал олардың ішіндегі ең кішісі, неғұрлым жақын саналатын IV серік Миранда — 129,900 км орташа қашықтықта, 1 күн  11,0 сағ айналып шығады.

Уран күн жүйесіндегі суық планеталардың бірі
http://spacegid.com/

Бірақ 1986 жылдың қаңтарында «Вояджер- 2» 40-тан 170 км-ге дейін тағы 10 серік ашты. Оның үстіне олардың бәрі де Уран төңірегінде Миранда орбитасының ішкі жағында, ғаламшар экваторы жазықтығы бойына жақын тұста айналады. Сөйтіп енді Уранның белгілі серіктерінің саны 15-ке жетті. Ғаламшарға ең жақын XIII серік Корделия оның төңірегінде 49 800 км орташа қашықтықта 8 күн 19 мин периодпен  бір айналып шығады.