Уолт Дисней -«Walt Disney» студиясын құрушы және суретші

Уолт Дисней атақты американдық суретші

Уолт Дисней атақты американдық суретші, режиссер, продюссер болған. Өзін әлемдік даңққа бөлеген Уолт Дисней 65 жылдық ғұмырында артына өшпес із қалдырды. Мультипликация шедеврлері мен сол дәуірдің ең мықты деген фильмдерін өмірге әкелген көркемөнер докторы 29 рет «Оскар» сыйлығын иеленген. АҚШ-тың жоғарғы үкіметтік «Азаттық медалімен» марапатталған.

Уолт Дисней биография

Чикаго қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген болашақ данышпан мультипликатор 4 жасында-ақ сурет салумен айналыса бастайды. Қаламы мен қағазы болмаған ол майлы таяқпен (смола) үнемі үйінің қабырғасын сызғылап жататын. Ал үш жылдан кейін ол өзінің суреттерін көршілеріне сата бастайды. 

Чикагоның у-шуына үйренісе алмаған Уолттың әке-шешесі Миссури штатындағы Марселин қаласына көшеді. Бұл кезде Уолт небәрі жаста болатын. Әкесі Элиас шағын құрылыс бизнесімен айналысса да, бірде бар, бірде жоқ, тапшылық өмір бала Уолтқа да әсер етпей қоймайды. Көп ұзамай олар Канзас-Ситиге көшеді. 

Бұл кезде 8 жасқа толған, әлі буыны беки қоймаған Уолт тым жастығына қарамастан ерте тұрып газет тарататын әрі әкесінің шағын фирмасын жарнамалайтын. Бірақ тапқан табысының барлығын әкесі тартып алушы еді. Ал, газетке жазылушылар пайда болғанда ол әкесінен жасырып, ақша жинай бастады.

Уолт Дисней бала кезі
https://24smi.org

Бұл кезде ол комикс тәрізді суреттерді салуды армандайтын. Бірақ, сурет салуға мүлдем уақыты болмайтын. Оның үстіне қатал әкесі оның сурет салғанын құптамады. Себебі, әкесі «Суретшілердің барлығы қаңғыбас болады» деп есептейтін. Осыған қарамастан, мінезі бірбеткей Уолт Канзас-Ситидің көркемөнер институтында және Чикагоның көркемөнер академиясында білім алады.

Ағасы Роя екеуі алғашқы Дисней студиясын ашады

1919 жылы әскерден Канзас-Сити қаласына оралған Уолт коммерциялық студияның көркемдік жетекшісі болып жұмыс істейді. Дәл сол жерде жас суретші, әріптесі Уба Айверксті кездестіреді. Ойлары бір жерден шыққан суретшілер бірігіп, шағын ғана баспанада «Дисней Айверкс» атты коммерциялық суретшілер студиясын ашады. Олардың бизнестері дөңгелене бастайды. Ең алғашқы екеуі 2 минуттық жарнамалық фильм түсіреді. Бұл фильм тек жергілікті кинотеатрлардан ғана көрсетілендіктен, студияларын Лос-Анджелеске көшіреді. Өйткені, олардың бар ойлары киноөндірісінің отаны Голливудқа сәл де болса жақындау еді.

Бірде «Канзас-Сити Фильм Эд» компаниясының жұмысқа суретші-мультипликатор қабылдайтыны туралы хабарландыруын Уолттың көзі шалып қалады. Диснейдің суреттерін көрген компания директоры оған аптасына 40 доллардан төлейтінін айтады. Бұл Уолт үшін керемет ұсыныс еді, сондықтан бірден келісімін береді. 1920 жылдың ақпанында ол серіктесі Уба Айверкс  екеуі құрған коммерциялық фирмада жұмыс істеуден бас тартып, «Фильм Эд» компаниясына жұмысқа орналасады.

https://24smi.org

Бірақ, бұл жерде де ұзақ тұрақтамайды. Сөйтіп, Уолт Калифорнияға жол тартады. Ол жерден туған ағасы Рояны кезіктіріп, ағасының қоймасынан дүкен ашады. Ал, 1926 жылы өздерінің бала кезден ойлаған армандарына қол жеткізіп, ағасы Роя екеуі Калифорниядағы ең алғашқы Дисней студиясын ашып, анимациялық фильм түсіруге кіріседі.

Уолт Дисней "Микки Маус" мультфильмін қалай құрды?

Уолт тышқаннан қатты қорқатын. Олардың студия қоймаларында да тышқандар өріп жүретін. Бірақ, ол өзінің атын әлемге дәл сол тышқанның жаятынын әлі білмейтін де еді. «Микки Маус» мультфильмін түсіру туралы ол Уолтқа Лос-Анджелестен Нью-Йоркке бара жатқан жолда келеді. 

1927 жылы ағайындыларды алдап, «Освальд – жолы болғыш қоян» мультфильмін экранға шығару құқынан айырғаннан кейін, ол өзінің мультфильміне қызықты кейіпкер іздейді. Осылайша ол көңілді, күш-қайраты тасыған Мортимер атты жаңа кейіпкерін ойлап табады. Бастапқы тышқан біз экраннан көріп жүрген тышқаннан өзгеше болатын, және оның аты Микки емес Мортимер еді. Бұдан соң Лиллиэның ұсынысы бойынша тышқанның аты Микки Маус деп өзгертіледі.

UNNW.Ru

Оның суретін «Дисней» студиясының аниматоры Юб Айверкс салады. Ал фильмді Уолттың өзі дыбыстайды. 1929 жылы түсіріле бастаған «Ақымақ симфониялар» мен «Ақшақар мен жеті ергежейлі» атты әлемдегі бірінші толықметражды мультипликациялық фильмі Уолтқа үлкен жетістік әкелді. Осы мультфильмдерден кейін диснейлік атақты кейіпкерлер – Плуто мен Гуффи пайда болды. Сондай-ақ, Микки Маустың қатысуымен ең алғашқы «Концерт» түрлі түсті фильмі түсірілді.

 1940 жылы «Пикоккио», «Фантазия», 1941 жылы «Дамбо», 1948 жылы «Нағыз шөл дала», «Жоғалмайтын көгалды аймақ», «Африкалық арыстан» фильмдерімен қатар «Робин Гуд», «Қазыналы түбек», «Ақшақар», «Мэри Полпинс» сынды балалар фильмдері де осы уақытта қатар түсіріледі. «Күңқыз, Күлқыз» («Золушка») да Диснейдің классикалық мультфильмдерінің бірі еді.

Диснейленд

http://turist.delfi.ee

Уолт 1955 жылы Калифорнияда балаларға арналған орасан зор «Диснейленд» аттракциондар бағын ашады. Содан соң «Диснейлендтер» Флоридада, Токиода, Парижде ашылады. Бірақ бұл үлкен бастамалардың басы ғана еді. 1965 жылдары Уолт қалалық өмірді жақсарту мәселелеріне көңіл аудара бастайды. Осыдан соң Дисней екі Манхэттен сыятын, бос жатқан 43 шаршы миль жерді сатып алып, онда «Дисней әлемін» ашуды жоспарлайды. Көңіл көтеру орталықтарынан, шипажайдан, қонақ үйден, индустриалды кешендер мен әуежайдан және т.б тұратын «Дисней әлемі» жеті жыл жоспарланып, 52 айдың ішінде салынып бітеді. 1971 жылдың 1-қазанында «Дисней әлемі» келушілерге есігін ашты. Уолт Дисней 1966 жылы өкпе ауруынан кезінде көз жұмды.