Украина халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Украина халқының салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Украина халқы көптеген қызықты салт-дәстүрмен әдет-ғұрыптарға толы. Көбінесе салт-дәстүрлері ата-бабаларының рухы мен христиандық діни дәстүрлермен аралас келеді. Украина елі өзінің тарихы мен мәдениетін сақтап, әрі дамытып келе жатыр. Осы мақалада қызықты салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар  туралы айтамыз.

Украина дәстүрі қоныс тойы

Украиндықтардың тайпалық рәсімдері жүйесінде жаңа үй құрылысына байланысты рәсімдер өте айқын көрінеді. Тұрғын үй құрылысы ұзақ жылдар бойы бақытты және қауіпсіз өмір сүру үшін байланысты маңызды оқиғалардың бірі болды. Жаңа ғимараттың қауіпсіздігіне сенімділік, күш-жігер және сенімділікті қамтамасыз ету ниеті рәсімдерде көрініс тапты.

Қоныс тойының (новоселье) дұрыс өтуіне байланысты,ары қарай отбасының бақытты болуына әсер етеді деген-мыс. Бұл рәсім — ән, мереке, отбасы мүшелері, сондай-ақ ата-ана мен үйдің немесе үйдің құрылысына үлес қосқан басқа да отбасылары қатысатын жиын той.

Рождество

Рождестволық мерекелер кезінде Украинада “колядования” дәстүрі өтеді. Ол балалар үйден үйге барып, үй иелеріне жақсы тілектер тілеп немесе ән айтады,ал үй иелері балаларға әр түрлі тәттілер мен монеталар(монеталар ырым бойынша жыл сайын сәттілік әкеледі деген) береді. Рождество қарсаңында, христиандық дәстүр бойынша 12 жеңіл майсыз тағамдар беру дәстүрі қатаң сақталады. Өткен жылы болған барлық жақсы нәрселерді есте сақтап, бір-біріне жақсы денсаулық пен бақыт тілейді.

Украина салт-дәстүрі рождество
http://www.ukraine-rus.kiev.ua/

Ивана Купала

Ивана Купала ежелгі славяндық мерекелердің бірі. Күн мен түннің теңесуі кезінде, көбінесе жаздыгүні тойланады. Мереке от, су,шөп және т.б. заттарға байланысты ырымдарға толы. Бұл күні тойлаушылар оттан секіріп, қырыққұлақ(папоротник) гүлін іздейді. Таңертең ерте уақытта қыздар мен әйелдер орманға немесе далаға барады. 

Онда олар өздерінің туыстарына және отбасыларына шөптер әзірлейді. Содан кейін оттан секіріп, күйеулеріне гүл шоғынан жасалған бас киімдер дайындайды. Егер бойжеткен қыз тұрмыс құрмаған болса, онда ол өз жасаған гүл шоғын өзен ағынына жібереді. Ескі дәстүр бойынша сол гүл шоғы тоқтаған жерге тұрмыс құруы керек екен. 

Украина халқының салт-дәстүрі. Ивана Купала
https://tv.ua/

Масленица

Масленица — қыстын аяқаталуын және көктемнің келуін тойлайтын мереке. Мереке кезінде міндетті түрде әр түрлі формадағы құймақтар пісірілуі керек. Құймақтың аса маңызды қасиеті бар. Ол күннің ұзаруының және ыстық күндердің келуінің символы болып келеді.

Пасха

Пасха — басты православтік мерекелердің бірі. Бұл күні сенушілердің жандары қуанышқа толы келеді. Сол күні кешке барлығы кешкі қызмет үшін шіркеуге барады. Пасханының мерекелік түскі асы пасхалық “Паски” нанымен басталуы керек. Осы күні барлық православиелік христиандар бір-бірімен құттықтаумен өтеді.

Украина халқының салт-дәстүрі масленица
vidi.in.ua

Украина халқының үйлену тойы

Украиндар үшін отбасы өте маңызды көріністердің бірі. Сондықтан үйлену тойына ерекше назар аударылады. Үйлену тойлары неке қию рәсімінен басталады. Күйеу жігіт қалыңдықтың қолын сұрайға қалыңдықтың отбасына барады. Үйлену тойына бірнеше күн қалғанда дәстүр бойынша “каравай” атты нан тағамы пісірілуі керек. 

Үйлену тойында жас жігіт қалыңдыққа барар кезде одан “қалың мал” сұралады.  Шіркеудің салтанатты рәсімінен кейін дәстүрге сай, қонақтар жастардың үйіне барады. Ал мерекелік түстен кейін қыздың бұрымын(коса шаш үлгісі), тұрмыс құрған әйел екенін көрсету үшін шашты “косынка” түріне өреді. Мерекелік шаралар, ойындар мен әндер келесі күнге дейін жалғасады.