Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар туралы деректер

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар туралы деректер

Тұтылмалы айнымалы жұлдыз дегеніміз не?

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздарды, көбінесе тұтылмалы қосарлы жұлдыздар деп атайды. Бұл шындығында, жарықтары тұрақты болатын компоненттері Жер арқылы өтетін жазықтықта жатқан орбитасы бойымен массаның жалпы центрі төңірегінде айналатын спектрлі қос жұлдыздар болып табылады. Сондықтан тұтылмалы қос жұлдыздардың компоненттері айналу процесінде бір-бірін бақылаушыдан периодты жартылай немесе түгелдей көлегейлейді. Тұтылу болмай тұрған кезде бақылаушыға екі компоненттің де жарығы көрінеді. Ал тұтылу кезінде тұтылдырушы компоненттің көлегейлеуінен жарық азаяды және бақылаушы жұлдыз жарқырауының көмескіленгенін байқайды.

 Айнымалы жұлдыздың көрінетін жарығының өзгеруі жалтырау қисығы деп аталатын график түрінде бейнеленеді. Бұл қисықтың көрінісі айнымалы жұлдыз компоненттерінің өлшемі, пішіні, массасы, жарқырауы мен өзара ара қашықтығына, сондай-ақ олардың орбиталарының созылыңқылығына және бақылаушымен салыстыра қарағандағы бағдарына байланысты. Айнымалы жұлдыздардың жалтырау қисығын зерттеу олардың ішінен ерекшеліктеріне қарай аталатын үш кейіпті айқындап берді.

Түрлері

Біріншісі – Алголь кейіптес айнымалы жұлдыз. Бұл жұлдыздар компоненттерінің пішіндері шар тәрізді, оның үстіне, жұлдыз-серігінің өлшемі үлкен,ал жарқырауы бас жұлдыздікінен аз. Екі компоненттің де температурасы 9000-11000 К-ге жуық ақ түсті,ал серігінің температурасы 5000-8000 К-ге дейін жететін сары түсті жұлдыз болуы мүмкін. Тұтылуы болмай тұрған кезде жұлдыздардың жалтырауы өзгермейді. Серігі көмескілеу бас жұлдыз тұтылған кезде, оның жалтырауы күрт азаяды. Алголь кейіпті түрлі жұлдыздардың айнымалылық периоды мейлінше әр түрлі, 0,2-ден 10000 тәулікке дейін онан да көп. Жалтырау амплитудасы деп аталатын ең үлкен өзгеруі бірнеше жұлдыздық шамаға жетуі мүмкін.

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар түрлері Алголь
youtube.com

Тұтылмалы айнымалы жұлдыздардың екінші түрі – Лирадағы в кейіпті жұлдыздар. Олардың жалтырауы үздіксіз және біркелкі екі жұлдыздық шама аралығында баяу өзгереді. Бас минимумдардың аралығында міндетті түрде қисықтың өркеші кішілеу екінші реттік минимум болады. Айнымалылық периоды – жарты тәуліктен бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұл жұлдыздардың ерекшеліктері де Алголь типтес жұлдыздар сияқты зерттеледі. Лирадағы в кейіпті айнымалы жұлдыздардың комоненттері В және А спектрлі кластағы ірі және ақ түсті алыптарға жататын болып шықты.

Spacegid.com

Қызықты фактілер

Бірақ тұтылмалы қос жұлдыздардың компоненттері өлшемдері және жарқырауы жағынан ұқсас әрі фотосфералары тиердей бір-біріне соншалықты жақын болса, онда жалтырау қисығының екінші минимумы үлкендігі жағынан бас минимумға тең, ал айнымалылық периоды тәуліктен әжептәуір аз болады. Мұндай тұтылмалы қос жұлдыздар Жетіқарақшыдағы  W кейіпті деп, осы шоқжұлдыздың атына ие болды. Оның айнымалылық периоды бар болғаны 8 сағатқа тең. Бұл жұлдыздардың үлкен компоненттерінің бұлайша ғаламат жылдам айналуын көзге елестету қиын. Бұл жұлдыздар F және  G спектерлік класына жатады.