Туретта синдромы туралы жалпы мәліметтер

Туретта синдромы туралы жалпы мәліметтер

Туретта синдромы дегеніміз не?

Tуретта синдромы нейропсихиатриялық бұзылулар тобына жатады. Яғни ми жұмысында кейбір ауытқулар болады. Бұл жағдайда симптомдар моторлық және вербальды беттің тартылуы (тики) түрінде көрінеді. Беттің тартылуы көздің жыпылықтауы, шуылдау және жанасу нысандары сияқты рефлексия қозғалысына ұқсас.

 Туретта синдромына шалдыққан адамдардың 50 пайызы беттік тартылуы мен қатар “балағат” сөздерді оқыстан айтып қалуы мүмкін. Бұл ми жұмысының сөйлеу қабілетіне жауап беретін нейрондардың бұзылуына байланысты. Бұл «Копролалия» деп аталады және туретта синдромынан зардап шеккендердің бәрін де көрінбейді.

Туретта синдромы дегеніміз не?
healthvesti.com

Беттік тартылу әдетте 5-7 жас аралығындағы балаларда кездеседі. Бірақ бұл баланың синдромға шалдыққанын  білдірмейді. Олар уақытша болуы мүмкін және емдеуді қажет етпейді. Tуретта синдромын диагностикалау үшін кем дегенде бір жыл және кем дегенде үш ай үзіліссіз беттік тартылулар пайда болу керек. Ауру көбінесе ер адамдарға әсер етеді және тұқым қуалайды.

Зерттеу тарихы

1885 жылы осы синдроммен ауыратын 9 науқас бойынша баяндама жариялаған француз дәрігері және невропатологы Жорж Жиль де ла Туреттенің есімімен берілген. Сонымен қатар көптеген дәрігерлер бұл ауруды емдеу үлес қосқан.

Туретта синдромы зерттеген ғалым
https://www.researchgate.net/

Олардың бірі  Ж.М.Г.Итар   француз дәрігері туретта синдромының негізін қалаушылардың бірі.1825 жылы Ж.М.Г.Итар, сол кезде Корольдік саңыраулар институтының меңгерушісі болғанда  француз тілінде мақалалар жариялаған. (Mémoire sur quelques fonctions involontaires des appareils de la locomotion, de la préhension et de la voix). Ол мақалада синдромның 10 жағдайын сипаттады. 

 1861 жылы А.Труссо Туретта синдромын зерттеуге маңызды үлес қосты. Ол клиникалық медицина және терапия саласын зерттей отырып синдромды сипаттаған.

Емдеу жолдары

Туретта синдромымен өмір сүру жаңа ғана мектепке баратын балалар үшін қиынға соғуы мүмкін. Беттік тартылудан басқа, концентрацияға байланысты қиындықтар туу мүмкін және гиперактивтілік пен дислексия жиі кездеседі.

 Көптеген балаларда есейген сайын синдром белгілері азайып немесе жоғалады. Егер бұлай болмаса, көптеген адамдар қадағалауға тырысады. Ауруға қарамастан, адамдардың көпшілігі қоғамға жақсы бейімделген. Бұл ауру тұқым қуалайды. Сондықтан жастайынан емдеген дұрыс.

liveinternet.ru

Қосымша қолдаудан басқа, дәрі-дәрмек және когнитивті мінез-құлық терапиясы синдромды емдеуге көмектеседі. Сондай-ақ науқасқа көмектесу үшін сізге қолдау көрсету және оқыту қажет болуы мүмкін.