Трансформатор қалай және қашан пайда болды?

Трансформатор қалай және қашан пайда болды?

Трансформатор дегеніміз не?

Трансформатор — кернеулі айнымалы токты жиілігін өзгертпей басқа кернеулі айнымалы токқа түрлендіретін статикалық электрмагниттік құрылғы. Ол оқшауланған сым арқылы рамаға оралған катушкалардан (орамдардан) тұрады. Катушкалар арнайы болат пластиналардан жасалып және магнит өткізгіште орналастырылған. Ол сондай-ақ үлкен қашықтықта электр энергиясын жабдықтайтын негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Трансформатордың жұмыс істеу негізін 1831 жылы Майкл Фарадей ашты. Ғалым электромагниттік индукция заңын ойлап тапты. Майкл Фарадей электромагниттік өріс теориясын құрушы ғалым

Трансформатор дегеніміз не?
tech.wikireading.ru

Пайда болу тарихы

Француз өнертапқышы Г.Румкорф алғашқы трансформатордың прототипін және индукциялық катушканы 1852 жылы жасады. Катушканың арқасында ол жоғары кернеу токының ауытқуына ие болды. Тұрақты тоқты әрдайым айнымал тоққа түрлендіру кезінде ауытқулар болмау үшін өнертапқыш ажыратқышты ойлап тапты. Екінші реттік орамдағы қысқа тұйықталу кезіндегі кернеу бастапқы орамдағы кернеуге қарағанда бірнеше есе жоғары.

 Осы еселік қатынас барлық орамдарға әсер етеді. Әрдайым жоғары орамдағы кернеу төменгі орамға қарағанда көбірек болады. Ажыратқыштың рөлінде серіппелі пластина болды. Ол катушкалардың білігінен(сердечник) тартылған тізбекті ажыратты. Индукциялық катушкалардың практикалық қолдануы 1870-ші жылдары  болды. Трансформатор өнертабысына өз үлесін қосқан ғалым П.Н.Яблочков.  1876 жылдың 30 қарашасында П.Н.Яблочков ашық катушкалардың білігі бар трансформаторға патент алды.

 1882 жылы өнертапқыштар Голяр және Гиббс трансформаторды патенттеді. Сонымен қатар осы трансформатор кернеуді түрлендіруге өте қолайлы еді. Көптеген қалалар Голяр мен Гиббс өнертабысын қолданы. Көп ұзамай қайталама және бастапқы катушкаларды бір білікті орналастыру арқылы тиімділікті жоғарылату және энергия шығындарын азайту мүмкіндігі бар екендігін атап өтілді.

Трансформатор пайда болу тарихы
Multiring.ru

Трансформатор дамуы

Тұйықталған трансформаторды 1884 жылы  ағайынды Гопкинсонтар жасады. Біліктің корпусы оқшаулағыш материалмен, болат жолақтар немесе сымдардан жасалған. Бұл энергия шығынын азайтуға көмектесті. Білікке жоғары және төменгі кернеулер тізбектеліп жіберілді.

 1885 жылы электрик инженер Дери трансформаторларды коммутацияға параллельді тәсілмен қосуды патенттеді. Бұл бір фазалық трансформаторлардың жаппай өндірісінің басы болды. 80-жылдардың аяғында Свинберн ойлап тапқан трансформатор майын салқындату әдісі арқасында орамдардың сенімділігі артты.

https://ru.wikipedia.org/

1889 жылы орыс ғалымы Доливо-Добровольский үшфазалы трансформатор жүйесін ұсынды. Және алғашқы үш фазалық трансформаторды ойлап тапты. Бір жазықтықта орналасқан үш фазалы трансформатордың параллельді шыбықтары бар дизайн өте табысты болды. Бүгінгі күнге дейін елеулі өзгерістерсіз сақталды. Трансформаторлар бүгінгі күні күнделікті өмірде және өнеркәсіпте кеңінен қолданылуда. Қуат электр трансформаторлары электр желілері бойынша үлкен қашықтыққа ауыспалы ток береді. Теледидар, радио, телефон, компьютер және т.б. барлығы трансформатордың көмегімен жұмыс істейді.