Томас Эдисон ең танымал үздік өнертапқыш

Томас Эдисон

Томас Эдисон балалық шағы

Томастың анасы “балам неге қызықса,сонымен айналыссын” деп шешеді. Ол әкесінің жолын қуса,дипломның керегі жоқ.Егер ғалым болғысы келсе,емтиханды өзі тапсырар. Ең бастысы,Томас көп нәрсеге қызығады.Ал мұғалімдердің адамды жалықтыратын дауысын тыңдау міндетті емес деген байламға келеді.

Анасы Томасты қолынан жетектеп қалашықтың орталық кітапханасына апарады.Сол кезден бастап Томас Эдисон күні бойы кітапханадан шықпайтын болады. Ол тоғыз жасында-ақ өте байыпты ғылыми кітапттарды оқитын. Ол оқыған кітаптарды одан басқа қалада ешкім білмейтін де еді. Барлық ғылымдардың ішінен Эдисонға химия ұнайтын.

Өйткені,кітаптарда жазылған химиялық тәжірбиелерді үйде қацталауға болатын еді. Бақша өнімдері пісе бастағаннан Эдисон көкөністерді екі дөңгелекті арбаға тиеп алып,вокзалға апарып сататын. Тапқан ақшасына дәріханадан химиялық реактивтер мен колбалар сатып алады. Көп ұзамай-ақ ол жүзден аса рекативтер мен колбаны жертөледегі сөрелерге жинап қойды. Осылайша тәжірбиеден соң тәжірбие жасаумен болды. Ол екі түрлі түссіз сұйықтықты қосып, қызыл тұсті сұйықтық алатын. Мыс тиынды басқа сұйықтыққа салып қойып,бір минуттан кейіг күміс тиын жасап алатын.

Томас Эдисон жас кезі
https://24smi.org

10 жасар кәсіпкер

Жаңа тәжірбиелер үшін Томасқа жаңа реактивтер қажет болды,бірақ,оның ақшасы таусылған еді. Осылайша ол теміржолда газет сатушы болып жұмыс істейді. Олардың қалашықтарынан таң азанмен жүретін пойыз Детройт деген үлкен қалаға баратын.

 Томас Эдисон таңғы сағат 6-да тұрып, екі жүз шақырым жердегі Детройт қаласына барып,сондағы редакциядан жүз газет сатып алып,қайтар жолда сататын. Үйіне түнгі 11-де келген Томас таңертенмен қайта жолға шығатын. Осылай ол тәжірбиелеріне ақша жинайтын. Газеттердң ел қуана-қуана алатын еді. Ол,уақытта радио да,теледидар да болмаған. 

Мемлекетте маңызды оқиға болғанда Томас Эдисон өзінің таныс телеграфшысына баратын. Ол болса әр стансыларға қысқаша телеграмма жіберетін. Осылайша жаңалықты газеттен оқығысы келгендер Томасты әр стансада күтіп тұратын. Мұндай кездері Эдисон бірнеше жүз газет сататын.Көп ұзамай оның ісі алға басады. Қолы жүргені соншалық қалашықтағы вокзалдан екі шағын дүкен ашып,екі баланы жұмысқа жалдайды.Балалардың біреуі газет,екіншісі әртүрлі тәтті тағамдар,жемістер сатады.

Сіздің балаңызды түсінбеймін. Ол әлі ойын баласы ғой,ал ол болса жүгіріп жүріп жұмыс істейді. Сонда ол тапқан табысын қайда жұмсайды? – деп сұрайтын көршілері Томастың анасынан.

 —Түсініксіз ештеңесі жоқ. Ол тапқан ақшасына ғылыми кітаптар мен тәжірбие жасайтын құралдар сатып алады,- дейтін анасы олардың сұрағына.

Томас Эдисон жас кезі
https://24smi.org

12 жасар газет шығарушы

Бір күні Томас Эдисон ескі-құсқы,бұзылған баспахана станогын сатып алады. Оны өзі жөндеп, газет шығармақ болады. Ол пойыз бастығымен келісіп,пошта вагонының бір бөлігін жалға алады. Вагонға Эдисонның досы Пульман сөрелер жасап береді.Кейін осы Пульмаан әйгілі Пульман вагондарын ойлап табады.

 Енді Детройттағы таныс телеграфшыдан жаңалықтарды естіп алған, дереу вагонына жүгіріп келіп,мақаланы жазып,оны теріп,бірден басып шығаратын болды. Бұл – әлемдегі пойызда басылған ең алғашқы газет еді. Ағаш кесушілер,ағаш тілетін жұмысшылар,фермерлер 12 жасар бала шығарған газетті сатып алу үшін әр стансада пойызды тосып тұратын.

Себебі, онда ең соңғы жаңалықтар жарияланатын еді.Ал газеттің бас редакторы Т.А.Эдисон деп жазылып тұратын. Түнге қарай  ғылыми кітаптарды оқып,тәжірбиелер жасауды жалғастыра берді.Енді ол электр қуаты мен телеграфқа қызыға бастайды.Қазір өз өмірімізді жарықсыз немесе байлансы құралынсыз елестету мүмкін емес.Ал ол кезде көп адамдар оның не екенін түсінбейтін.

15 жасар телеграф жасаушы

Бір күні Маунт-Клеменс стансасында күндегідей газет сатып жүрген Томас бір қорқынышты жағдайға тап болады. Пойыздан ағытылған вагон рельстермен баяу жылдып бара жатыр.Ал рельс үстіндегі құмда станса бастығының кішкентай баласы ойнап отырған. Вокзалдағы адамдар мұнф көріп тілдері байланып,аңқайып қалады. Сәл ғана уақыттан соң вагон баланы басып кетпек.Дәл осы сәтте Эдисон көтерген газеттерін тастай салып,вагонмен жарыса жөнеледі.Осылайша ол баланы басып кетуге сәл қалғанда оны құтқарып үлгереді.

— Сен менің баламды өлімнен құтқардың,-дейді станса бастығы баласының аман қалғанына қатты қуанып.

 — Саған қалай алғыс айтарымды білмей тұрмын! Мен соншалықты бай адам емеспін.Бірақ қолымдағының бәрін саған беруге дайынмын,-дейді.Маған телеграфта жұмыс істеуді үйретіңізші,-дейді Томас Эдисон.

 — Әрине,мен сағат үйретенмін. Мұны өзім де жақында меңгердім,-дейді қуанған станса бастығы. Осылайша,көп ұзамай жұмыс істейтінін түсінеді.Сөйтіп өзінің телеграфын жасайды. Бірақ телеграф электр қуатынсыз жұмыс істей алмайтын. Ол кезде әлі қалада жарық болмаған еді.Мұны да кейінірек Эдисон ойлап тапты.

Томас Эдисон электірлік лампа
https://24smi.org

Томас Эдисон Зертханасы

Ол Америкадағы ең мықты телеграфшы болады. Содан кейін ол телеграф аппаратын,телефон,сосын дауыс жазатын аппарат – фонографты ойлап табады. Бала Эдисон ақшаны тәжірбиелер жасау үшін табатын.Өсе келе ол біраз ақша жинап,үлкен жер телімін сатып алады. Ол жерге әйгілі Эдисон зертханасын салады. Онымен бірге осы зертханада көптеген дарынды жас өнертапқыштар жұмыс істейді.Кейін Эдисон электр қуатымен айналысады. Сөйтіп бүкіл Америкада электр шамдары жанады. 

Сол шамдарды,өшіргіштерді,трансформаторларды және электр тоғының өтуіне қажетті құралдардың бәрін  Эдисон ойлап табады. Оған қоса ол электр пойызын ойлап шығарады. Бірінші электр пойызы оның зертханасының айналасында жүреді.Эдисон ойлап тапқан құралдар қазір барлық үйде кездеседі. Оның адамзатқа аса пайдалы өнертабысы біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетті.