Таиланд елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Таиланд елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары

Таиланд мемлекеті  үнділік, қытай, кхмер және батыс өркениет элементтері араласып,өзінің ерекше мәдениеті қалыптасқан. Шығыс еліне  сәйкес келетін экзотикалық салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары бар. Сол туралы осы мақалада айтамыз.

Таиланд елі және буддизм діні

Таиландтықтар күнделікті және қоғамдық өмірін буддизммен тығыз байланыстырады. Таиландта буддизм — ресми мемлекеттік дін. Сонымен қатар бұл елдің тұрғындарының көпшілігі буддизм ережелерін ұстануға тырысады. Буддисттік рәсімдерді барлық жерде байқауға болады. Мысалы:

Таңертең ерте адамдар садақа жинайтын ғибадатханаларға барады.

Дәстүр бойынша 20 жасқа толған әрбір жас адам Будданың ілімдерін түсіну үшін ғибадатханаға келуге тиіс.

Әйелдер үшін ерікті негізде ғибадатханаларда көмекші рөлін ақтару керек.

Таиланд елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары
https://www.thailand-trip.org/

Отбасы және үй

Таиланд халқы үшін отбасы және  үй әрдайым өмірдегі басты нәрселердің бірі. Дәстүр бойынша үйдің алдыңғы есіктері шығысқа қарай бағытталуы керек. Сонымен қоса шығысқа қарай бастарын қаратып ұйықтайды. Үйдің қасында  түрлі-түсті ленталармен безендірілген қылшақтарды көруге болады.

Олардың қойылуының себебі үйге жақсы көңіл-күй шақырады екен. Кеңселерде, дүкендерде, үйлерде және де басқа жерлерге қойылады. Таиландтықтар осылайша өз үйлерін, жамандықтан қорғайды.

Үйге кіргенде, әркім өз аяқ-киімін шешіп, үй иесінің аяқ-киімінің жанына қалдырады. Ырым бойынша табалдырықты басуға болмайды. Ежелгі уақытта отбасының қайтыс болған адамының күлін табалдырыққа орналастырған.

Таиланд елінің салт-дәстүрі отбасы туралы
https://www.thailand-trip.org/

Амандасу рәсімі

Таиландтықтар қол беріп амандаспайды. Оның орнына алақандарын бірге қосып бастарын иіп тағзым етеді. Балаға былай сәлемдесуге болмайды. Баланың басынан сипау тек қана ата-анасына құқылы. 

Ырым бойынша туған кезде қорғаншы Хванның рухы баланың басына қоныстанған деп есептеледі. Баланың басына қол тигізуге тырысу бұл рухты қорлау және бұл қимыл бақытсыздыққа әкелуі мүмкін.

Таиланд елінің салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдары
https://www.thailand-trip.org/

Таиланд халқының ұлттық киімдері

Қазіргі кезде  Таиландықтар еуропалық киім үлгісін киеді. Ал ұлттық киімдерін  көбінесе мереке кезінде қолданады. Таиландтық ұлттық костюмдер жібек және мақта талшықтары, ашық түстерден тұрады. 

ХХ ғасырдың ортасына дейін ерлер мен әйелдер «панунг» киіп жүрді. Ол белдемесіне оралған шүберек және аяқтар арасында өткізіп, белбеудің артқы жағына бекітілді. Ерлерге арналған костюмнің үстіңгі бөлігі күртеше сияқты болды. Ал әйелдер оның орнына шарф байлады. Сонымен қатар бір немесе екі иығын ашық қалдыратын.

Бүгінгі дәстүрлі әйелдер киімі — тар юбка (Passin) және күртеше. Юбка үш бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігі кең белдеуге ұқсайды. Оның төменгі жағы күрделі өрнектермен безендірілген. Көбінесе екі немесе үш мата түрлері қолданылады.

https://www.thailand-trip.org/

Тату салу

Тату салу — Таиланд елінің дәстүрлерінің бірі. Елде тату салудың бірнеше стильдер бар. Таиландықтар үшін  тату бұл тұмар болып саналады. Сол арқылы тату олардың ойынша «сәттілікке, денсаулыққа әкелетін сиқырлы имидж және жағымсыз әсерден қорғайды» екен.

Таиланд елінде алғашқы татулар салына бастады. Монахтар ғибадатханаларда жүріп  тату суреттерін сала алады. Олардың әдет-ғұрыптары бойынша кез келген адам тату салуы керек.

https://www.thailand-trip.org

Массаж

Таиланд елінің массаж өнері  бұл нақты әсерлерге назар аударатын ерекше бағыт. Ол Үндістан мен Қытайдың ежелгі мәдениеттерінің әсерінен қалыптасты. Зерттеудің заманауи жүйесі адам ағзасының табиғатын сақтау және практикадан өткізу арқылы жасалды.

Массаждың екі негізгі түрі бар: жалпы (тығыз байланыс) және корольдік. Корольдік массаж кезінде емдеуші науқасқа қолын өте сирек тигізеді. Таиланд елінің массажы  бүкіл әлемге танымал.