Стивен Хокинг ұлы ғалым, физик және математик

Стивен Хокинг ұлы ғалым,физик және математик

Стивен Хокинг балалық шағы

Стивен Хокинг (Стивен Уильям Хокинг) 1942 жылы 8 қаңтарда Ұлыбританияның Оксфорд қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі Фрэнк ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. Анасы Изабель медициналық мекеменің хатшысы болып, жұбайымен бірге жұмыс істеген. Стивен Хокингтің екі қарындасы және өгей інісі болды. Мектепті бітірген соң, Стивен Оксфорд университетіне түсіп, 1962 жылы бакалавр дәрежесін алды. 1966 жылы Кембридж университетіндегі Тринити-Холл колледжінің философия ғылымының докторы болды.

Cтивен балалық шағында ешқандай аурулардан зардап шеккен жоқ. Бірақ 1960 жылдардың басында Хокинг амиотрофикалық склероздың алғашқы белгілерімен кездеседі. Аурудың белгілері үлкен жылдамдықпен дамыды. Нәтижесінде оны сал ауруына (параличке) әкеледі. Мүгедектік арбасына байланған Стивен физика ғылымындағы жұмыс жалғастырды. Жас ғалым өмірі үшін әр минут сайын шайқасты. 1974 жылы Корольдік қоғамының тұрақты мүшесі болды.

Стивен Хокинг балалық шағы
https://24smi.org/

1985 жылы Стивен Хокинг пневмония ауруына байланысты көмейіне ота жасалды. Бірақ содан кейін ғалым сөйлеу қабілетін жоғалтты. Ғалымның достары және кембридж университетінің инженерлері оған арнайы сөйлеу синтезаторын жасап шығарды.

Ғылым жолы

Стивен Хокинг космология және кванттық гравитация саласымен айналысқан. Ғалым термоядинамикалық процестерді зерттеді. (қара құрдым және қара материя т.б.). 1974 жылы Стивен және тағы бір танымал ғалым Kип Торн “Аққу X-1” ғарыш объектісінің табиғаты мен оның сәулеленуін талқылады. Стивен, өз зерттеулеріне қайшы келіп, бұл зат қара құрдым емес екенін айтты. Дегенмен, ғалымның зерттеулері дұрыс болып шықты. Ең қызықтысы ғалымдардың бәстескен жүлдесі еді. Стивен Хокинг жүлдеге өзінің жыл сайынғы «Penthouse» эротикалық журналын, ал Кип Торн «Private eye» әзіл-оспақ журналының төрт жылдық жазылымын қойды.

Ғалым ғылым саласындағы басқа да жетістіктерімен қатар, бүкіл әлемге танымал бірнеше кітаптар жазды. Оның алғашқы жұмысы 1988 жылы жарық көрген «уақыттың қысқаша тарихы» атты ғылыми-көпшілік әдебиеті болды. Қазіргі күнге дейін бестселлер болып табылады.

https://24smi.org/

Ғалым сонымен қатар «Қара құрдым және жас ғаламдар», «Әлем жаңғақ тәрізді» кітаптарының авторы болды. 2005 жылы ол жазушы Леонард Млодновпен бірлесіп, «Уақыттың қысқа тарихы» атты тағы бір кітабын жазды. Ғалым және оны қызы 2006 жылы «Джордж және Әлемнің құпиялары» атты балаларға арналған кітапты басып шығарды.

Стивен Хокинг жеке өмірі

1965 жылы қайырымдылық кеште ғалым Джейн Уайлд атты қызбен кездескен. Біраз уақыттан кейін жастар үйленді. Отбасында екі ұлы мен жалғыз қызы болды. Бірақ оған қарамастан 1991 жылы жұп ажырасып кетті. Ажырасудың ресми себептері жария етілмеді. 1995 жылы ғалымға көптен бері қамқорлық жасаған Элайн Мэйсон есімді мейірбике үйленді. Он бір жылдық некеден кейін Хокинг ажырасып кетті.

Стивен Хокинг жеке өмірі
https://24smi.org/

Ғалым құдайдың бар екендігі туралы кез келген теорияны қабылдамады. (атеист болған). Ғалымның саяси көзқарасы лейбористтік деп есептеледі. Хоккинг 76 жасында 2018 жылы 14 наурызда түнде Кембридждегі үйінде көз жұмды. Отбасы олардың қайғысы туралы мәлімдеме жасады. 

Қызықты фактілер

1998 жылдың аяғында ғалым келесі мыңжылдықтағы адамзат тағдыры туралы егжей-тегжейлі ғылыми болжам жасады. Ғалымның болжамдары оптимисттік болды. 2015 жылы жас режиссерлердің көрнекті Голливуд актеры Эдди Редмайн ойнаған «Стефен Хокингтің Әлемі» атты толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті.