Сидней опера театры туралы қызықты ақпарат

Сидней опера театры туралы қызықты ақпарат

Сидней опера театры тарихы

Сидней опера теарты әлемдегі ең танымал және ең ерекше ғимараттардың бірі. ХХ ғасырдың ортасына дейін Аустралияда (әсіресе Сидней қаласында) опера театры жоқ еді. Сидней симфониялық оркестрінде жаңа бас дирижері Юджин Гусенс опера театрын құру идеясын ұсынады. Бірақ опера театрын құру қала үшін ең басты мақсаттардың бірі емес еді. Сол уақытта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мемлекет алдында басқа маңызды жобалар болды.

1954 жылы Сидней опера театрының құрылысына қаражат жинала бастады. Қаражат жинау 1975 жылға дейін созылды. Жалпы 100 миллион доллар көлемінде ақша жиналды. Болашақ ғимараттың орны болып мыс Беннелонг Пойнт болып тағайындалды. Алғашында опера және балет спектакльдеріне, сондай-ақ симфониялық музыкаларға арналған, үш мыңға жуық адамды орналастыру керек еді. Екіншіден, драмалық және камералық музыкаға 1200 адам қажет.

Құрылыс 1959 жылы басталды. Құрылыс кезінде көптеген қиындықтар туындады. Үкімет бөлмелердің санын екіден төртке дейін арттыруды талап етті. Құрылыстың жалпы құны 102 млн. аустралиялық долларды құрады. 1973 жылы 28 қыркүйекте Сидней опера театры өз қақпаларын ашты. Алғашқы қойылым С. Прокофьевтің «Соғыс және бейбітшілік» операсы болды. Ресми ашылу рәсімі 20 қазанда  Елизавета II қатысуымен өтті.

Сидней опера театры тарихы
fotovarka.ru

Сипаттамасы

Австралиядағы опера театры, ең алдымен, классикалық стильде жасалған. Осыған ұқсас типтегі басқа құрылымдардан айырмашылығы экспрессионизмнің жарқын көрінісі болып табылады. Сидней опера театры үш жақтан сумен қоршалған және тіреулер арқылы тұрғызылған. Театр алаңы 22 мың шаршы метрді құрайды: оның ұзындығы 185 м, ені 120 м. Ғимараттың ішінде көптеген театр залдары, шағын студиялар мен театр алаңдары, сондай-ақ мейрамханалар, барлар мен дүкендер орналасқан.

Негізгі бөлмелердің саны төртеу. Олар:

1.Концерт залы. 2679 көрерменді сыйдыра алатын ең үлкен театр бөлмесі. Мұнда әлемдегі ең үлкен орган(музыкалық аспап) орнатылған: ол 10 мың құбырдан тұрады;

2.Опера театры. бұл залға 1507 көрермендер сыя алады. Оның сахнасында тек опера ғана емес, сонымен бірге балет те көруге болады;

3.Драма театр. 544 адамға арналған;

5.Кіші драмалық көріністер. 398 адамға есептелген және операның ең ыңғайлы ғимараты болып саналады;

Сидней опера театры тарихы
https://awesomeworld.ru/

Сиднейдегі опера театрының ең керемет бөлігі оның шатыры мен желкендері. Шатырдың биіктігі 67 м, диаметрі 150 м, 2 мыңнан астам секциялардан тұрады. Салмағы 30 тоннаны құрайды. Конструкция жалпы ұзындығы 350 км болатын металл кабельдермен бекітілген. Басқа желкендер кішігірім бөлмелердің үстінде орналасқан және мейрамханалардың ең кіші жағында орналасқан.