Сатурн Күн жүйесіндегі сақиналы ғаламшар

Сатурн планетасы

Сатурн планетасының құрылысы

Сатурн ғаламшары басқа ғаламшарға қарағанда Юпитерге ұқсас келеді. Оның массасы Жер массасынан 95 есе, экваторлық радиусы Жер радиусынан 9,5 ес асып түседі. Сатурндағы тарту күшінің үдеуі Жердікінен 1,15 есеге артып түседі. Ал ең жоғары жылдамдық секундына 37 км-ге жетеді. Ғаламшардың құрылысының газ тәрізді екенін оның 0,69 г/см^3 -қа тең шамалы орташа тығыздығы көрсетеді.

Сатурн энергияны Күннен Жерге қарағанда 92 есе аз алады. Сонымен бірге осы энергияның 45%-ін шағылдырады. Сондықтан оның жоғары қабаттарындағы температура — 190 С -қа жуық болуы тиіс еді. Бірақ ол 170 С -қа жақын.

Юпитерге қарағанда магнит өрісі мен радиациялық белдеуінің нашарлығы Сатурнның радиосәулесі айтарлықтай аз екенін көрсетеді. Бұл 1979 жылғы қыркүйектің1-нде Сатурнның бетінен 21400 км қашықтықтан ұшып өткен «Пионер-11» автоматты станциясымен тұжырымдалды.Станция осі ғаламшардың айналу осімен сәйкес келетін магнит өрісін тапты. Радиациялық белдеуі енді жолақтарға бөлінген, электрмен зарядталмаған бөлшектері бар бірнеше аймақтан тұрады.

Сатурн планетасының орбитасы
http://mks-onlain.ru

Сатурн серіктері

Сатурн кесеккөлденеңдері 34-тен 5150 км-ге жететін 17 серігі ашылды. Юпитердікі сияқты бұл серіктер де ашылуларына қарай нөмірленген. Юпитер туралы мына мақаладан Юпитер Күн жүйесіндегі ең алып ғаламшар оқи аласыз. Ірі серіктері шар тәрізді келеді. Ең үлкен,алтыншы серік — Титан мектеп телескопынан көрінеді. Ол диаметрі жағынан Айдан бір жарым есеге жуық үлкен,тығыз азот атмосферасымен қоршалған. Сатурнның төңірегінде 1 221 900 км орташа қашықтықта 15 күн 22 сағат 48 минутта бір айналып шығады. Ғаламшарға ең жақын XVII Атлас серігінің диаметрі 40 км, ол ғаламшардан 137 70 км орташа қашықтықта 14  сағат 27 минутта периодпен айналып шығады.

Автоматты станциялармен алынған суреттері ірі серіктерінің бетінде аумағы әр түрлі толып жатқан қазаншұңқырлар бар екенін көрсетті. Мәселен, бірінші серігі Мимастағы(390 км) ең үлкен қазаншұңқырдың диаметрі 130 км,ал үшінші серік Тефийде диаметрі — 400 км-ге жуықтайды. Қазаншұңқырлардың басым көпшілгі соққыдан пайда болған.

Сатурнның барлық серіктері оның төңірегінде ілгері қарайғы бағытта айналады. Тек ең алыс, ғаламшардан 13 млн. км-ге жуық қашықтықтағы тоғызыншы серігі Феба(диаметрі 220 км) кері қарай айналады және 530 тәулікте бір орбитамен орап шығады.

Сатурн және оның серіктері
http://top-formula.net

Ғаламшарды зерттеген ғалымдар

Сатурнның 1656 жылы нидерланды физигі Х. Гюйгенс (1629-1695) ашқан сақинасы бар. Дәлірек айтқанда, концентрлі жеті жіңішке жазық сақинасы бар. Олар бір-бірінен қоңырқай аралықпен бөлінген және ғаламшар төңірегінде оның экваторы жазығында айналады. Шағын телескоптан оның тек екі сақинасы мен қоңырқай аралығы көрінеді. 

Осы екі аралық 1675 жылы ашұан француз астрономы Д.Кассини(1625-1712) атымен Кассини саңылауы деп аталады. А әрпімен белгіленген сыртқы сақина өзінен Кассини саңылауымен бөлінген В сақинасынан гөрі көмескі, оның ішкі жағында өзінің көмескілігіне байланысты торғын деп аталған және тек қуатты телескопқа көрінетін үшінші С сақинасы бар. Ол  В сақинасынан 1943 жылы француз астрономы О. Дольфюс болжап айтқан және «Пионер — 11» ашқан Максвелл сызығымен бөлініп орналасқан. Бұл  сақиналардың сыртқы және ішкі радиустары 138 000 және 120 000 км(A). 116 000 және 90 000 км(В),89 000 және 72 000 км-ге(C) тең.

Сатурн Кассини саңылауы
https://tvzvezda.ru

1895 жылдың өзінде Ресейде А.А. Белопольский (1854-1934) және АҚШ-та Килер (1857-1900) сақиналардың ғаламшар төңірегінде Кеплердің үшінші заңына сәйкес айналатынын тұжырымдады. А сақинасының сыртқы жиегі секундына 16,6 км (айналу периоды 14 сағ 30 мин). Ал В сақинасының ішкі жиегі секундына 20,5 км (айналу периоды 7  сағ 42 мин) жылдамдықпен айналады. Бұл сақинаның тұтас емес, метеориттік құрылымды,яғни бірнеше сантиметрден 1-2 м-ге дейінгі әр түрлі  көлемдегі жыпырлаған қатты заттардың бөлшектерінен тұратынын дәлелдейді.

«Вояджер — 1» берген суреттер ғаламшар сақиналарының толық құрылымын көрсетеді. Олар жіңішке аралықтармен бөлінген жүздеген жіңішке сақиналардан тұрады. Сақиналардың қалыңдықтары 2 км-ден аспайды.

Өзінің кеңістіктегі бағытын сақтай отырып, әрбір 14,7 жылда Сатурнның Күн төңірегіндегі айналу периодының жартысы сақина Жерге бір қырынан қарайды және көрінбейді. Тек олардың көлеңкелері жіңішке қарайған жолақ болып ғаламшардың бетіне түседі. Бұл құбылыс сақиналардың жоғалуы деп аталады.Оның соңғы жоғалуы 2009 жылы болды.Бұл құбылыс әр 14-15 жылда қайталанып отырады.